PMBOK және Agile технологиялары негізінде жобаларды басқару пәнінің пәнінен өздік жұмыстарды өткізудің әдістемелік нұсқаулары
1. ӘЗІРЛЕНДІ
Семей қаласы Шәкәрім атындағы университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Ибраева А.К.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының мәжілісінде.
Кафедра меңгерушісі ___________ А.Зейнуллина
Хаттама № 1. 31.08.2023 жыл
Гуманитарлық - экономикалық факультетінің Академиялық сапа жөніндеі комиссиясынын мәжілісінде.
Төрайымы ______________ М.Искакова
Хаттама №.1. 11 .09.2023 жыл
3. БЕКІТІЛДІ
Факультет деканы_____________У.Тлемисов
Кіріспе
Қазіргі әлеуметтік жағдай, білім беру саласында, соның ішінде тұлғаны дамыту секілді маңызды өзекті мәселелердің бірін, өз алдына қойып отыр. Интеллектуалды дамыған, ойы шығармашыл, жоғары кәсіби дайындықпен, кез-келген жағдайда ұтымды шешім қабылдай алатын азаматтарды тәрбиелеуде, жоғары оқу орындарындағы білім беру деңгейінің маңызы зор. Мұндай талаптарды орындау үшін студенттердің ақпараттық оқу әдістерінен белсенді білім алу әдістеріне көшу, түрлі өз бетінше жұмыс жасау, іздену сияқты жолдары қажет.
Білімгерлердің ең басты шығармашыл танымдық іс-әрекет формаларының бірі - өзіндік жұмыс әрекеттері, бұл жоғары білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі. Ауқымды әрі тереңдетілген өзіндік жұмыс бос ауқытты үнемді пайдалануға бейімдейді.
Білімгердің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылғанын, яғни мақсаттың дұрыс қойылғанын көрсетеді. Оқытушының ұйымдастыруымен жасалынған өзіндік жұмыс пән бойынша оқу материалын меңгеру мен жаңа оқу тапсырмаларын шешуге деген талпынысты құрайды. Өзіндік жұмыс-үй жұмысы, тапсырмасы түсінігінен гөрі кеңірек ұғым (түсінік), яғни келесі сабаққа дайындық ретіндегі тапсырмаларының орындалуы. Студенттердің өзіндік жұмысы-бұл оқу-танымдық іс-әрекетінің өздігінен білім алудың жоғарғы, спецификалық формасы (түрі) ретінде қарастырылады.
Білімгердің өзіндік жұмысы (БӨЖ) - бұл оның өзіне ыңғайлы және тиімді уақытта танымдық қызығушылықтары мен мақсат бағыттарын белсенді дербес ұйымдастырған жұмысы. Студенттің өзіндік жұмысының нәтижелері оқытушымен бақыланады. Студенттерді өзіндік жұмыстарға қалыптастыруда оқу жұмысының тәсілдері де өте пайдалы. Олар:
• сөйлемді қайта өңдеу, оқу материалын кеңейту және ондағы маңызды идеяларды бөліп көрсету принциптерін, заңдылықтарын, білімгерлердің өз бетінше тапсырма ретін құрау тәсілдері;
• оқу мәдениеті (синтагмалы, динамикалы оқу) және тыңдау мәдениеті, қысқа әрі рационалды жазу тәсілдері (жоспарлар, тезистер, конспектілер, аннотациялар т.б.), толық есте сақтау тәсілдері (оқу материалының құрылымын меңгеру, бейнелік және есту естеріне сүйене отырып мнемотехникалық тәсілдерді пайдалану);
• білімгерлердің өзін бақылау, басқару түрлеріне сүйене отырып есті шоғырландыру тәсілі;
• емтихан, семинар т.б. дайындық кезінде қосымша ақпарат алу тәсілдері;
• еңбек пен демалысты кезектестіріп, уақытты рационалды пайдалану тәсілдері.
Білімгерлердің өзіндік жұмысы– студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. БӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |