Пәні бойынша Дәріс кешені №1 дәріс. Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншік


Патент иеленушiнiң айрықша құқығы мен мiндеттерi



бет9/19
Дата07.01.2022
өлшемі79,8 Kb.
#20041
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
лекция патенттану ЛС (2)

Патент иеленушiнiң айрықша құқығы мен мiндеттерi

      1. Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады.


      Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап осы қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.
      2. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалану болып танылады.
      Егер өнiмде оны пайдалану басталған күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң әрбiр белгiсi немесе соған барабар белгi болып, ол қорғалатын әдiс пайдаланылса, өнiм қорғалатын өнертабысы немесе пайдалы моделі бар деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолдануға болады деп табылады.
      Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады.      Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса, ол қорғалатын өнеркәсiптік үлгiсi бар деп танылады.
      3. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi.
      Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлердiң келiсiмiнсiз оған лицензия беруге немесе қорғау құжатын басқа адамға беруге құқығы жоқ.
      Патент иеленушi қолданылатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнің патенттелгенін көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.
      4. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланбаған және тиiмдi коммерциялық жағдайларда ол лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде, егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғаш рет жарияланғаннан кейiн өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осындай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген төрт жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаса, кез келген адам өзiне мәжбүрлі ерекше емес лицензияны алып беру туралы сотқа жүгінуге құқылы. Егер патент иеленушi оны пайдаланбауы дәлелдi себептерге байланысты болғанын дәлелдемесе, сот аталған лицензияны пайдалану шектерiн, мерзімін, төлем мөлшерi мен тәртiбiн белгiлей отырып ұсынады. Төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның нарықтық бағасынан төмен болмауға тиiс.
      Кез келген мәжбүрлі лицензия бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы iшкi нарығының мұқтажын қамтамасыз ету үшін берілуге тиiс.
      Мәжбүрлі лицензия берiлген адам көрсетілген өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға тек қана осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен бiрге беруi мүмкiн.      Мәжбүрлі лицензияны беруге себеп болып табылатын мән-жайлардың қолданысы тоқтатылған жағдайда оның күші сот арқылы жойылуға жатады.
      5. Тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басқа қорғау құжатын иеленушiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын патент иеленушінің Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мәжбүрлі ерекше емес лицензияны өзіне беру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басқа қорғау құжатын иеленушінің құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын патент иеленуші өзінің өнеркәсіптік меншік объектісі маңызды техникалық жетістікті білдіретінін және басқа қорғау құжатын иеленушiнiң өнеркәсіптік меншік объектісінің алдында айтарлықтай экономикалық маңызға ие екенін дәлелдесе, сот оған мәжбүрлі ерекше емес лицензия беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Көрсетілген лицензияны беру кезінде қорғау құжаты басқа тұлғаға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, мерзімдерін, төлем мөлшерi мен тәртiбiн сот айқындауға тиiс. Бұл ретте төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның нарықтық бағасынан төмен болмауға тиiс.      Осы тармақтың негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығы бұл құқық қорғау құжатына байланысты берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне тек қана осы қорғау құжатын берумен бірге берiлуi мүмкiн.      Осы тармаққа сәйкес мәжбүрлі лицензия берілген жағдайда, көрсетілген лицензияның негізінде пайдалану құқығы берілген қорғау құжатына патент иеленушінің мәжбүрлі лицензия берілген тәуелді өнертабысты пайдалануға лицензия алуға да құқығы бар.
      6. Патент иеленушi өзі алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Өзгеге беру шарты уәкiлеттi органда мiндетті түрде тiркелуге  жатады.

Қорғау құжатын өзгеге беру шарты мен оны алуға құқықты өзгеге беру шартын тіркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.


6 дәріс Өнертабыстың жіктелуі. Халықаралық патенттік жіктеме(МПК), ХПЖ иерархиялық құрылымы


Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап - барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.
      Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.
      Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта - жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. "Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға" қол жеткізуге талаптану - болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.
      Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.
      Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.
      Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.
      Қазақстан Республикасының жаңа жағдайдағы патенттік жүйесінің міндеті "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясынан" туындайды. Бұл міндет Қазақстанда тауарлар мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалған тауарлар мен қызметтердің өндірісі үшін қолайлы инновациялық ахуалды қалыптастырудың қажетті әрі жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық шарттармен қамтамасыз етуге және жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының, халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқылы және бәсекеге қабілетті әріптесі ретінде өз орнын алуға бағытталған.

3. Патенттік жүйенің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет