Пәні бойынша Дәріс кешені №1 дәріс. Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншік



бет10/19
Дата07.01.2022
өлшемі79,8 Kb.
#20041
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
проблемалары

3.1 Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әлемдік жүйенің


жағдайы және оның даму үрдістері

      Жүз жылға жуық тарихы бар әлемдік патенттік жүйені құру адамзаттың ең керемет жетістіктерінің бірі деп айтуға әбден болады. Қазіргі өнертабыс патенттерінің алғы үлгісі болып табылатын бірінші факультативтік артықшылықтардың пайда болуы орта ғасырлардың соңына келеді. XVIII ғасырдың соңынан басталған патенттік құқықтың дамуындағы жаңа кезең бірінші облигаторлық патенттердің пайда болуымен сипатталады. Осы кезеңнің эволюциясы, шын мәнінде, патенттік жүйенің негізгі қағидаларын белгілейтін, өнертапқыш пен мемлекет арасындағы мәмілені құрайтын 1877 жылғы герман Патент Заңының шығуымен аяқталды, оған сәйкес өнертапқыш өзі шығарған, жалпы жұрттың назарына жарияланатын жаңалығының мәнін ашады және осылайша ғылыми-техникалық прогресті ынталандырады. Оның орнына мемлекет өнертапқышқа осы жаңалықты белгілі бір мерзімде, белгіленген бір аумақта пайдалануға монопольдық құқық береді.


      Әлемдік патент жүйесінің ХХ-ХХІ ғасырлардағы ең жаңа тарихында басқа мемлекеттерде кейіннен шыққан заңдар әлде де классикалық патент құқығының қалыптасқан нормаларын түбегейлі өзгерте алатындай ешбір жаңа идеяны енгізген жоқ. Осыған қарамастан, әлемдік патенттік жүйе Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясын қабылдаған сәттен бастап даму жолында және бүгінгі таңда барынша жаһанданған болып табылады.
      Өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық саласындағы 20-дан астам келісім қазіргі заманғы халықаралық зияткерлік меншік жүйесінің негізі болып табылады, олардың ішіндегі мейлінше маңыздылары мыналар:
      1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж Конвенциясы;
      1944 жылғы 15 сәуірдегі Зияткерлік меншік құқықтарының сауда-саттық аспектілері жөніндегі келісім (бұдан әрі - ТРИПС Келісімі);
      1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
      1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шарт (бұдан әрі - РСТ шарты);
      1958 жылғы 31 қазандағы Тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі;
      1961 жылғы 2 желтоқсандағы Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау туралы халықаралық конвенция (бұдан әрі - УПОВ конвенциясы);
      1968 жылғы 8 қазанда Локарнода қол қойылған Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық сыныптамасын құру туралы Локарно келісімі;
      1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде және 1977 жылғы 13 мамырда Женевада қайта қаралған, 1957 жылғы 15 маусымдағы Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімі;
      1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі;
      1925 жылғы 6 қарашадағы Өнеркәсіп үлгілерін депозиттеу туралы Гаага келісімі.
      Бұл шарттар әрбір елдегі Зияткерлік меншікті қорғаудың халықаралық деңгейде келісілген негізгі стандарттарын белгілейді. Бірақ жеделдетілген техникалық прогресс пен сауданы жаһандандыру қысқа мерзім ішінде жаңа өнертабыстар мен көптеген елдерде тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер болып табылатын коммерциялық құндылығы бар активтерді қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді құру қажеттілігін туғызады. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Өнертабыстарды, тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді қамтитын төрт шарты: Патенттік кооперация туралы шарт, Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі, Тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі, Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депозитке салу туралы Гаага келісімі бір халықаралық тіркеу немесе берілген өтінім қатысушы мемлекеттердің кез келгенінде күшін сақтайтындай жағдайды қамтамасыз етеді. Қазақстандық өтінім берушілерге, сонымен бірге осы өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау сұралатын барлық елдерде өтінімдерді оңайлатылған тәртіппен беру мүмкіндігі берілген.
      1970 жылы құрылған ДЗМҰ сәйкес жағдайларда кез келген басқа халықаралық ұйымдармен өзара әрекет жасау және мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы зияткерлік меншікті қорғауға көмектесуге шақырылған, сондай-ақ Париж одағы мүшелерінің қол қойған бірнеше шарттарының шеңберінде сонымен қатар Париж және Берн конвенцияларының шеңберінде құрылған одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ететін Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) жүйесінің мамандандырылған халықаралық ұйымы болып табылады.
      ДЗМҰ әкімшілік ететін халықаралық келісімдерден басқа, зияткерлік меншік саласындағы елдердің ынтымақтастығы мынадай аймақтық ұйымдар аясында жүзеге асырылады:

  1. Еуропалық патенттік ұйым (ЕПҰ);

  2. Еуразиялық патенттік ұйым (ЕАПҰ);

  3. Африка зияткерлік меншік ұйымы (ОАРИ);

  4. Африка аймақтық өнеркәсіптік меншік ұйымы (АRІРО).

      Сонымен қатар, Дүниежүзілік сауда ұйымы шегінде (бұдан әрі - ДСҰ) жасалған ТРИПС келісімі әлемдік зияткерлік меншікті қорғау жүйесінде аса маңыздысы болып табылады. Бұл Келісім зияткерлік меншік құқықтарының барлық дәстүрлі түрлерін - авторлық құқықтарды, сабақтас құқықтарды, өнеркәсіптік меншік құқықтарын және жабық коммерциялық ақпараттар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. ТРИПС келісімі осы келісімге қатысушы барлық елдер үшін міндетті ең төменгі стандарттарды белгілейді.


      Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңдар толығымен ТРИПС Келісімінің нормаларына сәйкестендірілді деуге болады.

      Соңғы кезде белсенді дамып келе жатқан экономикалық байланыстарды жаһандандыру және халықаралық сауданы одан әрі ырықтандыру инновациялардың және олардың әлемдік нарықта сенімді құқықтық қорғалу қажеттілігін күшейте түсіп, бәсекелестік сайысты шиеленістіре түсті. Ол өз кезегінде жалпы зияткерлік меншікті және әсіресе өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғау жүйесінің рөлін арттырады, өйткені соңғысы өнеркәсіптік меншік зерттеулер мен өңдемелердің нәтижелерін қорғауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, ғылыми-техникалық дамуды ынталандырады. Жапония, АҚШ, Австралия, Қытай сияқты алдыңғы қатарлы әлемдік державалар зияткерлік меншікті қорғау саласында XXI ғасырға арналған өзіндік стратегияларын қабылдаған. Мысалы, Ұлыбритания мен АҚШ-та олар басқыншылық. Олардың мәні өнертабыстардың көпшілігін басқа елдерде, көбінесе дамушы елдерде тіркеуде. Бұл стратегия ертеңгі тауарлар және қызметтер нарығын жабуға және өзіндік технологияларды ілгері тартуға көмектеседі. Осындай зияткерлік экспансияның мүмкін болуына мемлекеттік протекционизм саясаты қосымша күш береді. Жапонияның осы саладағы стратегиялық бағдарламасы "зияткерлік меншікке негізделген ұлтты қалыптастыруға" бағытталған.


      1985 жылдан бастап экономикалық дамыған елдердің шетелге жіберетін өтінімдер ағынының елеулі өсуі белгіленеді. 2001 жылғы деректер бойынша АҚШ шетелдік патенттеуі ең жоғары деңгейдегі ел болып табылады, жалпы әлемдік ағында американдық өтініш білдірушілерден келіп түскен өтінімдер үлесі 28 % құрайды. Жапон және Германия фирмалары өз үлестерін өсіруде, олар тиісінше 14,3% және 19%-ға ие, келесі орында Ұлыбритания мен Франция.
      РТС Шарты бойынша берілетін өтінімдер статистикасы мына кестеде ұсынылады

7 дәріс Патенттік-ақпараттық зерттеулер. Бәсекелестікке қабілетті өнімдер өндіруде патенттік құжаттарды қолдану.

Өзгеге беру шартын тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген  нысандағы өтініш ұсынылады.   Өтінішке:

1) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын, титулдық парақпен жабдықталған, өзгеге беру шартының төрт дана түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған қағаз пломбамен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе соған уәкілеттік берілген екі тарап тұлғаларының не өтініш берушінің қолдары қойылады.


      Өзгеге беру шарты түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
      2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда – сенімхат;

3) мемлекеттік бажды  төлегенін растайтын құжат қоса беріледі.


      Ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімін ұсынады.

      Өтiнiш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы өтінішке қоса беріледі.       Өтiнiш бiр өзгеге беру шартына қатысты болуға тиiс.


      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкілетті органға шарт құжаттарын өз атынан берген жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдері арқылы жүзеге асырады.
      Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде шартты тiркеуге байланысты құқықты патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілсіз жүзеге асыра алады.
     Өтініш беруші тіркеуге арналған құжаттар тізбесін ұсынғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың болуы және оларға белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі, қорғалатын құжатты өзгеге беру шартының өтінішке қоса берілетін материалдарында сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге төлем есебі беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзім сараптама жасау ұйымына төлем келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
      Өзгеге беру шартының қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында өзгеге беру шартының материалдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес зерделеу жүргізіледі.
     Жоюға болатын, өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі жасайтын негіздер:
      1) қорғау құжатын күшінде қалдыру үшін төлемнің жүргізілмеуі;
    2) өзгеге беру шартында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына  және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе осы баптың 8-тармағында көрсетілген өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда сараптама жасау ұйымы сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беру немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен өтініш берушіге сауал жібереді. Бұл жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мәні бойынша сараптама жүргізу мерзімі жетіспейтін немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.
 Мынадай негіздер болған:

    1) соған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының қолданысы тоқтатылған;


      2) сараптама жасау ұйымының сауалына үш ай ішінде уақтылы жауап қайтарылмаған;
      3) қайтарылған жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттар болмаған кезде сараптама жасау ұйымы өзгеге беру шартын тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.
      Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, осы қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
     Сараптама нәтижесi оң болған кезде сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгеге беру шартын тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жiбередi.
      Өзгеге беру шартын тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
     Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:
      1) соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжатының қосымшасын ресiмдейдi;
      2) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан соғады;
      3) шарт туралы мәлiметтердi тiркелген шарттардың тiзiлiмiне енгізедi;
      4) өтiнiште хат-хабар алмасу үшiн көрсетiлген мекенжай бойынша шарттың тiркелген екi данасын және қорғау құжатына қосымшаны жiбередi;
      5) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін шарттың бақылау данасын қорытындымен қоса сараптама жасау ұйымына жібереді.
      Шарттың үшiншi және төртiншi даналары тиісті уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.
      Тіркелген шарттар бойынша сараптама жасау ұйымы тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркелген нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық мәліметтерін, шарттың мәнін, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.
      Кез келген тұлға тiркелген өзгеге беру шарттарының тiзiлiмiнен тiркелген өзгеге беру шарттары туралы мәлiметтерге қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау үшін алуы мүмкін.

      Үшiншi тұлғаларды өзгеге беру шартының мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан үзінді көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.


      Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде өзгеге беру шартын тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша қайтарылады.
      13. Қорғау құжатын өзгеге беру шарты және оны алуға құқықты өзгеге беру шарты уәкілетті органда тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
      14. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты  және (немесе) оны алу құқығы мұрагерлiк бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi.
      15. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.
8 дәріс Патенттік зерттеулер ҒЗЖ және БКЖ құрам бөлігі ретінде; өнімдердің техникалық деңгейін бағалау; өнімдердің патенттік тазалығы.

Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқық ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен қорғалады және патент иеленушінің өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге басымдығын, авторлығын және айырықша құқығын куәландыратын қорғау құжатымен расталады.


      2. Өнертабыстың, пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің авторына мынадай құқықтар:

  1) айрықша құқық;

  2) авторлық құқықтық тиесілі.

     Тараптардың ұлттық заңнамасында көзделген жекелеген жағдайларда өнертабыстың, пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің авторына басқа да құқықтар, оның ішінде патент алу, қызметтік өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.


     Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге айырықша
құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі, Тараптардың ұлттық заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау шартымен патент беруге өтінім берілген күннен бастап есептеледі және:
      өнертабыстар үшін - кемінде 20 жылды;

пайдалы модельдер үшін - кемінде 5 жылды;

      өнеркәсіптік үлгілер үшін - кемінде 5 жылды құрайды.
9 дәріс Дайындалап жатқан техника объектілерінің аналогын табу, техника мен ғылыми бағыттардың даму тенденциясын зерттеу барысындағы патенттік құжаттардың ролі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет