Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет89/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162
3. Жаңа тақырып:
Лимфа (латынша «lympha» – таза су, ылғал) – адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде 
болатын сұйық ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа ағзаның ішкі ортасы, ұлпа 
сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 
95% су, 3-4% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 
1–3 л лимфа түзіледі. Қан плазмасына қарағанда нәруыздары аздау, тұтқырлығы да төмендеу 
(бәсеңдеу). Баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. 
Лимфада болатын лейкоциттерді – лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит – лейкоциттің бауырда 
түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Дене салмағының 
шамамен 30%-ын алып жатады. Лимфоциттер ұсақ, диаметрі 5-6,5 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі 
әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. 
Қызметі: а) ұлпа сұйықтығын қанайналым жүйесіне қайтарады; ә) ағзаға енген зиянды микробтар 
мен басқа да бөгде заттарды сүзіп қалады; б) аш ішектің бүрлеріндегі майларды сіңіреді.
Қанның сарысуы – қан ұйығының сығындысы, сарғыш түсті сұйықтық. Құрамы жағынан плазмаға 
ұқсас, бірақ фибриноген нәруызы болмайды, сондықтан ұйымайды.
Дені сау адамда қанның мөлшері, құрамы, физикалық әрі химиялық қасиеттері тұрақты болады. 
Қанның мөлшері мен құрамының тұрақты болуы ағзадағы барлық ұлпалардың тіршілігі үшін қажетті
жағдай. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы қанайналым, тынысалу, асқорыту және зәршығару 
жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі. 
Иммундық жүйе – ағзаның қорғаныш қамалы
Иммунитет (латынша «іmmunіtas» – бір нәрседен құтылу, босау) – қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның
қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін 
салған ғалым – И. И. Мечников. Ағзаны жұқпалы індеттен қорғау тек фагоцитті жасушаларға 
(лейкоциттер) ғана байланысты емес.
Ағзаға енген бөгде нәруыздарға қарсы түзілетін ерекше нәруызды зат – «антителаға» да байланысты.
Антитела (грекше «antі» – қарсы, орысша «тело» – дене) қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде 
заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз. Қан плазмасында қарсыдененің микроорганизмдерді 
бір-біріне жабыстырып тастау немесе жою (бұзу) қабілеті бар. Қарсыдене – лимфоциттердің 
қатысуымен түзіледі. Қарсыдененің ерекшелігі: қарсыдене өзінің түзілуіне себепші болған 
микробтарға немесе уға ғана әсер етеді. Зиянды заттардың молекуласымен химиялық реакцияға 
түсіп, оларды жояды. Лимфоциттердің басты қызметі – қарсыдене түзу болып табылады. Оларды 
кейде иммуноглобулиндер деп те атайды. Қарсыденелер лейкоцит жасушаларының кейбір түрлерінен
түзіледі де, қан плазмасында болады. Олар ағзаға түскен микробтарды жояды.
Иммундық жүйе адам ағзасында негізінен қорғаныштық қызмет атқарады. Иммундық жүйеде 
орталық және шеткі мүшелер болады. Орталық мүшелеріне – сүйек кемігінде болатын кемік майы 
және айырша без (тимус) жатады 
Иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне – бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, аппендикс 
өскіні (соқырішек) және т. б. жатады. Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында 6 бадамша без 
шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада таңдай, жұтқыншақ 
және тіл бездері орналасқан. Бұл бадамша бездер ағзаға тамақпен түскен зиянды микробтарды 
жоюға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет