Пәнінен syllabus



Pdf көрінісі
бет2/33
Дата24.05.2022
өлшемі0,83 Mb.
#35551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
SYLLABUS атом және ядро

2. Пән туралы мәліметтер 
Мақсаты: 
Атом және атом ядросының физикасы, элементер бөлшектер табиғатымен таныстыру. атом
жөніндегі ілімнің дамуына ХІХ ғ. аяғында француз ғалымы Беккерель ашқан радиоактивтік
құбылыстың маңызы , классикалық электродинамика заңдалықтары бойынша атомның құрылысы, 
Бор постулаттары, атом ядросында өлшенетін физикалық шамалардың масштабтары,
фундаментал өзара әсерлесулердің түрлері және т.б. ақпараттар беру. Оларға физикадағы шектік 
өтулердің болатындығын көрсету. 
Курстың міндеті: Курстың міндеті атомдық және ядролықп, айналада болып жатқан құбылыстарды, 
процестерді түсіндіру, физикалық білімдерін кеңейту. Теориялық білімнің пайдасы физика есептерін 
шығарғанда қолданады. Сонымен бірге студенттердің санасында дүниенің бір тұтас суреттемесін 
қалыптастыруда қажет. 
Пререквизиттері: әртүрлі математикалық есептеулерді (дәрежелі сандарды қосу, көбейту, бөлу, 
т.с.с)жүргізу, формулаларды математикалық түрлендіру және басқа да математикалық операциялар 
жасау үшін математика пәні, геометрия пәні. MAT 102, ANG 101, MEH 101, MAT 101.
Постреквизиттері: Атомдық физика курсында алған білімдері мен дағдылары: Бор постулаттары
Резерфордтың атом моделі, радиоактивтілік ыдырау заңдылықтарын, ядролық физика және 
элементар бөлшектер физикасын меңгеру арқылы айналадағы процестерді терең түсінуге 
жәрдемдеседі. (STF 401, ORT 202, MOL 102, ELM 201, AYF 301)
 
3.Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану 
қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, 
барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға 
қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет. 
1. Сабаққа қатысу 
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде 
көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Тапсырманы уақытында тапсыру қажет. Кешіктірген 
жағдайда қойылатын бағаның 20 % шегерілетінін ескеру қажет.
2. Аудиториядағы тәртіп 
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу 
үрдісіне белсенді қатысуы қажет. 
3. Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде 
қорытынды баға шығарылады. 


4. Жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде 
орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады. 
5.Өзіндік жұмыстарды, берілген материалға байланысты түсініксіз мәселелерге байланысты 
оқытушының офистік уақыт кезінде кеңесуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет