Пәні:Әлеуметтану Орындаған:Әлімхан Б. Қабылдаған


Әлеуметтік өзгеріс және интеллектуалды ағымдар



бет2/10
Дата04.11.2023
өлшемі83,46 Kb.
#121983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әлеуметтік өзгеріс және интеллектуалды ағымдар


Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтанудың тағы бір ерекшелігі – тарихи көзқарастан бас тартып, позитивистік немесе «ғылыми» бағытқа бет бұрды. Дороти Росс жазғандай, «біріктірілген абстракцияға қол жеткізу ынтасы және сандық әдістерді қолдану америкалық әлеуметтік ғалымдарды тарихи және мәдени антропология мен Макс Вебер ұсынған түсіндірмелі интерпретативті модельдерді жалпылаудан бас тартқызды» .
Беделді, қалыптасқан еуропалықтардың америкалық әлеуметтану теориясына тағы бір факторының ықпалы болды. Еуропалық теорияшылар айтарлықтай деңгейде әлеуметтану теорияларының негізін қалаушылар болды, ал америкалықтар осы негізді қолдана алды. Оларға еуропалық ғалымдар Спенсер мен Конт айрықша ықпал етті. Алғашқы кезде Зиммельдің шығармашылығы да белгілі деңгейде маңызды рөл атқарды. Ал Дюркгейм, Вебер және Маркстің алғашқы жылдары айтарлықтай ықпалы болған жоқ. Герберт Спенсер идеяларының тарихы ерте кезеңгі еуропалық теориялардың америкалық әлеуметтануға қаншалықты ықпал еткенінің қызықты әрі ақпараттық мысалы бола алады.
Герберт Спенсердің әлеуметтануға ықпалы. Неліктен алғашқы кезеңде америкалық әлеуметтануда Спенсердің идеялары Конттың, Дюркгеймнің,
Маркстің және Вебердің ағартуларына қарағанда ықпалдырақ болды деген сұрақ туады. Ол өзгелерге қарағанда өз еңбектерін ағылшын тілінде жазды деген көзқарастар бар және адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын, тұтастай біріктіретін теорияны ұсынды. Әсіресе оның теориясы индустриаландыру процесінің ауыртпалығын көрген қоғам үшін үміт сыйлап, жайлы сипатқа ие болды. Ғалымның айтуынша, қоғам тоқтаусыз алға қарай жылжып отырады.
Спенсердің ең атақты америкалық шәкірттерінің бірі – Уильям Грэм Самнер оның көптеген әлеуметтік дарвинистік идеяларын қолдап, ары қарай өрбітті. Сондай-ақ ол Лестер Уорд, Чарлз Хортон Кули, Э.А. Росс және Роберт Парк сынды алғашқы америкалық әлеуметтанушыларға зор ықпал етті. Алайда 1930 жылдары
Спенсердің жалпы интеллектуалды ортада, әсіресе әлеуметтануда беделі болмады. Оның социал-дарвинистік, араласпау идеялары әлемдік соғыс пен ірі экономикалық тоқырау сияқты үлкен әлеуметтік мәселелермен салыстырғанда күлкілі болып көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет