Пәні Қазақстан тарихы Мұғалімнің аты-жөні



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі24,11 Kb.
#130377
түріОқулық
  1   2
Байланысты:
2 сабақ Қазақстандағы ұлттық автономиялар (1)


Пәні

Қазақстан тарихы

Мұғалімнің аты-жөні

Сейлбекова А.Н.

Оқулық

Алматы «Атамұра» 2019. Кабульдинов З https://okulyk.kz/istoriya/411/#



Мерзімі

21.11.2023

Сабақ тақырыбы

§ 12 Қазақстандағы ұлттық автономиялар (2 сағат)
Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

Оқу мақсаты

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

Бағалау критериі

  • Алаш автономиясы мен Түркістан автономиясының саяси құрылымын сипаттайды

  • Алаш автономиясы мен Түркістан автономиясының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды

  • Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға береді;



Іс-әрекет реті

Ресурстар

Білу түсіну

Бұл сабақта не білеміз?

  1. Алаш автономиясы және Түркістан автономиясының саяси құрылымы мен идеясын анықтаймыз

  2. Алаш автономиясы және Түркістан автономиясының маңыздылығын бағалаймыз

Маңызды ақпарат

Алаш автономиясы 1917жылы 5-12 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Екінші жалпықазақ съезінде құрылған қазақ халқының ұлттық-аумақтық мемлекеттілігі 1917-1920 ж.
Түркістан автономиясы 1917 жылы қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым


Дәріс


1917 жылы қарашада өткен 14 ші Өлкелік төтенше мұсылман орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылданды. Автономия үкіметін көрнекті қоғам-қайраткері М.Тынышбаев, кейін М. Шоқай басқарды. М. Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады. Алайда большевиктер ұлттық үкіметтің өмір сүруімен келіскісі келмеді. Орталық Азия аумағында ұлттық мемлекттілікті құрудың алғашқы әрекеті қайғылы аяқталды. 1918 жылдың 29 қаңтарында жазалау отряды қаланы басып алып, тонады. Жергілікті халықты қырғынға ұшыратты


Алаш қозғалысы 1917 ж соныңда партиялық құрылыс мәселесінен ұлттық автономия құру әрекетіне көшті. Большевиктермен жүргізілген келісім нәтиже бермеді, өйткені Алаш қайраткерлері пролетариат диктатурасы мен тап күресі идеясын қолдамады. Большевиктер ұлттық мемлекеттердің құрылуынан ғана емес, түркі халықтарының бірігуінен сақтанды.
1917 жылы желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Екінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды. Съезд Алаш атауымен қазақ автономиялық үкіметінің құрылғаны жөнінде мәлімдеді. Алашорда деген атпен Уақытша халықтық кеңес үкіметі құрылғаны айтылды. Орталығы Семей қаласы болып жарияланды. 1920 жылы 9 наурызда Алаш үкіметін тарату туралы жарлық шықты

Тапсырмалар

Тапсырмаларды орындау алгоритімі

Оқулық пен бейнематериалдағы ақпартты пайдаланып тапсырмаларды ретімен орындаңыз


Тапсырма №1 Венн диаграмма арқылы Алашорда мен Түркістан автономиясын салыстырады.



Алашорда

Ұқсастығы

Түркістан автономиясын












Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет