Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Сондықтан АҚТҚ зақымданудың алдын алудың негізі төмендегілер болуы тиіс



Pdf көрінісі
бет95/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   162
Сондықтан АҚТҚ зақымданудың алдын алудың негізі төмендегілер болуы тиіс:
Қауіпсіз және жауапты тәртіп, салауатты өмір салты.
Ерте жыныстық қатынастан бас тарту. Некеге тұрмай тұрып, жыныстық қатынаста болудан
бас тарту нағыз терең қатынасты құруға, төзім мен өзін-өзін бақылауды дамытуға, жастық
шағына қуануға, жұқпалармен зақымдану қорқынышынан сейілуге ықпал етеді, ерлі-
зайыпты ретінде бірегей қатынасты сезінуге көмектеседі, жыныстық жолмен берілетін
инфекцияларды жұқтыру үрейінен және оның салдарынан арылтады.
Неке адалдығын сақтау.
Кездейсоқ жыныстық қатынаста мүшеқапты пайдалану.
Жеке бас гигиенасын сақтау.
9. Салауатты өмір салты. ЖҚТБ алдын алу негізі ретінде
Мыңдаған аурулар бар, алайда денсаулық біреу ғана (Л. Берне).
Адамдағы ең қымбат нәрсе — бұл өмір. Өмірдегі ең басты нәрсе - денсаулық. Өз
денсаулығымызға күтім жасау арқылы біз болашақ ұрпағымыздың денсаулығы туралы
ойлаймыз. Адам денсаулығы көптеген себептерге тәуелді: тұқымқуалаушылық факторлары,
медициналық көмек, қоршаған орта және өмір сүру жағдайы. Өмір сүру салты әдеттерден,
мінезден, адамның қажеттілігінен, оның материалдық және рухани жағдайынан, салт-
дәстүрінен және т.б. қалыптасады.Өзіңді жақсы сезіну үшін салауатты өмір салтын ұстануға
тырысу қажет. Бұдан бұрын да ұлы адамдар былай деген: «Дені сау адам – табиғаттың ең
қымбат сыйы» (Т.Карлейль). Салауатты өмір салты адамның организмінің даму
заңдылықтары туралы ақпараттануымен, ненің зиянды, ненің пайдалы екендігін білуімен
тығыз байланысты. Аурудың ішіндегі ең қауіптісі — надандық.Салауатты өмір салты жеке
бас гигиенасы ережелерін сақтаудан, денені шынықтырумен айналысудан, дұрыс
тамақтанудан, алкоголь мен есіртік қолданудан бас тартудан, әртүрлі күйзеліске қарсы тұра
білуден тұрады. Пайдалы және зиянсыз әдеттер денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал
етеді.
Денсаулық үшін дене шынықтырумен айналысу өте маңызды. «Гимнастика, дене
жаттығулары, жаяу жүру өзінің жұмысқа қабілетін, денсаулығын сақтағысы, толыққанды
және бақытты өмір сүргісі келетін әрбір адамның күнделікті тұрымыс режиміне енуі тиіс»
(Гиппократ).
Адам денсаулығына алкоголь, шылым және есірткі қатерлі әсер етеді. Соның әсерінен ішкі
ағзалар, тамырлар, ми зақымданып, ауыр дерттер пайда болады. Мұндай әдеттерден арылу
өте қиын, әрі олар күнделікті өмірде «қажеттілікке» айналып кетеді.Оларды шектеу
нәтижесінде пайда болған салдар соншалықты қауіпсіз: себебі адамның өзі олармен өз
бетімен күресе алмайды. Әсіресе зиянды әдеттерге бала кезден үйір болса, одан арылу өте
қиын. Бала кезде организм жаңадан қалыптаса бастайдыжәне зиянды заттардың жойқын
әсеріне қарсы тұра алмайды. Жиі ауыратын болады, ол ауыр жағдайда өтіп, аяғы өлімге
әкеледі. Емдеуге болатын да аурулар бар: соңы өліммен аяқталатын тұмау, респираторлық
сырқаттар. Ойланбай жасалған әрекеттер (ретсіз жыныстық қатынас, есірткіні инъекциялық
қабылдау) болжауға келмейтін қиын жағдайға душар етуі әбден мүмкін. Біздің
балаларымыздың өмірі енді ғана басталып келеді. Ол қиындықтарға, кездейсоқ жағдайларға,
жеңістерге, жеңілістерге толы. Біздің әрқайсымыз өз балаларымыздың жарқын да бақытты


болашағын жоспарлаймыз, ол жүзеге асуы үшін бүгінгі күннен бастап оларды өз бетінше
дұрыс шешім қабылдай алатын, ерік-жігері мықты тұлға ретінде тәрбиелеуге тиіспіз. Өз
денсаулығына жоғары бағалауға тәрбиелеу —салауатты өмір салтын қалыптастырудың
мақсаты осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет