Пәнінен syllabus



Pdf көрінісі
бет25/33
Дата24.05.2022
өлшемі0,83 Mb.
#35551
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
SYLLABUS атом және ядро

көпiршiктi камера. Көпiршiктi камераны температурадасы өзiнiң қайнау 
температурасына өте жақын тұрған сұйықпен толтырады. Мұндай сұйық ретiнде 
әдетте сұйылтылған сутегi, пропан, ксенон т.с.с қолданады. Камера арқылы 
зарядталған бөлшек өткен кезде ол өткен жолдың бойындағы сұйық 
бөлшектерiнiң температурасы кенет артып, қайнайды да бу көпiршiктерi пайда 
болады. Ал оны жоғарыдағы Вильсон камерасындағыдай жолмен суретке 
түсiрiп алуға болады (7.7-сурет). Көпiршiктi камерадағы сұйықтың тығыздығы 
Вильсон камерасындағы газдың тығыздығынан әлде қайда артық болғандықтан 
мұнда аса дәл өлшеулер жүргiзудiң мүмкiндiгi бар.
Шапшаң зарядталған бөлшектер мен γ-кванттарды тiркеуде Гейгер-Мюллер 
есептегiштерi қолданылады Ол iшi өте аз қысымдағы (шамамен 0,1 атм) газ 
қоспасымен, мысалы аргон мен метил спиртiнiң буының қоспасымен толтырылған цилиндр 
трубкадан тұрады. Цилиндрдiң ортасында одан изолятор арқылы оқшауланған жiңiшке сым бар. 
7.7 -  


Бұл жiңiшке сым анодтың, ал цилиндрдiң корпусы катодтың ролiн атқарады. Анод пен катодтың 
арасына аса жоғары кернеу берiлген. Есептегiштiң жұмыс көлемi арқылы зарядталған бөлшек 
өткен кезде ол өз жолындағы газ бөлшектерiн иондайды да, пайда болған электрон мен оң ион 
жоғарғы кернеудiң салдарынан туындылаған өрiстiң әсерiнен сәйкес анод пен катодқа қарата үдей 
қозғалады. Бұл бөлшектер өз кезегiнде жолында кездескен газдың басқа атомдарын иондайды
сөйтiп бұл үрдiс тасқынды сипат алады. Иондалған бөлшектер тасқыны анод пен катодқа келiп 
жеткенда тiзбек өте аз уақытқа тұйықталады да, бөлшек тiркеледi.
Ядролық 
сәуле 
шашудың 
кез-келген 
түрiн 
тiркеу 
үшiн 
иондаушы 
камераларқолданылады Иондаушы камераның жұмыс iстеу принципi Гейгер-Мюллер 
есептегiштерiнiң жұмыс iстеу принципiне ұқсас. Мұнда тек анод пен катодтың арасына берiлетiн 
кернеудiң шамасы аса үлкен емес. Сондықтан тiзбекте пайда болатын токтың шамасы аса аз. Оны 
арнайы күшейткiштердiң көмегiмен өлшеп, иондаушы бөлшектердiң қарқыны жөнiнде баға беруге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет