3
|
Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісін түсіндіріңіз
ТЖБ оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. ТЖБ тоқсан соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. ТЖБ-тексеру жұмыстарын әр
түрлі өткізу қарастырылады. ТЖБ жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. ТЖБ уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.
ТЖБ материалдарын білім алушылар
жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет.
|