4. Білімге, біліктілікке, дағдыларға және құзырлыққа талаптар Пәннің оқу барысында студенттер білуі керек:
биохимиялық зерттеулерінің объектері, статикалық жəне динамикалық биохимия, қазіргі замаңғы биохимияның жалпы проблемалары, нуклеин қышқылдарының ролі, жасушадағы зат алмасу жайлы түсініктері болу;
белок биосинтезі, негізгі кезеңдерін, белок биосинтезіндегі ДНҚ жəне РНҚ қызметтерін, рибосома, құрылымы, клеткадағы қызметі, геном, ген, кодон; белоктық инженерияның негізгі принциптері; липидтер, жалпы қасиеттері; витаминдер, құрылысы, қасиеттері, клеткадағы биологиялық қызметі; зат алмасу, жалпы зандылығы жайлы білу.
биотехнологияның тәжірибелік сұрақтарын шешу үшін, әсіресе жеке инженерлі энзимологияда және басқа пәндерді (молекулярлы биология, молекулярлы генетика, физиология) игеруде «Биохимия» курсы бойынша өз білімдерін пайдала білу;
органикалық қосылыстардың функционалды топтарын, әртүрлі класстардың табиғи органикалық қосылыстарын идентификациялау, ферменттермен жұмыс жасау жайлы дағдылар болу.