Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет99/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162
Қан айналым жолдары. Ағзадағы қан айналым жүрек арқылы қарастырғанды кіші
(өкпелік), үлкен қан айналым шеңберіне- және жүректің қанайлым жолы деп бөлеміз.
Кіші қанайналым шеңбері (немесе өкпе қанайналым шеңбері)-Құрамында мардымсыз
мөлшерде ғана оттегі болатын вена қаны жүректің оң жақ бөлігіне құйылады. Оң жақ
қарынша жиырылып, қанды өкпе артериясына айдайды. Қан өкпе артериясының екі
тармағымен өкпеге барады. Бұл жерде өкпе артерисының тармақтары одан да ұсақ
артерияларға бөлініп, атмосфера ауасы келіп тұратын көптеген өкпе көпіршіктерін жиі
торлап жатқан капиллярларға айналады. Осыдан кейін қан венаға жиналады. Олар өзара
қосыла келіп, сол жақ құлақшаға құятын төрт өкпе венасын түзеді.


Қанның оң жақ қарыншадан шығып, өкпе артериясы капиллярлары мен веналары арқылы
сол жақ құлақшаға дейінгі жүретін жолы өкпелік немесе кіші қанайналым шеңбері деп
аталады.
Үлкен қанайналым шеңбері (немесе дене қанайналым шеңбері)- сол жақ қарынша жиырылып,
қанды адамның ең ірі артериясы- қолқаға (аорта) айдайды. Одан барлық мүшелерді,
жүректің өзін де қанмен қамтамасыз ететін артериялар тармақталады. Аретиялар әрбір
мүшеде біртіндеп тармақтала отырып, көптеген ұсақ артериялар мен капиллярлар торын
түзеді. Үлкен қанайналым шеңберінің капиллярларынана дененің барлық ткандеріне оттегі
мен қоректік заттар келеді, ал клеткалардан капиллярларға көмірқышқыл газы өтеді. Бұл
кезде артерия қаны вена қанына айналады. Капиллярлар алдымен ұсақ, одан соң едәуір ірі
күретамырға жиналады. Бас мойын қолдағы қанды-күретамыр, ал дененің барлық қалған
бөліктеріндегі қанды-көктамыр жүрекке жеткізеді. Күретамыр да, көктамыр да оң жақ
құлақшаға құяды.
Қанның сол жақ қарыншадан шығып, барлық дене мүшелеріндегі артерия, капилляр және
веналар арқылы оң жақ құлақшаға дейінгі жүретін жолы үлкен қанайналым шеңбері деп
аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет