Пәні: Философия Тобы: Усмат-22 Орындаған: Майлыбай Лаура Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім



Дата01.05.2023
өлшемі18,41 Kb.
#88698
Байланысты:
бөж 5 Лаура


Пәні: Философия
Тобы: Усмат-22
Орындаған: Майлыбай Лаура
Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім
Қазақстан тәуелсіз ел. Күн санап Қазақ жеріндегі әрбір қала мен ауылдар көркейіп дамып келеді. Жаңа технологиялар, түрлі ойын сауықтар мен әдемі бақтар. Осы орайда білім жүйесіне де аса қатты мән беріліп жатқанын айтып кетсек болады. Сырттан қарап қандай керемет, мінсіз жер деп ойлауға да болады. “Қазақстанға қандай үлесімді қоса аламын” деген сұрақты басқа елдің азаматына қойсақ, “Халқы ашық жарқын, даласы таза керемет жерге тағы қандай үлес қажет?” - деп сұрайтындай. Барлығы сырттан көргендей болса ғой. Ес білгенге дейін мен де солай ойлағам. Қазір өсе келе барлық жағдайлар мен мәселелердің не үшін, қалай туындап жатқанын түсінесің. Кейде “әттең бастық болсай былай жасар едім” деген ойлар кетеді.
“Қазақстанның көркейуіне қандай үлесімді қоса аламын” - деген сұраққа көбіміз “мамандығымда өте жақсы деңгейде бітір, сол салады өзімді дамытып, елге пайда тигіземін” деп жауап беруі мүмкін. Әрине ол да дұрыс. Алайда кейбір өзгерістерді енгізу үшін белгілі бір оқу процесін күтіп жүрмей - ақ қазірден бастағанымыз да дұрыс. Мәселен кішкентай балалар үшін - жер ананы таза ұстау. Ата-аналар үшін-балаларды бауырмалдыққа тәрбиелеу. Ал билік басындағылар үшін ақшаға құнықпай өз ісін ақша үшін емес, елді көркейту үшін жасаса екен деймін.
Ал менің қосар үлесімді айтар болсақ, болашақ мұғалім болғаннан кейін, осы еліміздің болашағын басқаратын балаларды тәрбиелеу деп ойлаймын. Мен балаларға өз пәнімнің тақырыптарын үйретіп қана қоймай, олардың болашаққа деген жоспарларын дұрыс құруына көмектескім келеді. Бұл ретте «Елім үшін не істей аламын» деген заңды сұраққа: «Сіз өзіңіз қалаған кәсібіңіздің маманы болу арқылы еліңізге өз үлесіңізді қосасыз. Ал сол қалауыңыздағы мамандық арқылы сіз ел дамуына пайда әкелесіз»-деп жауап беруге болатын секілді. Бірақ бұл мақсатқа жету жолында тек сөзге қарағанда нақты, айқын қадамдарға бару маңызды. Елін сүйетін әр адам мемлекетінің гүлденуі үшін үлес қосуы керек. Алайда өз үлесін қосуда міндетті түрде ұлы істер атқару шарт емес. Әркім өз мүмкіндігіне қарай қызмет атқарса сол да жеткілікті. Кейбірі мәдениет жағынан, кейбірі экономика, саясат жағынан, ал кейбірі техника, экология, спорт жағынан мемлекетімізге өз үлесін қосып жатыр.
Өзім жайлы айтсам мен студентпін. Ақтау қаласындағы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитралық колледжін бітірдім. Ол жерде мұғалімдеріміз тек білім беріп қана қоймай балалармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін бүге шүгесіне дейін үйретті. Үйретудің өзінің де тәсілі де бар, “бала көргеніңді істейді”- дегендей, мұғалімдер бізге теориялық түрде “былай жасау керек” деп емес, практика жүзінде нағыз мұғалім қандай болу керектігің өз істерімен көрсете білді. Сол үшін колледждегі мұғалімдеріме алғысымды білдіремін. Колледжден алған білімімді пайдаланып, оқу орталығында жұмыс жасап жүргенімде оқушыларымның ата-аналары рахметін айтып, балаларының білімі жоғарылап келе жатқанын айтатын. Бұның барлығы әрине бірінші Алланың, одан кейін колледжде алған теориялық және практикадық білімімнің арқасы деп ойлаймын.
Қазір Шахмардан Есенов атындағы университетінің «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша білім алудамын. Қазіргі таңда 2 курс студентімін. Болашақта осы мамандықтың арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, елім үшін бәрін істеуге дайынмын. Менің мемлекетті гүлдендіруге қосар үлесім қандай болмақ? Менің қосар үлесім, оқуымды жақсы оқу, болашақ мамандығымның қыр-сырына теориялық тұрғыдан қанығып, жан-жақты танып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласа жүріп шыңдалу. Бәрі шыңдалу дегеннен шығады. Кез келген мамандық өзіңдік, басқаға ұқсамайтын терең ізденісті талап етеді. Ізденген адам дамиды, өзге адамдардан көш ілгері болады. Өзіміздің дамуымыз арқылы өзгенің де білімін жетілдіруге жол саламыз. Осы тұста менің мамандығымның рөлі аңғарылады. Неге десеңіз, мұғалім басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Сондықтан бұл мамандықтың тізгінін ұстау екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс деп білеміз. Иә, мен әлі студентпін. Сонда да алдыма қойған мақсатымның мазмұны айқын, арманымның тұғыры биік.
Қорыта айтқанда, патриот, тәрбиелі, білімді ұрпақтың қалыптасуына кепіл бола алатын университетімізде жарқын болашақ үшін көп жұмыстар қолға алынуда. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Сондықтан келешекте Қазақстан әлемдегі ең дамыған, ең қуатты елдердің қатарына еніп гүлденуіне бүгінгі студенттер қалтқысыз үлестерін қосады, яки қосу үшін аянып қалмайды деген сенімдемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет