Дәріс 3. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын үйретудің басты стратегиялары
Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын үйрету үшін мұғалімге қызықты ойлар мен бірнеше қарапайым стратегияларды білу қажет.
Cыни ойлау дағдылары: аргументтің барлық жақтарын белсенді түрде іздеу, мәлімдемелердің дұрыстығын тексеру, талаптарды қолдау үшін пайдаланылатын дәлелдемелердің дұрыстығын тексеру.
Қайта оқу стратегиясы
Оқу барысында оқушылардың өздерін сенімді сезінуіне арналған оқылымды қайталау стратегиясы әзірленді. Оның басты мақсаты – балаларға дәл, жеңіл және тиісті мөлшерде оқуға көмектесу.
Бізде оқуға деген сүйіспеншілігі бар оқушылар, сондай-ақ жоқ адамдар бар. Кейбір оқушылардың оқуды неге қаламайтынымен байланысты көптеген факторлар болуы мүмкін. Кітапта олар үшін тым қиын болуы мүмкін, ата-аналар оқуды белсенді түрде жігерлендірмеуі мүмкін, немесе оқушы өздері оқып жатқан нәрселерге қызығушылық білдірмейді. Мұғалімдер ретінде біздің оқушыларымызға оқуды жақсы көріп, дамытуға көмектесу керек.
Сауаттылық стратегияларын қолдану және бірнеше көңілді іс-шара жасау арқылы біз оқушыларды оқығанымыз үшін емес, оқуға ынталандыруымыз мүмкін.
Оқыту жүйесі белгілі бір педагогикалық технологияларды қажет етеді. Соның бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапты алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Технология үш кезеңнен тұрады:
І. Ой шақыру;
ІІ. Мағынаны тану;
ІІІ. Ой толғаныс.
Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар өзара тығыз
Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда – тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда – тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда – тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда – 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда – тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Мысалы:
1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
4. Күй – адам сезімінің көрінісі.
5. Өнер.
Сабақ соңына қарай «БББ» немесе «маркировка» стратегиясын қолдану қажет. «БББ» — «білемін, білдім, білгім келеді» деген сөздерден алынған. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
Сын тұрғысынан дамыту технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады, бір-бірімен пікір алысып, ой бөлісіп, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады. «Баланың ізденіп білім алуы, талаптануы оның қызығушылығын оятып, тәрбиелеген жағдайда ғана жеміс бере алады», — деген Ыбырай Алтынсарин.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
1.Қызығушылықты ояту.Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
2.Мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― – “мен үшін түсініксіз”, + – “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
3.Ой-толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады.
Құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, соның ішінде:
а) ақпараттық;
б) коммуникативтік;
в) әлеуметтік.
Жалпы кәсіптік құзыреттілік – әр сала манының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
— сенімділікпен жұмыс жасау;
— бар ынтасымен оқуға берілу;
— пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
— өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |