Пәні бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы пму ұс н


Тапсырманы орындауға методикалық нұсқаулар (қысқаша)



бет10/17
Дата26.04.2023
өлшемі296,5 Kb.
#87288
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
175616 (1)

Тапсырманы орындауға методикалық нұсқаулар (қысқаша): тапсырмалар бойынша конспект дайындап баяндау.
Әдебиет: [1-12].


11 тақырып: Шаршаудың биохимиялық негіздері
Жоспар:
1. Шаршаудың дамуына әкеп соғатын биохимиялық өзгерістер: қуат көздері қорларының төмендеуі, ағзаның ішкі ортасының гомеостаз қызметін пластикалық қамтамасыз етудің бұзылуы; «жұмысшы» алмасу өнімдерімен ферментативті белсенділіктің төмендеуі; зат алмасу процестерінің жүйкелі және гормоналді реттелуінің өзгерістері.
2. Шаршаудың дамуындағы орталық және шеткі факторлар маңызы.
Тапсырма:
1. Шаршаудың әртүрлі көріністерінің биохимиялық сипаты.
2. Шаршау күйінің биохимиялық белгілері.
Тапсырманы орындауға методикалық нұсқаулар (қысқаша): тапсырмалар бойынша конспект дайындап баяндау.
Әдебиет: [1-12].


12 тақырып: Бұлшық ет қызметінен кейін тынығу кезеңіндегі ағзадағы биохимиялық өзгерістер.
Жоспар:
1. Бұлшық ет қызметінен кейін тынығу кезеңіндегі биохимиялық процестер барысының ерекшеліктері.
2. Ыдырау және қайта түзілу процестерінің өзара байланысы.
3. Қайта қалпына келу процестері үшін липидтерді қуат көзі ретінде қолдану.
Тапсырма:
1. Оттектік борышты «өтеудегі» биохимиялық процестер. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі түзілген зат алмасудың аралық өнімдерін жою. Оттектік борыш көлемінің жұмыс кезіндегі анаэробты өзгерістер мөлшерімен ара қатынасы.
2. Зат алмасудың анаболиттік сатысы. Ыдырау және қайта түзілу процестерінің өзара байланысы. Қайта қалпына келудің біркелкі болмауы. Бұлшық ет жұмысы кезінде ыдырайтын заттардың қайта түзілу реті.
Тапсырманы орындауға методикалық нұсқаулар (қысқаша): тапсырмалар бойынша конспект дайындап баяндау.
Әдебиет: [1-12].


13 тақырып: Спортшы қимыл сапаларының биохимиялық сипаты.
Жоспар:
1. Спортшының күш шапшандық сапаларының биохимиялық негіздері.
2. Спортшы төзімділігінің биохимиялық негіздері.
Тапсырма:
1. Бұлшық ет күші және құрылымдық факторлар. Жиырылудың күші, жылдамдығы және қарқыны арасындағы байланыстың биохимиялық негіздері.
2. Спортшының шапшандық – күш қасиетін дамыту кезінде бұлшық еттер және жүйке талшықтарындағы биохимиялық және құрылымдық өзгерістер.
3. Спортшы бұлшық етінің максималды күшін, бұлшық ет салмағын және жылдамдық қасиетін арттыруға бағытталған шынығу әдістерінің биохимиялық ерекшеліктері.
4. Спортшылардың төзімділігін анықтайтын биохимиялық факторлар. Төзімділіктің алактатты, гликолитті және аэробты компоненттері. Төзімділіктің ерекше көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет