Пәні: Бағалаудың өлшемдік технологиялары



бет2/18
Дата18.01.2023
өлшемі174,67 Kb.
#61750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
сессия бөт Аяу Азат (копия) (копия)

1 билет 1 сұрақ

2

Критериалды бағалау ұғымын анықтау және оның оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлін түсіндіріңіз

Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.


Оқу қызметінің құрама бөлігі ретінде бағалауға қатысты мәселер көп және оның себептері жан-жақгы екендігі баршамызға әдебиеттерден белгілі. Псих-пед әдебиеттерде бағалауды оқушының жеке түлғалық сапасының және оның оқу қызметінің нәтижелерінің көрсеткіші ретінде түсіну кеңінен көрсетілетін нәтиже. Оқушының оқу қызметінің бағасы келесі түрлерде бола алады: аз түрлер (мимика, қол қимылы, дауыс ырғағы, үлгерім нәтижелнрі бойынша қысқа ескертулер); - оқушының жалпы сипаттамасы – сөзбен бағалау (оқушымен жеке сөйлескенде, ата-аналар жиналысында); жекелей түрде алғанда мектептің ішкі тәртібімен қарастырылған басқа формаларда.

3

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау әдістемесін түсіндіріңіз
1 билет 3 сұрақ


№3

Сұрақтар/тапсырма

1

Тест оқыту нəтижелерін бағалау құралы ретінде атқаратын рөлі қандай? Талдаңыз
Тест деген не? ТЕСТ (англ. test) — сынау, тексеру, талдау. «Тест» – психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу. Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.
Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімінің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады. Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың білімдеріндегі оқулықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Бірақ тесттердің көмегімен оқушылардың шығармашылық дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тесттерді тексерудің барлық басқа түрлері мен тәжірибелік, семенар сабақтар, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушылардың нақты даярлық дәрежесін көре аламыз.



2

Биология сабағында жиынтық бағалауға мысал келтіріңіз

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының


мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта,жалпы орта) жүргізіледі.Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді
мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.



3

Критериалды бағалаудың құрылымын талдаңыз

Бағалаудың критериалды жүйесі формативтік бағалаудан (ағымдағы бағалаулар) және қорытынды бағалаудан (оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша бағалау, тоқсандық және жылдық қорытынды бағалау) тұрады. Тоқсандық бағаны және оқушының қорытынды жұмыстары үшін бағаны қою барысында оның формативтік бағалары ескерілмейді.


Қорытынды бағалау оқу тақырыбының бөлімін оқып болған соң білімнің және оқу дағдыларының қалыптасудеңгейін анықтауға арналған. Қорытынды бағалау әр түрлі қорытынды жұмыстардың (тесттер, бақылау жұмыстары) нәтижелері бойынша жүргізіледі.



№4

Сұрақтар/тапсырма

1

Бағалау жүйесінің тарихи дамуы. Бағалаудың өлшемдеріне түсінік беріңіз

Бағалау – білім беру үрдісіндегі қажет басты құрама бөліктердің бірі. Бұл үрдісте оқытушы окушының ағымдағы және қорытынды үлгерімі туралы ақпаратгы жинақтайды және талдайды. Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына (мектептің әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар) түсінікті болуы керек.


Бағалау жүйесі – бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістіктерін өлшеудің негізгі құралы. Сонымен қатар бағалау – алынған нәтижелерді және жоспарланған мақсаттарды салыстыру үрдісі.

2

Қалыптастырушы бағалау үдерісін талдаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет