Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Нығайту:Кестені толтырыңыз. Бас миының құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет32/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162
4. Нығайту:Кестені толтырыңыз.
Бас миының құрылысы мен қызметі:
Бөлімдері:
Құрылысы мен орны
Қызметі:
1
Сопақша ми
2
Мишық
3
Ортаңғы ми
4
Аралық ми
5
Үлкен ми сыңарлары
5.Үй жұмысы:
§ 5
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасы» А-А, 1982 ж.
2. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
Оқутышы: Омарова Ш.Қ.
Лекция № 7
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Мидың құрылысы мен қызметі
Ми. Ми бас сүйегінің ми сауыты ішінде орналасқан. Мидың үлкен екі бөлімі бар: ми бағаны
және үлкен жарты шарлар.Мидың ең үлкен бөлімі үлкен жарты шарлар,мұнан кейін мөлшері
бойынша мишық, ал қалған салыстырмалы түрде онша үлкен емес бөлімін ми бағаны түзеді.
Мидың негізгі бөлімінен 12 жұп нерв шығады.
Мидың баған бөлімі. Оған сопақша ми, көпір, мишық, ми сабақтары мен төрт төмпешік
жатады. Бұлар мидың тарихи ерте дамыған бөлімдері болап саналады. Олар ми сыңарларына
қарағанда жай құрылысты, көлемдері де кіші келеді.
Сопақша ми- жұлынның тікелей жалғасы, сондықтан да жұлын құрылысына өте ұқсас
келеді. Кейде қосымша ми деп те атайды. Жұлын бетімен өтетін сайлар сопақша ми бетіне
жалғасып оның ақ затын алдыңғы, ортаңғы және артқы үш жұп бағандарға бөледі.
Алдыңғы баған алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасады. Оны сопақша ми
пирамидасы деп атайды. Ол ұзынша келген ақ дөңес ұзына бой жүріп жатқан нерв
талшықтарынан түзілген. Олар мидың орталықтан тепкіш қозғалтқыш жолдарын түзеді. Бұл
талшықтардың кейбіреулері оңнан солға, солдан оңға ауысып пирамида айқасын жасайды. Бұл
айқасқан талшықтар жұлынның бүйір бағанымен төмен түседі. Бұны бүйір пирамида жолы деп
атайды. Сопақша мидың ішкі жағындағы ссұр заты сементтер түзбей, бөлшектене жатқан нерв
ядроларын түзеді. Олардың сопақша мидың сыртына тебетін нерв түбіршектері шығады.
Сопақша ми пирамидасының екі жағында жатқан ұзынша ақ дөңесті олива деп атайды.
Оның ішінде нейрондар жиынтығынан түзілген тісті ядро жатады.. Бұл нейрондар адам
денесінің тік ұстап тұруына себепші болады. Сол себептен олива дөңесі денесін тік ұстап
жүретін маймыл тектстер мен адамда ғана кездеседі. Олива мишықпен тығыз байланысты
болады.


Қорытып айтқанда, сопақша ми жұлын сияқты өткізгіш және рефлекторлы маңыз атқарады
Сопақша ми мен варолий көпіршігі. Сопақша ми мен көпірді артқы ми деп те атайды.
Сопақша ми ұзынша бадам тәрізді және жұлынның ми бағанындағы тікелей жалғасы болып
есептеледі. Оның ұзындығы 28мм.
Сопақша ми тонустық, статикалық және статокинетикалық рефлекстердің орындалуына
қатысады.
Статистикалық рефлекстер адамның белгілі бір қалпын сақтауды қамтамасыз етеді, ал
статокинетикалық –кеңістіктегі қозғалысты қамтамасыз етеді.
Сопақша мидың ядролары ас қорыту, сөл бөлу,шайнау,ему,жұту, түшкіру сияқты рефлекстік
қызметтердің орындалуына қатысады.
Варолий көпірі-сопақша мидың алдындағы көлденең білеуленген құрылым. Көпірдің
функциясы онда орналасқан 5-7 жұп ми нервтерінің ядроларына байланысты.
Мишық. Сопақша ми мен варолий көпірінің прт жағында мишық орналасады. Бұл екі шардан
және оларды қосып тұрған құртшадан тұрады. Сұр заттар мишықтың бетінде орналасқан
мишықтың қыртысн түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет