орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің
«композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп,
Гипоталамус-
гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус
гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы
барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және
гуморальдік реттеуді жүзеге асырады.
Гипоталамус гипофизге әсер
ететін
статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және
либерин (гипофиздің гормон бөлу
белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі.
Окситоцин және
вазопрессингормондары
гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы.
Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз -
сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы
бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы,
ортаңғыГипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін
гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген
гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп,
азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан
өсіп,
бойы
2
м-ден
асады.
1)Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-
кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері
алға шығыңқы болып, тілі аузына
сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» – аяк-қол сүйектері,
«me»- кесемін деген сөзінен шыққан. Себебі осып кесу ga» – үлкен) деп атайды.
Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз
шығады.
Бұл
ауруды
тек
рентген
сәулесімен
емдейді.
2)Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының
биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің
дәнекер ұлпасының нәруыз
синтезі
бұзылып,
тері
құрғап,
бетке
көп
әжім
түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша
бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке
жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі
(пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының
сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу
процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі
бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп,
беттерін
әжім басады.
Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара
байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп,
жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді.
Қалқанша
бездің тироксин(тетрайодтиронин,
Т
4
)
деп
аталады.
Сонымен
қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т
3
). Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу
(нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат
алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: