Формативті бағалаудың әдістеріне талдау жасаңыз Формативті (Қалыптастырушы) бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға,
қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
Қалыптастырушы бағалау – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін үздіксіз жүргізілетін бағалау түрі. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті, әр сабақта, ауызша, жазбаша, жоба қорғау түрінде қолданылады. Қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушының оқу мақсаттарына жету процесін бақылауға, оқу процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, ал оқушыға – өзінің білімі үшін жауапты екенін сезінуге итермелейді.
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. ҚБ ажырамас элементі мұғалімтарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал,диалог, әңгімелесу және т.б.) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын меңгеруі, сыныпта диалогті қолданумәдениетін дамытуы маңызды.
2
Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесін сипаттаңыз
Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.
ЛИДЕР/КӨШБАСШЫ (LEADER):
Топқа бағыт-бағдар беріп, мақсатқа жетелеп отырады. Соңғы нәтиженің қандай болу керектігін үнемі еске салып, топтың барлық мүшелерінің ой-пікірлерін тыңдайды. Өзінің сезімдерін білдіріп басқалардың да сездімдерін байқап отырады. Талқылау барысында әрбір топ мүшесінің өз даусы болғанын қамтамасыз етеді. Ұсынылған идеяға байланысты нақтылы фактілер мен анықтамалар беруді сұрайды.
TIME-KEEPER (ТАЙМ-КИПЕР):
Берілген уақыт пен сөз сөйлеу регламентін бақылап отырады. 30 секунд бұрын сөйлеп тұрған спикерлерге уақыттың аяқталып қалғандығы туралы белгі береді.
ХАТШЫ (SCRIBE):
Топтың шешімімен қабылданып, мақұлданған ақпарат туралы жазып отырады. Топтың барлық мүшелері ұсынған идеялар мен пікірлер туралы ескертулер мен белгілер жазып отырады.
ДИЗАЙНЕР (DESIGNER):
Топтың барлық мүшелерін ілтипатпен сыңдайды. Жоба-презентацияның безендірілуіне жауап беріп, оған түрлі ақпарат енгізеді және интернет ресурстармен (түрлі сайттар, суреттерді іріктеу, анимациялар жасау, т.б.)
СПИКЕР (SPEAKER):
Жоба-презентацияны қорғайды. Тыңдаушыларғы негізгі идеяны жеткізіп, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады.Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды.
3
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалаудың әдістемесін талдаңыз
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.
Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат» деп атайды. «8–9 жас аралығындағы талантты да дарынды оқушыларға арналған жеделдете оқыту жоспары» атты арнайы зерттеудің нәтижесінде ағылшын тілі мен математикадан бір жыл бұрын емтихан тапсыру мектепте талантты да дарынды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және дамытуда тиімді әдіс болғандығын дәлелдеді.
Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс.