Пәнінен өздік жұмыстарды өткізудің әдістемелік нұсқаулары Әзірленді



бет3/7
Дата03.12.2023
өлшемі87,59 Kb.
#133460
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7
Ұсынылатын эссе тақырыптары:
1. Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру

  1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің мақсаты мен қағидалары

  2. Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы жүйесі

  3.  Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

  4. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорндағы қаражатты орналастыру

  5.  Зейнетақымен қамтамасыз етудің ережелері мен қағидалары

Әдістемелік нұсқау.
Эссеге дайындалу мен оны жазу жолдары
Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Эссенің авторы – тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге … кейіпкер де бола алуы қажет Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы – бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.
Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;
Эссеге көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл – метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар).
Кез келген эссенің мазмұны мен сапасы төмендегілерге байланысты болмақ: оқыған әдебиет бойынша конспект, дәрістер, пікірсайыс материалдары, автордың осы мәселеге байланысты көзқарасы мен өмірден жинақтаған тәжірибесі.
Бар материалды өңдеу (жүйелеу, дәлелдеу).
Дәйектеу (бар материалдың эссе тақырыбына сәйкес келуі).
Эссе жазу үдерісін бірнеше кезеңге бөлуге болады: проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру – түзеу.
Эссе жазуда практикалық қадамдар:
1 - қадам. Контексті анықтаңыз.
Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы – эссенің негізгі ойы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет