Пәні: Психология тарихы Күні


Д. Қорытынды кезеңде мұғалім осы тақырып бойынша кез келген сұрақты команданың кез келген мүшесінен сұрайды. Рефлексия«Бағдаршам»



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі23,51 Kb.
#127584
түріСабақ
1   2
Д. Қорытынды кезеңде мұғалім осы тақырып бойынша кез келген сұрақты команданың кез келген мүшесінен сұрайды.


Рефлексия«Бағдаршам»Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.


Әдебиеттер:
1. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж.
2. Мектептегі тəжірибе кезеңіне арналған тапсырмалар, «Педагогикалық шеберлік орталығы» - 2018,- 23-33 бет.
3. Руководство для учителя АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» программа «Эффективное обучение» 2016г.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
4. Гуслова, М. Н. Инновационные педагогические технологии / М.Н. Гуслова. - М.: Академия, 2018. - 288 c.
5. Матяш, Н. В. Инновационные педагогические технологии. Проектное обучение. Учебное пособие / Н.В. Матяш. - М.: Academia, 2018. - 160 c.
6. Джумагулова Т. Н., Соловьева И. В. Одаренный ребенок: дар или наказание. – Санкт-Петербург: Речь, 2015. – 160 с.
7. Нани, Кокоева Инновационные технологии в подготовке будущих специалистов: моногр. / Кокоева Нани , Иллона Юрловская und Анна Джаганян. - М.: LAP Lambert Academic Publishing, 2018. - 162 c.
8. Никишина, И. В. Инновационные педагогические технологии и организация учебно-воспитательного и методического процессов в школе / И.В. Никишина. - М.: Учитель, 2018. - 873 c.
Дәріс мазмұны
Тақырып:Психологиядағы эксперименталды және қолданбалы психологияның қалыптасуы мен психологиядағы дағдарыс
Мақсаты:Психологиядағы эксперименталды және қолданбалы психологияның қалыптасуы мен психологиядағы дағдарысжөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
1. Дағдарыс кезеңіндегі ппсихологиялық ой пікірлер (Г.Мюнстербергтің психологиялық зерттеулері)
2. Галтон ілімі
3. Л.Выготскиидің өзіндік көзқарастары
Әсіресе, эксперименталды зерттеулер психотехниканың негізін қалаушы Гуго Мюнстербергтің (1863-1916) жұмысындағы қолданбалы есебімен тығыз байланысты болды. Оның зерттеуі өнеркәсіптік өндіріс аймағымен байланысты. «Басқару классигі» деп атайтын американдық инжинер Ф.Тейлор(1856-1915) өндірісті рационализациялау мақсатында психологиялық факторларды қолдану жолымен еңбекті үдету жүйесін өңдеді. Мысалға, бір өндірістен(болат шарларды бақылаумен) 120 әйел адам алынды. Бұл жұмыстың психофизиологиялық жағдайын зерттеу нәтижесінде,оның осы шарттарға бейімділігі жұмыс күні қысқартылып, ауытқымалы шаршауға сәйкес жиі іркілістер орнатылды. Жұмысшылардың өнімділігінің өскені сонша, сол жұмысты 35 адам істеуге кірісті. Дәл, кәсіпорын иесінің экономикалық қызығушылықтарымен тікелей байланысты тапсырмада, психотехника психологияның қолданбалы бағыты ретінде қызмет етті. Онда кәсіби шаршау мәселелері, профорентация, профотбор, психологиялық ықпал ету, соның ішінде жарнама құралдары және басқалар өңделді. Білімнің тәуелсіз аймагы, оны жасаған-Г.Мюнстерберг(«психотехника» терминін енгізген неміс психологі В.Штерн).
Тағы 1908 жылы Бостонда Ф.Парсонс мамандық таңдаушы жасөспірімдерге индивидуалды кеңес беретін бюро ұйымдастырды. Маңызы бойынша, бұл кәсіптік бейімделудің бастапқы жұмысы болатын, бірақ ол жеткіліксіз ғылыми негізбен арнайы әдістерсіз жүргізілді және бастысы жасөспірімдердің индивидуалды ерекшеліктері мен өзіндік интуициясын бақылауға сүйенді. Іс-әрекеттің алуан түрінің ерекшеліктеріне сәйкес қызметкерлер мен жұмысшыларды іріктеуде және жеке қасиеттерін зерттеу әдістерін өңдеуде, Мюнстерберг зерттеуі ерекше рөл ойнады. Ол ірі американдық компаниялардың тапсырысымен тікелей байланыста жұмыс істеді. Мюнстерберг эксперименті Вундттің лабораториялық экспериментінен өзгешеленді: мұнда жасанды лабораториялық жағдайдан іс-әрекеттің табиғи жағдайын моделдеуге көшу жүргізілді. Мюнстерберг жұмыстары үлкен тәжірибелік нәтиже берді. Зерттеудің негізінде өңделіп жатқан тестілер қызметкерлер мен жұмысшыларды іріктеуде басты құралға айналды.
Психотехникада жаңадан тәжірибе принципі шықты: тәжірибе тек осы эксперименттің лабораториялық жағдайдағы психологияны алған «тұтынушыдан» шыққан жоқ, сонымен бірге оның өзі әдістемелік қабылдау мен методологиялық негізіне үміт арта отырып, психологияның алдына сұрақ қойды. Нағыз тәжірибелік нәтижеден басқа, Л.С.Выготский бірнеше рет көрсеткен психотехникалық іс-әрекеттің үлкен методологиялық мәні осында.

Эксперименталды психология психика мен сананың анағұрлым жалпы заңдарын зерттеу тапсырмаларымен байланыста туындады. Жекелей ерекшеліктер құтылуға тиіс кедергі ретінде қарастырылды. Бірақ та оны іске асыру барысында ең алдымен жекелей ерекшеліктердің анықталуымен жасық тәжірибелер пайда болды. Англияда Ф.Гальтон, Францияда А.Бине, АҚШ-та Дж.Кеттел мен Г.Ст.Холл, Германияда Э.Крепелин мен В.Штерн, Ресейде А.Ф.Лазурский жекелей ерекшеліктер психологиясын құрауда алғашқылардың бірі болды.


Англияда бұл жұмыстар Дарвиннің көрнекті ізбасары, антрополог,биолог Френсис Гальтонмен(1822-1911) басталды. Өзінің басты «Дарынның тұқым қуалауы»(1869) кітабында Гальтон дарынның тұқым қуалауы идеясын ғылымда бірінші рет статистикалық әдіспен дәлелдеуге тырысты және шығарды. «Дарынның тұқым қуалауы теориясы»- жаңа және бұрынғы жазушылардан да өзін жақтаушыларды тапты,- деп жазды. Бұл пәнді ең алғаш рет орнықты өңдеуге тырысқандықтан мен дәмелі екенімді жариялай отырып, тұқым қуалауды орташа мөлшерде ауытқу заңына сәйкес оқу керек деп енгізіп, сандармен берілуі мүмкін осындай нәтижеге келдім. Ақыл-ой қабілетіне қатысты адамдардағы табиғи теңдікті жоққа шығара отырып, Гальтон, қабілеттер физикалық белгілер сияқты тұқым қуалау арқылы беріледі деп бекітті. Қоғамдық және кәсіби өмірдегі жоғары бедел дарындылықтың көрсеткіші болып табылады.
Ф.Гальтон қабілеттілікті түсініксіз биіктіктен басталып, шексіз тереңдікке кететін үздіксіз мақсат ретінде қарастырады. Гальтон барлық адамдарды табиғи қабілетіне байланысты орташа аралықтағы бөлімше класстарға бөлді. Әрбір класстағы адам саны әр түрлі және олар Кетлдің орташа мөлшерден ауытқу заңына бағынады.Осылай,қазіргілердің сөздігіндегі мәлімет бойынша тізімде 2500 қызмет түрінің аттары құралған(әртістер, ғалымдар, судьялар, дәрігерлер, саудагерлер, ақындар, мемлекеттік қызметкерлер, саяхатшылар), ерекше таңдалғандардың саны миллион адамнан 250 тұлғаны құрады.
Гальтон дарындылықты әр түрлі нәсілдегі данышпандардың санымен бағалауға тырысты(мұнда өмірдің әлеуметтік жағдайлары ескерілмеді) және ол генотипі жағынан өзгеше екендігі жөнінде қорытынды жасады. Оның кейбір пікірлері тура нәсілшілдік мінезде болды. Сол оқиғадан, қазіргі кезде Сократ пен Фидияға тең келетін адам жоқ. Ф.Гальтон адамзат табиғатының әлсіреуі жөнінде қорытынды шығарып, жаңа адамзаттық түрдің құрылуына алып келетін, данышпан адамдардың жоспарлы көбеюінің жақсару құралын көрді. Ол бұл ойларды арнайы аймақ-евгеникада дамытады. Анық биологизаторлық позициямен адамға жақындау арқылы статистикалық тәсілді қолдану арқылы алынған нәтижені қолданып,Гальтон дарындылықтың табиғи фактормен таралуын түсіндірді. Осылай, ғалымдар келесі тұқым қуалайтын айтулы қасиеттер арқылы сипатталады: жан мен тәннің қуаты, жігерлі шыдамдылық және тұрақтылық, тумысынан ғылымға қызығушылығы, денсаулығы, ой-пікірге тәуелсіздігі. Адамның әлеуметтік болмысын және оның даму заңдылықтарын елемеушіліктен, әлеуметтік мәселелерді биологизациялау ғылымға қарсы тұжырым мен кертартпа ұсынымдарға алып келді(мысалы, әлсіз ұлттар адамзаттың игі түрлеріне жол беруі қажет). Тәрбие мен ортаға әсер етуді зерттеу мақсатында, ол біржұмыртқалы және әр түрлі жұмыртқадағы егіздерді сауалнама жинағы арқылы зерттеуге көшті. Осыдан ғылыми зерттеудің жаңа әдісі-егіздік әдіс енгізілді. Бірдей жыныстағы біржұмыртқалы егіздердің іштесыңары болатыны туралы жалпы тұжырым жасалды. Әр түрлі жұмыртқадағы егіздердің іштегі сыңарынан өзгешелігі бақыланды, бірақ ол тұқым қуалаудың маңызды рөлі туралы тұжырымды әлсіретпеді.
Дарындылықты зерттеуден Гальтон әрбір адамның психикалық қызметін, оның ақыл-ойын бағалау мақсатында өлшеуге көшті. Ол сезімталдықтың әр түрін (көру, есту,иіс және басқа),реакция уақытын өлшеу үшін тапсырмалар(тестілер) енгізіп, осыған қажетті құралдарды ойлап тапты(есту табалдырығының жоғарылығын анықтауға арналған Гальтон ысқырығы, көз мөлшерін анықтауға арналған Гальтон сызғышы). Ассоциативті қабілеттер, елес, пікірлесу жылдамдығының құрылуы тестіленді. Сынақ нәтижесі бойынша адамдар арасындағы жекелей ерекшеліктер туралы пікір айтылды. Гальтон сенсорлы ерекшеліктер тестісі интеллектіні бағалау құралы бола алады деп есептеді, сондықтан сенсуалистік орнатудан шығып, интеллектінің қызметіне негіз беруші білімнің жалғыз қайнар көзінің сезім органын қарастырды.
1882 жылы Лондонда ол антропометриялық лабораторияның негізін қалады. Мұнда аз ғана ақыға әрбір адам өзінің сенсорлы ерекшелікті сезімталдығын моторлы үдерісін сынға сала алатын болды. Ол өнеркәсіп аймағындағы мемлекеттік тапсырмалармен байланысты(әскер, коллониялды саясат) адамдарды іріктеуде осы зерттеудің тәжірибелік мәнін көрді.
Осылай, Гальтон жекелей ерекшеліктер психологиясының және зерттеуде адекватты жол болып көрінген тест әдістерінің негізін қалаушы болып шықты.
Гальтон мінез аймағындағы жекелей ерекшеліктерді зерттеуге тырысты. Сурет құрамасы әдістемесін осы мақсатта пайдалана отырып, адамның сырт келбеті мен психикасының байланысы туралы ой айтты. Бұл талпыныстар жеңіспен бітпеді.
Гальтонның көптеген ойларының ішінен тек психикалық қызметті тестілеу идеясы ғана өз жалғасын тапты.Гальтон бойынша тестімен психикалық үрдістерді өлшеуге болады, өйткені олар ми қызметі және тұқым қуалаудың болашақ шарты болып табылады және адамның өмір бойғы тұрақтылығын билейді. Осындай түсініктен тестология да дами бастады. Оның басты бағыты тестінің кең диапазоны арқылы алынып, өзара байланыс көрсеткіштерін анықтауға құрылған адамзаттық қабілеттерді статистикалық зерттеу болды. Лондонның психология мектебінің негізін салушы Чарльз Эдвард Спирмен(1863-1945) корреляцияны талдау әдісі-факторлы талдауды салыстыру арсындағы корреляцияның негізінде жатқан факторларды анықтау мақсатында қолданылатын корреляциялық кестені жөндеудің математикалық әдісін өңдеп, соның негізінде екі факторлы интеллект теориясын шығарды. Ол әр түрлі интеллектуалды тестілерде сыналушылар бірдей нәтиже беретінін және осы тест бойынша баға ең өзгеше тапсырмаларды шешуде корреляцияланатын эксперимент ретінде орнықтырды. Бұл қатынасты Спирмен G факторының жалпы себебіне тәуелділік деп түсіндірді (general Ability). Жалпы осы факторлар қатарында, іс-әрекеттің арнайы формасына сәйкес келетін спецификалық факторлар алынды(S1,S2...). Факторлы талдау ізбасарлары оның ісін арттырып, оған қоса екі факторлы теорияға интеллектінің жаңа теоретикалық түсіндірмесін қарсы қойды. Әр түрлі теориялар туындады(Л.Герстаун, Дж.Гильфорд-АҚШ, С.Барт- Англия): онда интеллект құрылымында әр түрлі тестіде әр түрлі салмақта болатын факторлар қатары белгіленді. Әр түрлі авторлар белгілеген мұндай факторлардың саны әр түрлі. Факторлы талдауды қолдану аймағы кеңеюде. Г.Айзенк пен Р.В.Кеттел оны тұлғаны зерттеуде қолданды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет