Пәні:Әлеуметтану Орындаған:Әлімхан Б. Қабылдаған


Уильям Грэм Самнер (1840–1910)



бет3/10
Дата04.11.2023
өлшемі83,46 Kb.
#121983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Уильям Грэм Самнер (1840–1910)


Самнер Құрама Штаттардағы әлеуметтік дарвинизмнің негізгі өкілі болды, алайда өмірінің соңында ол өз көзқарасын өзгертті. Самнер «ең жақсы икемделген адамдар ғана аман қалады» деген бағытты әлеуметтік әлемді зерттеу үшін ұстанды. Спенсер сияқты ол адамдардың қоршаған ортамен күресі туралы айтты және сәттілікке ең мықтылар ғана қол жеткізе алатынын жазды. Осылайша, ол адамның агрессиялығы мен бәсекелестігін қолдады. Сәттілікке қол жеткізген адамдар да, сәтсіздікке ұшырағандар да өз ісіне лайықты. Спенсер сияқты Самнер де жолы болмаған сәтсіз адамдарға өзгелер тарапынан, әсіресе үкімет тарапынан көмек көрсетуге қарсы болды. Оның ойынша, мұндай араласу адамдар мен жануарлар арасындағы сияқты ең мықтысы аман қалатын, ал әлсізі жойылып кететін табиғи екшеуге қайшы келеді. Бұл теориялық жүйе әл-ауқат пен билікке қол жеткізудің үлкен айырмашылығын ақтай отырып, капитализмнің дамуына алып келді.
Қазіргі уақытта Самнердің тарих тарапынан басқа қызығушылық тудырмайтынына екі себеп бар. Біріншіден, оның теориялық бағыты мен әлеуметтік дарвинизмі бәсекелестік – капитализм мен оның мәртебесін орынсыз заңдастыруға бағытталған әрекет деп санайды. Екіншіден, Самнер Йельде білім алушылар саны көп әлеуметтану мектебінің қуатты базасын құра алмады. Ондай жетістікке бірнеше жылдан кейін Чикаго университетінде қол жеткізілді.
«Әлеуметтанудың, таза әлеуметтанудың міндеттерінің бірі – әлеуметтік өзгеріс пен әлеуметтік құрылымның негізгі заңдарын зерттеу», – дейді ғалым. Алайда Уорд әлеуметтанушылардың әлеуметтік өмірді зерттеуін жеткіліксіз деп пайымдады.
Әлеуметтанудың практикалық қыры да болуы керек, яғни қолданбалы әлеуметтану болуы қажет деп санады. Уорд толықтай әлеуметтік дарвинист болған жоқ, ол әлеуметтік реформалардың жүргізілу қажеттігіне және оның маңыздылығына сенді.

Торстейн Веблен (1857–1929)


Веблен әлеуметтанушы емес еді, ол экономика бөлімдерінде қызмет істеп, экономикада да маргиналды тұлғалардың бірі болды. Осыған қарамастан, әлеуметтану мен бірнеше пәндерге ұзақ уақыт қолданылған елеулі маңызы бар әлеуметтік тұжырымдама жасады. Бүгінгі таңда Веблен еңбектерінің маңыздылығын оның «Әл-ауқатты тап теориясы» кітабына қатысты айтуға болады. Веблен әл-ауқатты тапты бейберекет тұтынуды қолдағаны үшін сынға алады. Қоғамның басқа бөлігіне әсер қалдыру үшін олар «көп алдында даңғазалап уақыт өткізу» мен «демонстрациялы тұтынуға» жол беретінін айтады. Осындай мысал қоғамның барлық тобындағы адамдарға әсер етеді, олар тікелей және жанама түрде әл-ауқатты топқа еліктеуге тырысады. Нәтижесінде, өз уақыты мен ақшасын оңды-солды жұмсайтын қоғам пайда болады. Вебленнің бұл жұмысындағы ең маңызды нәрсе, ол сол уақытта жазылған әлеуметтанулық жұмыстардың көпшілігіне қарағанда өндіріске емес, тұтынуға мән береді. Осылайша, бұл еңбек әлеуметтік теорияның бүгінгі өндірістен тұтынуға қарай жылжуын алдын ала көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет