Пәні:Әлеуметтану Орындаған:Әлімхан Б. Қабылдаған


Уильям Айзек Томас (1863–1947)



бет5/10
Дата04.11.2023
өлшемі83,46 Kb.
#121983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Уильям Айзек Томас (1863–1947)


Уильям Айзек Томас 1895 жылы Чикаго университетінің қызметкері бола жүріп, 1896 жылы өз диссертациясын аяқтады. Томастың әлеуметтануға деген ұзақ мерзімді сарқылмас ықпалы әлеуметтану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеудің қажеттілігін алға тартуында болды. Ол көп жылдар бойы осы көзқарасты қолдаса да, оның негізгі сөзі 1918 жылы Флориан Знанецкиймен бірігіп шығарған «Еуропа мен Америкадағы поляк шаруасы: иммиграция тарихындағы классикалық еңбек» атты кітап жарық көргенде айтылды. Мартин Булмер оны аса маңызды зерттеу деп санайды, себебі бұл зерттеу әлеуметтануды «абстрактілі теориялар мен кітапханалық зерттеуді, теориялық шеңберді қолдана отырып, эмпирикалық әлемді зерттеуге алмастырды. «Еуропа мен Америкадағы поляк шаруасы» әлеуметтанудың қалыптасуына өте маңызды деп саналды, өйткені «тек осы пән ғана зерттеу мен бақылау жүргізе алатын, жеке интеллектуалдық кеңістікті анықтайтын еді. Осы кітап Еуропа мен Құрама Штаттарда сегіз жыл бойы жүргізілген зерттеудің нәтижесі және поляк көшіп-қонушыларының арасында әлеуметтік ұйымшылдықтың жойылуын зерттеді. Мәліметтер кейінірек өз мәнін жоғалта бастады. Алайда ондағы әдіснамасы маңызды болды. Ол автобиографиялық ақпарат, ақылы жазулар, туыстарға хат, газет тігінділері, ресми құжаттар және іскер корреспонденция сынды түрлі мәлімет көздерін қамтыды.
Поляк шаруасы әлеуметтік институттардың макро әлеуметтану зерттелімі болғанымен, Томас өз мансабында микроскопиялық, әлеуметтік-психологиялық бағыт-бағдарға ұмтылды. Ол «Егер адамдар жағдайды шынайы қалпында айқындаса, онда оның салдары да шынайы болады» деген әлеуметтікпсихологиялық пікірімен белгілі. Бұл микроскопиялық, әлеуметтікпсихологиялық көзқарас Маркс, Вебер мен Дюркгейм сияқты макроскопиялық, әлеуметтікқұрылымдық және әлеуметтік-мәдени көзқарастарға қарама-қайшы келді. Ол Чикаго мектебінің теориялық жемісі – символикалық интеракционизмнің ерекше белгілерінің бірі болды.

Роберт Парк (1864–1944)


Чикагодағы тағы бір ерекше тұлғалардың бірі – Парк 1914 жылы Чикаго университетіне жарты жұмыс күніне оқытушы болып орналасты. Көп ұзамай әлеуметтану бөліміндегі ең озық ғалымдардың санатына қосылды.
Парктың әлеуметтанудың дамуындағы маңыздылығын даралайтын бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол 1930 жылдарға дейін әлеуметтануда басымдық танытып келген Чикаго университетінде ең мықты тұлғалардың бірі болды. Екіншіден, Парк Еуропада оқыды және Чикаго әлеуметтанушыларының назарын сол құрлықтың ойшылдарына аударуға ықпал етті. Парк Зиммельдің шәкірті болды, осылайша, Зиммельдің идеялары, әсіресе оның ісәрекет пен өзара ықпалдасуға берген басымдығы Чикаго мектебінің теориялық бағдарының қалыптасуына зор әсерін тигізді. Үшіншіден, ол әлеуметтанушы болудан бұрын репортер болды, бұл тәжірибесі оған қала өмірі мәселелерінің маңыздылығын түсінуге және бақылау арқылы эмпирикалық мәліметтерді жинау қажеттігін үйретті. Чикаго мектебінің қала экологиясына айрықша ден қоюы дәл осы жерден туындады. Ең соңында, 1921 жылы Парк пен Эрнест У. Берджесстің әлеуметтану саласында шын мәнісінде маңызды «Әлеуметтану ғылымына кіріспе» атты оқулығы жарық көрді. Ол көп жыл бойы есте қалатындай ықпалды кітап болды, әсіресе ғылымға, зерттеуге бейімділігімен, әлеуметтік құбылыстардың кең ауқымын қамту ерекшелігімен дараланды.
1920 жылдың соңы мен 1930 жылдардың басында Парк уақытының көбін Чикагодан басқа жақта өткізді. Ақырында, оның нәсілдік қарым-қатынастарға қатысты өмір бойғы қызығушылығы оны 1934 жылы Фиск, яғни «қара нәсілді» университетіне алып келді. Чикаго бөлімінің құлдырауы ішінара Парктың кеткенімен байланысы болмағанымен, бұл әлеуметтану орталығының ықпалы 1930 жылдарға қарай әлсірей бастады. Чикаго университеті әлеуметтану кафедрасының құлауы және өзге де әлеуметтану бөлімдері мен теориялары туралы айтпастан бұрын, біз осы мектептің ерте кезеңіне және шығармашылығы теориялық маңыздылыққа ие екі тұлға – Чарлз Хортон Кулиге және ең маңыздысы – Джордж Герберт Мидке оралуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет