Пәні бойынша Дәріс кешені №1 дәріс. Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншік



бет1/19
Дата07.01.2022
өлшемі79,8 Kb.
#20041
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
лекция патенттану ЛС (2)


«Ғылыми зерттеулер негіздері және патенттану»

пәні бойынша
Дәріс кешені
1 дәріс. Меншік жүйесіндегі зияткерлік меншік. (зияткерлік және өнеркәсіптік меншік объектілері. Зияткерлік меншік мағынасы, түсінігі және негізгі терминдерінің анықтамалары. Өнеркәсіптік меншік, зияткерлік меншіктің бір түрі құқықтық қорғауға жататын адамның зияткерлік қызметінің объектісі ретінде).
Дәріс жоспары:

1 Зияткерлік және өнеркәсіптік меншік объектілері.

2 Зияткерлік меншік мағынасы, түсінігі және негізгі терминдерінің анықтамалары.
Меншік иесінің өзінің құқығын жүзеге асыру шегі заң жүзінде анықталған меншіктің үш түрі бар. Меншік иесі өзінің мүлкін иелене алады және заңды түрде оның рұқсатынсыз ешкім пайдалана алмайды.

Меншіктің бірінші түрі – жылжымалы меншік(тоңазытқыш, сағат, автокөлік және т.с.с.).

Меншіктің екінші түрі – жылжымайтын меншік(ғимарат, құрылыстар, жер және т.с.с.).

Меншіктің үшінші түрі – зияткерлік меншік.

1967 жылы 14 шілдеде өткен Конвенцияда Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымын (ВОИС) құру туралы қабылданған және Қазақстан Республикасы оған мүше болып табылады. Мұнда зияткерлік меншік келесі объектілерге құқықты қамтуды қарастырады:

- әдеби, көркем және ғылыми туындылар;

- әртістердің орындаушылық қызметі, дыбысжазу, радио және теледидар бағдарламалары;

- адам қызметінің барлық салаларындағы өнертабыс;

- ғылыми жаңалықтар;

- өнеркәсіптік үлгілер;

- тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар және коммерциялық белгіленулер;

- адал емес(жосықсыз) бәсекеге қарсы қорғану.

Сондай ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркем шығарма зияткерлік қызмет салаларына жататын барлық басқа да құқықтыр.

Зияткерлік меншік құқықтарының объектілеріне мыналар жатады:



  1. зияткерлік қызмет нәтижелері;

  2. азаматтық айналым қатысушыларын дараландыру құралдары (средства индивидуализации участников гражданского оборота), тауарлар, жұмыстар мен қызметтер.

Зияткерлік қызмет нәтижелеріне мыналар жатады:

  • ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

  • фонограмманы орындау және хабар таратуды ұйымдастыру;

  • өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;

  • селекциялық жетістіктер;

  • интергралды микросұлба топологиясы;

  • ЭЕМ үшін бағдарламалар және деректер базасы;

  • Ашылмаған ақпарат, сондай ақ өндіріс құпиялары(ноу-хау).

Азаматтық айналым қатысушыларын дараландыру құралдары, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге мыналар жатады:

  • фирмалық атаулар;

  • тауарлық белгілер(қызмет көрсету белгілері);

  • тауардың шыққан жерінің атауы (шығу тегін нұсқау).

Зияткерлік меншік әдетте екіге бөлінеді: өнеркәсіптік меншік және авторлық құқықпен қорғалатын туындылар.

Қазақстан Республикасы мүшелікке кірген өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы өнеркәсіптік меншікті қорғау объектілері ретінде мыналарды қарастырады: өнертабысқа берілетін патенттер; пайдалы модельдер; өнеркәсіптік үлгілер; тауарлық белгілер; қызмет көрсету белгілері; фирмалық атаулар; тауардың шыққан жерінің атауы немесе шығу тегін нұсқау; адал емес бәсекенің жолын кесу.

ҚР азаматтық заңдылығында қызметінің нәтижесіне айрықша құқық ретінде иеленушінің мүліктік құқығын санауды бекітеді.

ҚРда зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау ҚР Азаматтық кодексінде немесе басқа да заңды актыларда қарастырылған ретпен, уәкілетті мемлекеттік органдар құқықтық қорғауды қамтамасыз еткен жағдайда күшіне енеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет