5.Үй жұмысы: § 6
Ұсынылатын әдебиеттер 1. Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасы» А-А, 1982 ж.
2. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
Оқутышы: Омарова Ш.Қ. Лекция 5 Тақырыбы: Жұлынның құрылысы мен қызметі. Жұлынның дамуы. Жұлын нерв жүйесінің басқа бөлімдерінің барлығынан бұрын
дамиды. Жұлынның функциясы. Жұлын мойынның .кеуденің, қол мен аяқтың қаңқалық
еттерін нервтейді және организмдегі рефлекстік қозғалыс реакцияларының бір қатарының
орындалуына қатысады: жазу, ырғақты қимылдар және тонустық рефлекстер. Жұлында
вегетативті нерв жүйесінің көптеген орталықтары бар.зәр шығару ,дефекция жұлын
функциясымен байланысты. Жұлын өткізгіштік те функциясымен атқарады.
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының
өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен
жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы
және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол
жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын
өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр
заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында,
сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстікжәне өткізгіштік.
Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп
жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін
жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел
бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде және т.б.
Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан
тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады.
Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш
жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді.