ІІ Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын жас ерекшеліктеріне қарай зерттеу тәсілдері.
2.1. Бастауыш білім берудегі оқушылардың оқуға қызығушылығының ерекшеліктері Қызығу-шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшілігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызуғуда бір нәрсені ерекше тандап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі- “Бұл не?” дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді ”футболға қызығады” десек,ол адамның үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын, біреу мен әңгімелесуде де, көбінесе осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір келетінін байқаймыз. Сөйтіп адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан,соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.
Қызығулар да бейімділік тәрізді балалардың кішкентай кезінде ерекше байқалады. Мәселен,кейбір балалар кішкентайында автомобилге,тракторға жалпы –техника атаулыға әуесқой келеді.Мұндай балалардың есі-дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, олардың маркасы жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физмка,қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалрдың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді.
Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның образын Н.В.Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен, «Шинел» әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайытқаннан кейінгібос уақытының барлығын қағаз көшіріпжазуға арнайтын болған,осы ісіне қуанып,ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді.Оқу қызығулары балаларды оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп,берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең,өрісті болуы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз адамның рухани өмірі дамымайды. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытқа да берекелі болады. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да,сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл-үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды.Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауырпалықты көтере білуге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді.
Бастауыш сынып оқушылары объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу-бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы кетіп отырады. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның, іс- әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамдар саяси – қоғамдық мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми – теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.
Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері- мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларға көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық,оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбіне баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға бейімділігінен туады. Бірақ, қызығушылардың бейімдіктен бөлек те пайда болатын кездері кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді бейімділігі болмаса да, қызығуы өте күшті келеді. Мұндай қызығуды белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әрекетпен айналысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбек сүйетін, жан- жақты, қабілетті адам болып шығады.
Жеке адам психологиясының неге бағытталған көрсететін негізгі компонеттердің бірі- адамның дүние танымы мен сенімі. [18]
Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі – ғылыми негізделетіндігі. Бірден- бір ақиқат дүниенің дамуы заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше кертартпа өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты көре тұра бұрмалау, пессимизмге салыну-кертартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы ұжымдылықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, адамды дүниені қайта құру жолындағы жанқиярлық күреске баулиды. Дүнметанымның негізгі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмілетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады.
Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс- әрекеті мен тәжірбиесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тынғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез- құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұры с таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мында соқтырады да,мінез-құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Осындай адамдардың психологиясын орыстың ұлы жазушысы Н.В.Гоголь тамаша көрсеткен: «Әрі-сері адамдар, бұлар ол да емес, бұл да емес, қандай адамдар екенін түсіне алмайсың, қаладағы Богдан да емес, селодағы Селифан да емес». Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының барлығы дұрыс болып келе бермейді.
Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен,іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады, адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші-сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім пікірталас, көзқарас қақтығысында,ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шындала түседі.
Ол адамға бірден келмейді,сенім өмір көріністерін тойшылау, кесіп-пішіп көру тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сенімін қозғаған, мақсат мүддесіне, бағыт, бағдарына арналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет.
Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы. Ал адамның алған білімі бөлек-бөлек кірпіш сияқты шашылып жатса (әңгіме білімді қалай болса солай, жеңіл “ меңгеретіндер “ туралы болып отыр), әрине, ондай білім түкке тұрмайды. Тек зердесіне құйылған, саналықпен меңгерілген, белгілі жүйемен алған білім ғана адамның дүниетанымына негіз бола алады. Сайып келгенде, ғылымға негізделген белгілі дүниетанымы, айқын мақсаты бар адамның ғана психологиялық қасиеті жоғары болатыны белгілі. Ондай адам үнемі ар- ұятымен жүріп- тұрады. Мәселен, бір адам жұмыс үстінде ағаттық істеп, қателескен екен дейік. Оның қасиетін жасырып, бүркеп қалуға да мүмкіндігі бар еді, бірақ өзі бұл ағаттығын адамгершілікке жатпайтын қылық деп түсінеді. Жаңағы қателескен адам өзінің қатесін мойнына алуды бірден бір дұрыс деп табады.[19]
Жеке адамның психикасын нұрландырып қасиеттің енді бірі – мұрат (идеал). Бұл-адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі .Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты,ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгенін бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш- жігерін соның сарп етеді.
Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі - талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт- пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы,тәжірбиесі де елеулі әсер етеді. Модаға (сән) байланыстыда адамды түрлі талғам орын алады.Мәселен, кейбір ала-құла көзге қораш киіну талғамы дұрыс қалыптасқан адам деп айту қиын. Өйткені дұрыс талғам дұрыс, жүйелі жақсы тәрбиенің нәтижесі.
Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс- әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады. Бұлар адамның басында айқын да анық сәулеленіп отырады. Бірақ мотивтердің кез келгені осындай пәрменді болып келе бермейді.Мән- мәнісі адамға онша айқын емес, көмескі күңгірт болып көрінетін мотивтер де толып жатыр. Осы топтағы мотивтердің қатарына бағдар (установка), фрустрация, елігу, стере отиптерді жатқызуға болады. Енді осылардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейік. Мәселен, грузин психологы, академик Д.Н.Узнадзе (1886-1950) зерттеген бағдар теориясының мәні мына төмендегі қарапайым тәжірибеден жақсы байқалады.
Салмағында айырмасы бар екі шарды қолымен 10-15 рет ұстап көрген адам бұлардың айырмашылығын оп-оңай сезе алады. Кейін осы кісіге салмағы бірдей екі шар берілгенде де, ол бұларды бұрынғысынша екі түрлі деп қабылдайды. Тәжірибенің негізгі мәнісі де осында. Салмағы екі бірдей шарды осылайша теріс қабылдауы (иллюзия) оның алдыңғы қабылдауындағы субьективтік жағдайына байланысты туған. Мұндайда адамның зейіні қабылдайтын заттың өзіне емес, сол зат туғызатын сезімге, көңіл күйіне ауып кетеді.Осы тәжірбиеде бір біріне тең шаралардыаңғармай, қате қабылдау осындай жайттан туған .
Баланың қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады. Мәселен, бірінші сынып оқушылары үшін мұғалім қай жағынан да аса беделді адам. Оның ақ дегені ақ, қара дегені қара. Сондықтан да олар кейбір мұғалімдердің теріс өнегелерін де талғамай қабылдай береді. Оқушылардың мұғалім жөнінде бір жақты түсінектері осындай әлде де айқындала қоймаған түсініктің, тек мұғалім жөніндегі жай бағдардың көрініс. [20.21.23]