енген микроорганизмдердің өсіп, өніп улы заттарды шығарып, дене ұлпасын
қабындыруынан анықтайды. Бұл күресте лейкоциттер өздері өліп, қажетсіз қалдықтармен
бірге денеден шығады.
Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын басқа да маңызды заттар бар. Бұларға
антиденелер мен антитоксиндер жатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары —
иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол
заттарға бактериялар, вирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп
атайды
.
Антитоксиндер — уланған кезде организмде пайда болатын усыздандырушы заттар.
Антиденелер, антитоксиндер мен антигендер — өте өзгеше үйлесімді заттар, яғни әр
антигеннің немесе токсиннің өзіне ғана үйлесетін антиденелері мен антитоксиндері болады.
Олар бір-біріне кілттің құлыпқа сай келетіні іспетті. Антиденелер ауру тудыратын
микроорганизмдерді бір-біріне жабыстырып, енді біреулерін ерітіп жібереді. Денеге бөтен
заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол вирустарға қарсы антидене түзеді.
Олар вирустармен күресіп, организмді қайталап аурудан сақтап қалады.
Иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда
болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. Кей
ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті
қысқа мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе
жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу
арқылы жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.
Иммунитеттің т у а және ж ү р е пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір жануарлардың
аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы
тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл — туа болатын
иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден
кейін пайда болған жасанды қабілет жатады.
Иммунитетті
жалпы
және
жергілікті
деп те бөлінеді. Бүкіл организмнің ауруға қарсы тұру
қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті
иммунитетке жатады.
Достарыңызбен бөлісу: