Білімді ағымды жəне мерзімді бақылау үшін тапсырмалар құрастырыңыз
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
2
Топта сауалнама жүргізу. Жұмыстың нəтижесін талқылаңыз
Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама — сауал арқылы бұқаралық әдіспен материал жинау. Сауал кімге жолданған болса, сол сұраққа жазбаша жауап береді.Топта сауалнама жүргізу арқылы әрбір білімгердің сабаққа деген ой-пікірін,көзқарасын білуе болады. 1 билет 2сұрақ
3
Қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) әдісін түсіндіріңіз 1 билет примерно
№16
Сұрақтар/тапсырма
1
БҰТ жүргізу үшін тесттер дайындаңыз
1.Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер?
А пластид В нуклеотид С АТф Д лейкопласт Е хромолейкоцит
2.Жасуша құрамындағы су мөлшері
A) 30 % B) 1 %. C) 70%- 80 %. D) 5 %. E) 20 %.
3. Тұқым қуалайтын белгіні ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші:
A) Цитоплазма. B) Митохондриялар. C) Лизосомалар. D) Хромосомалар. E) Вакуоль.
4. Сыртқы ортаның әр түрлі факторларына организмнің жауап қайтаруы.
А)өсу В) көбею С) ырғақтылық Д) тітіркенгіштік Е)өздігінен реттелу
5.Патша балығы» деп аталатын балық
A) кета B) латимерия C) бахтах D) ақбалық E) қылқа
6. Бүйректің ішкі қабатының түсі
A) бозғылт B) ақ C) алқызыл D) күлгін E) қоңырқай
7. Жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді қоймалжың тірі зат
A) вакуоль B) ядрошық C) ядро D) цитоплазма E) пластид
8. Балықтардың бүйір сызығы
A) Денесін қалыпты ұстауға көмектеседі B) Дене тепе-теңдігін сақтайды C) Су ағысының күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді D) Жылдам жүзу әрекеттерін реттейді E) Жан-жағына бұрылады
9. Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері
A) 4,5 -5л B) 2,2 л-3,2 C) 7,8 л-10л D) 7 -9л E) 7,1 л-8,1
10. Саңырауқұлақтар дүниесін зерттейді
A) Цитология B) Зоология C) Микология D) Физиология E) Генетика
2
Мектеп бітірушілер үшін жасалған тапсырмалар құрылымын талқылаңыз
ҰБТ— ҚР қолданылатын мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. ҰБТ-ның нәтижесі жалпы және орта білім ұйымдары бойынша мемлекеттік аттестацияның қорытындысы ретінде есептеледі, ал қабылдау емтиханы ретінде колледждермен, ЖОО-мен есептелінеді.
Оқушының Қазақстан университеттеріне түсу мүмкіншілігі (грант және ақылы бөлім) және қорытынды аттестатының бағасы оның ҰБТ-да алған баллдардың санына байланысты болады. ҰБТ-ның баллдары тағы «Болашақ» атты президенттік шәкіртақы (стипендия) алуға мүмкіндік береді.
3
Блум Таксономиясын қолданып, сабақ жоспарын құрастыру.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары.
Сабақтың мақсаты: Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары туралы түсінік беру.
Табыс критерийлері:
1. Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары талдап, түсіне алады.
2. Г.Мендельдің заңдарына берілген есептерді шығара алады.
3. Топта, жұпта ынтымақтаса жұмыс жасай алады.
Ресурстар: интерактивті тақта, плакат, электрондық оқулық, флипчарт қағазы, маркер
Әдіс-тәсілдер: шыңға шығу, кинометафра, сөздер сөйлейді, «3-2-1» сыни тұрғыдан ойлану, топтық жұмыс, бірігіп есеп шығару.
Ұйымдастыру кезеңі 3мин
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Топқа бөлу. Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.
Топқа бөлінеді. 1 топ. Мендельдің І-ші заңы 2 топ. Мендельдің ІІ-ші заңы 3 топ. Моногибридті будандастыру Топ басшысын сайлайды
Білу 5 мин
Оқып келген білімдерін пайдалану. Шыңға шығу әдісі арқылы сұрау. 1. Генетика ғылымы нені зерттейді? 2. Тұқым қуалаушылық? 3. Өзгергіштік? 4. Генетика терминің ұсынған ғалым? 5. Тұқым қуалаушылықты дәлелдеу үшін Г.Мендель қандай еңбек жазды. Оқушылар кезектесіп жауап береді. Өз ойларын еркін айтады. Топ басшысы бағалап отырады.
Түсіну 10 мин
Видео ролик арқылы мағынасын ашып, сұрақтарға жауап беру.
Қолдану 7 мин Теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Талдау 5 мин Генетикалық шартты белгілерді білу.
♂- Ұрпақтары
Х- Гомозиготалы рецессивті А- Ата-ана
а - Шағылыстыру Аа- Доминантты АА – Гетерозиготалы
Қорытынды
№17
Сұрақтар/тапсырма
1
Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық–педагогикалық негіздерін талқылаңыз
Бағалардың әрқайсысы өзіндік психологиялық ерекшеліктерге ие. Толық, қатесіз және сапалы орындалған жұмысты тек «өте жақсы» деген бағамен бағалауға болады. Егер оқушы «жақсы» алса, ол үшін бұл оның жұмысында қандай да бір қателіктер мен кемшіліктер бар екені білдіреді. Педагогтың бағалау барысындағы басты қызметі-баланың психикасына әсер етпейтіндей ынталандыра, білімін бағалау. Баға оқушы өміріне елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін. Сол себепті бағалар көтермелеу және жазалау жүйесінде жүріп отырады. Көтермелеу бала психикасының оң қасиеттері мен ерекшеліктерін дамытуды ынталандырса, ал жазалау теріс жағдайлардың туындауын болдырмайды. Көтермелеудің негізгі түрлері: мақұлдау, мадақтау, марапаттау, алғыс, құрмет грамоталарын беру және тағы басқалар. Бағалау әсерінен балаларда өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі сияқты маңызды қасиеттер қалыптасады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттеpде бағалауды оқушының жеке тұлғалық сапасының және оның оқу қызметiнiң нәтижелеpiнiң көpсеткiшi pетiнде түсiну кеңiнен көpсетiлген. Бағалау қызметінің басты функциясы-білім беру сапасын арттыру. Критериалды бағалаудың практикалық маңыздылығы келесі артықшылықтармен анықталады:
Бағалаудың бұл түрі оқушыларға: Бақылау-бағалау қызметінің тәсілдерін меңгеруге; Өзін-өзі және құрдастарын бағалай отырып, рефлексияға қатысуға; Білімді нақты есептерді шешу үшін қолдану, әртүрлі көзқарастарды білдіру, сыни ойлауға баулиды. Бағалаудың бұл түрі ата-аналарға: Баланың оқу деңгейінің дәлелдемесін алуға; Баланы оқытудағы прогресті қадағалауға; Оқу барысында балаға қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге; Оқыту барысында мұғалім, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнатуға бейімдейді.
2
Кембридж тəсілімен оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығын түсіндіріңіз
Ұлыбританияның негізгі университеттерінің бірі Кембридж Университетінің оқытушылары,Қазақстанның алдыңғы қатарлы Назарбаев Университетінің оқытушылары мен Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің бірлесіп Білім саласында жасалған жаңа бағдарлама – ол Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі педагогтердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын енгізді. Ол Кембридж технологиясы. Кез-келген мұғалім үнемі ізденісте болады. Соның арқасында ол әрқашанда өзінің құзіреттілігін көтеру үшін, сабақ өткізу барысында үнемі жаңа технологияларды үйреніп, қолданып отырады. Оқу кезінде келесідей модульдер болады:
1)Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер.
2)Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3)Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4)Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5)Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6)Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7)Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Жеті модульдың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушылар бірін-бірі бағалау барысында олар дамиды, оқуы және уәжі туралы түсінік қалыптасады. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау-оқушыларға күнделікті қойылатын бағалар, жиынтық бағалау.
Жиынтық бағалау-оқытуды бағалау. Жиынтық бағалау формативті яғни күнделікті қойылған бағаның жиынтығы.
Сабақ беруде мұғалім міндетті түрде оқушының қабілетін, деңгейін ескеру қажет. Оқушыларға тапсырманы өздері таңдап орындауға мүмкіндік беру. Сонда ғана баланың дарын мен таланты ашылады.
3
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру қалай жүреді? Талдаңыз