Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет49/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162
Оқутышы: Омарова Ш.Қ.
Лекция 11
Тақырыбы: И.П.Павлов, И.М. Сеченовтың теориясы.
Шартты және шартсыз рефлекстер
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары
жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын
зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз
ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледді
Мұғалімдері жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын
біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс
дамыған жастарды тәрбелей алады.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ
секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған
еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың "Ми рефлекстері" (1863) атты
кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет
дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады.
Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық
еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп
түсіндіреді
И. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және
дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам
мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты
рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып,
нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы
көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің маңызы
осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп,
шындалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен-ақ психикалық әрекеттердің
шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың
жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет