2.2. Бастауышбілім берудегі оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу Бaстауыш білім берудегі балалардың даму ерекшеліктеріне сай оқуға қызығушылықтарын зерттеу мақсатында, Павлодар қаласындағы №11 орта мектебінің 2 ә сыныбында анкета және бақылау әдістері қолданылды.
Оқушыларға келесі сұрақ қойылды: «Анкетаны аяғына дейін оқып, тізімдегі пәндердің ішінен сені қызықтырытынын ата».
1. Әдебиет
2. Қазақ тілі
3. Математика
4.Орыс тілі
Бaстауыш білім берудегі балалардың даму ерекшеліктеріне қорытынды жасай отырып, олардың қызығуларының бағытын, кеңдігін, қызығудың пайда болу себептерін және де қызығудың оқушылардың үлгеріміне қалайша әсер ететінін анықтадық.
Зерттеу нәтижелерін қортындылай отырып, келесі жағдайлар анықталады: 1. Сыныпта өтілетін пәндердің ішінен оқу – танымдық қызығушылықты тудыратын пәндер келесі математика 52% себебі түрлі қызығатын есептер шығарамыз. Әдебиет 54% себебі сабақта ертегілер, жұмбақтар, оқылады.
2. Оқушылардың пәнге қызығушылығының кеңдігі былайша көрініс береді:
2. сабаққа қызығады- 5 оқушы.
3. сабаққа - 5 оқушы.
4.сабаққа – 2.оқушы.
5. сабаққа - 4. оқушы.
6. сабаққа – 3 оқушы
7. сабаққа - 3 оқушы.
8. сабаққа - ------
9. сабаққа – 3 оқушы.
3. Оқушылардың арасынан 54% - ті әдебиеттік оқу, 52% -ті математика пәндеріне белсенді қызығушылықты көрсетеді, себебі олардың осы пәндердің үлгірімі де жоғары.
4. 2 ә сыныбында жақсы оқитын балалар: Жанабердынова Д. Ақпарова А. Бекжан И. Оларға сабақтар ұнайды, олар ізденеді,өздерінің бойында қызығушылықты көрсетеді.Үлгерімі төмен оқушылар: Темірбай Темірхан, Омарова Санжар.Үлгерімі төмен оқушылар тек жеке әрекеттерді орындауға ғана бағыталады. Олар жасерекшеліктеріне қарай механикалық түрде ғана мұғалімнің іс – әрекетін қайталайды, оқу процесінің мазмұнына назарды аз аударады.
Қорыта айтқанда, бастауыш мектепте қандай да болмасын пәнге терең қызығушылық сирек кездеседі. Жақсы оқитын оқушыларды түрлі пәндер қызықтырады, яғни олардың мазмұны түрлі сабақтарда түрлі тақырыптарды өткенде, оқушыларда интеллектуальды белсенділік пайда болып, қызығушылық көрініс береді. [24.25]