Рейтингтік баға - әр тоқсан немесе жарты жылдықтың соңында, кредиттер санына қарай жылына 2-4 рет қойылатын білімгерлердің оқу жетістіктерін бағалау.
Аралық бақылау-бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізілетін білімгердің оқу жетістіктерін тексеру.
Аралық бақылауды өткізу нысандары жазбаша бақылау жұмысы, тестілеу немесе коллоквиумды ауызша тыңдау , конференцияға қатысу болып табылады.
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)-оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген және тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, жобалар және есептер түрінде бақыланатын, өз бетінше оқуға бөлінген тақырыптар тізімі бойынша білімгердің жұмысы.
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – бұл сабақ кестесінде көрсетілген оқытушының басшылығымен сыныптағы білімгердің жұмысы.Оқытушымерзімді өткізу формаларын пәннің әдістемесінен, оның ерекшеліктері мен зерттеу мақсаттарын анықтайды. Бұл практикумдар, семинарлар, есептерді шешу, тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттарды қорғау, шығарма жазу, жобаларды таныстыру, конференциялар мен т. б. болуы мүмкін.
Силлабус-пәннің оқу бағдарламасы, оған оның сипаттамасы, мақсаты мен міндеттері, қысқаша мазмұны, әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы, өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар, кеңес беру уақыты, оқытушы талаптары, білімгердің жетістіктерін бағалау критерийлері, аралық және қорытынды бақылау сұрақтары және әдебиеттер тізімі кіреді.
Ағымдағы бақылау ауызша, жазбаша, аралас сауалнамалардан, үй тапсырмаларын, тестілерді қорғау мен таныстырудан, пікірталастарға, форумдарға, дөңгелек үстелдерге қатысуды бағалаудан тұрады.
Тьютор-оқу сабақтарын жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша оқушының кеңесшісі ретінде әрекет ететін оқытушы.
Форум-пікір алмасуға арналған веб-бет, онда белгілі бір тақырып бойынша хабарламалар және оларға түсініктемелер орналастырылады. Форум-бұл сайттағы қарым-қатынас құралы.
2.16 Пән модуль бойынша глоссарий Абиоз — мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін бүлдіретін зиянды микроорганизмдерді құрту арқылы консервілеу тәсілі. Бұған мәселен, сүтті қайнату жатады.
Автоклав — лабораторияда, ауруханаларда, аптектерде және түрлі консервілер жасайтын заводтарда микроорганизмдерді құртуда қолданылатын аппарат. Бұнда зарарсыздандырылатын затқа -)-100о-та су буымен бірша-ма жоғары қысым (1,5—2 ат) әсер етеді.
Автолиз — ферменттердің әсерінен күрделі органикалық заттардың биохимиялық жолмен ыдырауы. Ферменттер әсерінен микроорганизмдер клеткалары да ериді.
Автотрофтылық — органикалық емес заттарды пайдалана отырып, организмдердід қарапайым жолмен қоректенуі
Агар-агар — микробтарға арнап қатты коректік ортаны жасауда теңіз балдырларынан өндірілетін зат.
Азотты сіңіру — немесе азотты фиксациялау. Атмосферадағы бос күйіндегі молекулалық азоттың биохимиялық жолмен азот қосылыстарына айналуы. Бұның топырақ құнарлылығы үшін зор маңызы бар. Оларға: 1) бұршақ түқымдас өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактериялары, 2) топырақта жеке күйінде тіршілік ететін азот сіңіруші бактериялардың екі тобы: азотобактер және клостридиум пастеурианум жатады.
Азотобактер — топырақта, көңде, түрлі суларда жеке тіршілік ететін атмосферадағы молекулалық азотты сіңіретін бактериялардьщ ерекше туысы.Олардын, ерекше белгісі — клеткаларының сыртында шырыш қабйқтары, яғни калсулалары болады.
Азотобактерин — ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін арттыратый азо-тобактерлерден жасалған бактериялы тыңайтқыш.
Активаторлар — бұны биоактиваторлар деп те атайды. Микроорганизмдердің өніп-өсуін қолдайтын коректік ортаға қосылатын заттар.
Актиномицеттер — сәулелі саңырауқұлақтар. Табиғатта, соның ішінде топырақ-та кең тараған микроорганизмдердің жеке класы. Олардың ішінде адам мен жануарларда актиномикоз ауруын туғызатын өкілдер де бар.
«АМБ» — аухтотонды «Б» микрофлора. Топырақтағы қоректік заттарды өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын, гумустьщ минералдануын шапшаңда-татын тірі бактериялардан жасалған жиынды тыңайтқыш. Бұл бактериялы тыңайтқыш құрамында, аммонификациялаушы,нитрификация-лаушы, денитрификациялаушы, азот сіңіруші, клетчатка ыдыратушы, фосфордың қосылыстарын есімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын микроорганизмдер болады.
Амилаза — немесе диастаза. Крахмалды декстрин және мальтозаға дейін ыдыра хтатын гидролиздеуші фермент.
Аммонификация — табиғаттағы кұрамында азоты бар органикалық заттардың аммиакқа дейін ыдырауы. Оларға көптеген шіріту бактериялары, актино-мицеттер және зең сақырауқұлақтары жатады.
Анабиоз — әдетте байқалмайтын тіршіліктің жасырын түрі. Өсімдіктер мен жа-нуарлар өнімін консервілеудің негізгі принциптерінің бірі. Бұған шөпті құрғатып, пішёй даярлау, құрғақ дәндерді сақтау, енімдерді салқында сақтау тәсілдері жтады.
Анаэробиоз — атмосфералық оттегі жоқ жерде тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдер.
Антагонизм — организмнін бір тобына екінші бір топтың жойқын әсер ететін қасиеті. Оларға сүт қышқылы бактерияларының шіріту бактерияларының тіршілігін тежеуі мысал болады. Бұған қарама-қарсы құбылыс—симбиоз.
Антибиоз — тіршілікті тежейтін әрекет. Микробтар тіршілігін тежейтін кейде оларды қырып жіберетін әр түрлі организмдердін. тіршілігі барысында бөлетін заты. Оларға бірқатар антибиотиктер жатады.
Антисептиктер — хирургиялык құралдарды және түрлі жараларды таңатын заттарды микроорганизмдерден тазарту үшін өңдеуге арналған химиялық заттар.
Архимицеттер — мицелийі жоқ немесе нашар дамыған төменгі сатыдағы микроскоптық саңырауқұлақтардың жеке класы. Олардың көпшілігі өсімдіктер паразиті.
Аскомицеттер — жыныстық споралары арнаулы қалталарда орналасқан жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың жеке калталы класы. Аспергилл — аскомицеттер класына жататын жоғары сатыдағы зең саңырауқұлақтарының жеке туысы. Олардын, споралары конидиялардың ұшында орналасады. Олардың кейбір өкілдері құстар мен кемірушілерде ауру қоздырады.
Ассимиляция — организмдердің қоректік заттарды және ауаны қабылдап сіңіруі.
Аусыл — мүйізді ірі қара малдарда, шошқа.~арда, ал кейде адамдарда кездесетін сүзгіленуші вирустардың әсерінен болатын жүқпалы ауру. Оның бір қасиеті, басқа ауруларға қарағанда тез тарайды.
Ацидофилин — немесе оны ацидофиль сүті деп те атайды. Айран сияқты сүт тағамы. Ол арнаулы ацидофиль бактерияларының кемегімен сүттен даярланады. Бұнда сүт қышқылы жеткілікті дәрежеде’түзіледі және бүл айранды ішкен адамдар мён малдардың ішектерінде ацидофиль бактериялары жақсы бейімделіп тіршілік етеді.
Ашу — азотсыз органикалық заттардың микроорганизмдер әсерінен анаэробты жағдайда биохимиялық езгеріске ұшырауы. Бұған спирт, сүт қышқылы, ацетонэтил, ацетонбутил, май қышқылы ашу процестері жатады. Сонымен қат.ар ашу арқылы овощтарды, жемістерді және мал азықтарын сақтайды,
Аэробиоз — ортада оттегі болғанда байқалатын тіршілік нысаны.
Базидиомицеттер — саңырауқұлақтар класы. Олардың жыныстық споралары (базидиоспоралары) шеті жуандаған базидий деп аталатын жіпшелерде орналасады. Оған: дат, үй, трутовик және басқа да түрмыста түтынуға болмайтын улы саңырауқүлақтар жатады.
Бактериялар — микроорганизмдердің ең бір үлкен тобы. Оларға шар және таяқша тәрізді спора түзбейтін топтар жатады.
Бактериялар капсуласы — кейбір бактериялардьщ бөлетін шырыш тәрізді заттары. Ол бактерияларды құрғаудан және басқа да сол сияқты қолайсыз жағдайлардан сақтап түрады.
Бактериялық сүзгілер — сұйықтарды бактериялар мен саңырауқұлақтардан тазартуға арналған майда саңылаулары бар аспап. Ал бұл сүзгілерден вирустар оп-оңай-ақ өтіп кетеді.
Бактеризациялау — кейбір биологиялық және биохимиялық процестердін. тиімділігін арттыру үшін белгілі бір бактерияларды жеке күйінде қолдану.Бұған тұқымға бактерияларды жұқтыру, мал азығын сүрлеуде бактегриялы ашытқыларды қолдану мысал бола алады. Бактериоздар — белгілі бір бактериялардың әсерінен адамдарда, жануарлар және өсімдіктерде пайда болатын аурулар.
Бактериолизис — түрлі бүлдіруші факторлардьщ әсерінен бактериялар клеткаларының еріп кетуі.
Бактериология — микроорганизмдер жөніндегі ғылымның негізгі бір бәлігі, яғни бактериялар туралы ілім.
Бактериофагтар — немесе фагтар деп те атайды. Табиғатта кең тараған, және микроскоптармен көрінбейді, тірі бактерияларды ерітіп, ыдыратып жібереді. Дәл мағынасында фаг—«жалмаушы» деген ұғым береді.
Бактерицидтік — әр түрлі факторлардың (химиялық, физикалық, биологиялық) бактерияларды қыратын қасиеті. Осы факторлардың қасиеттері нашар, яғни бәсеңдеген болса, бактериостатикалық құбылыс деп атайды.
Бацилдар — өз клеткаларында спора түзетін таяқша микробтар. Бактерияларға қарағанда олардың айырмашылығы да осында.
Биокатализаторлар — микроорганизмдер тіршілігінін, барлық саласында белсене қатысатын тірі клеткалардағы ферменттер немесе энзимдер.
Биологиялық тазару — арнаулы жерлерде және түрлі микроорганизмдердщ қаты-суы арқылы лас сулардың немесе сол сияқты басқа да сұйықтардың та-заруы.»
Биопрепараттар — ауыл шаруашылығында, медицинада және ветеринарияда ке-ңінен қолданылатын құрамында тірі микробтары бар немесе сол орга-низмдердің туындысы болып есептелетін арнаулы заттар. Оған: вакци-налар, сывороткалар, антибиотиктер, бактериялы тыңайтқыштар және басқалары жатады.
Биофабрикалар — медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығында қажетті биопрепараттарды өндіретін өндірістер.
Биоценоз — табиғат жағдайында өзара және сыртқы ортамен белгілі бір қатыста болатын түрлі микроорганизмдер жиынтығы. Биоценоз құрамынан барып жалпыға мәлім антагонизм, паразитизм, симбиоз құбылыстары туады.
Бластомицеттер — бүршіктену арқылы көбейетін микроскоптық саңырауқұлақтар. Оларға ашытқылар және солар тектес саңырауқұлақтар жатады.
Бруцеллез — немесе инфекциялық (жүқпалы) ауру. Адам мен малдарда ерекше бактериялар — бруцеллалар әсерінен болатын жұқпалы ауру.
Бульон етпептонды — кысқартып орысша «МПБ» деп атайды. Микроорганизмдерді есіруге арналған коректік орта. Ол ет сорпасы мен бір процент пептоннан тұрады. Бұған жарты процент ас тұзы мен 1,5—3 процент агарагар қосу арқылы қатты қоректік орта даярланады. Оны етпептонды агар «МПА» деп атайды. Ал 10—12 проценттей желатина қосылса, етпептонды желатина алынады — МПЖ.
Вакциндар — жүқпалы ауруларға қарсы медицинада, ветеринарияда қолданыла-тын өлтірілген немесе шала-жансар микробтардан жасалған препарат. В. алдынала сақтандыру (вакцинопрофилактика) және кейде шипа ретінде (вакцинотерапия) қолданылады. В. әсерінен организмде тұрақты иммунитет пайда болады.
Вибриондар — иректелген бактерияларға жататын үтір тэрізді, өте екпінмен қозғалатын микроорганизмдер.
Вирус — бұл сөздің дәлме.-дәл аудармасы «У». Оны екі мағынада түсінуге де болады. Біріншісі — жалпы барлық жүқпалы ауруларды коздырғыштар. Ал екіншісі — сүзгіленуші вирустар. Сүзгіленуші вирустар бактериялар өтпейтін сүзгіден өтіп кететін, адамда жануарларда және есімдіктерде ете ауыр сырқаттарды қоздырғыш, жәй микроскоптармен керінбейтін ете ұсақ организмдер.
Волютин — әр түрлі микроорганизмдер клеткаларында жиі кездесетін белокқа өте ұқсас, қүрамында фосфоры және азоты бар заттар.
Гетеротрофтылық — дайын органикалық заттармен коректенетін микроорганизм-дер. Егер де олар өлі органикалық қалдықтарды пайдаланатын болса, сапрофиттер, ал тірі организмдермен қоректенетін болса, паразиттер деп атайды.
Галофильдер — күрамында едәуір мөлшерде түздары бар ортада тіршілік етуге бейімделген және сол жерде кебейе алатын микроорганизмдер. Олар те-ңіздерде, мұхиттарда және түзды көлдерде тіршілік етеді.
Гидролиз — заттардың суды қосып алып, оның әсерінен ыдырауы. Бұнда ферменттердің әсері күшейе түседі.
Гифа — саңырауқұлақтар денесін құрайтын бір немесе көп клеткадан түратын, бұтақталған өте нәзік микроскоптық жіпшелер.
Гифомицеттер — жетілмеген саңыраукүлақтардың ете үлкен тобы. Бұған бірқатар топырақ саңырауқұлақтары, адам мен жануарлардьщ терісін зақымдайтын ауру қоздырғыш паразит саңырауқұлақтар жатады.
Гликоген — микроорганизмдер клеткаларында және хайуандардың бауырындакездесетін крахмалға ұқсас углеводполисахарид. Организмде ол қор заты ретінде жиналады.
Грам әдісімен микроорганизмдерді бояу — Дания бактериологы Грамның (1884) ұсынған микроскоптық препараттарды бояудың, күрделі әдісі. Осы бояуға қатысын ескере отырып, микроорганизмдерді екі топқа бөледі. Біріншісі’— Грам әдісімен боялатындар, екіншісі — боялмайтындар.
Гранулеза — қоректік заттар қоры ретінде көптеген клеткаларда жиналатын және құрамында крахмалы бар углевод. Иод ерітіндісімен әсер еткенде ол көк түске боялады.
Гумус — өлі өсімдіктер және жануарлар қалдықтарынан микроорганизмдердін,әсерінен пайда болатын органикалық заттардың ерекше күрделі тобы.Олар топырақ күрамында болады. Мәселен, қара топырақта Г. 15 процентке дейін барады. Шымтезекті топырақта 25 процентке дейін жетеді.Топырақ құнарлылығын түзетін зат.
Дезинфекция — жұқпалы ауруларды қоздырғыш микроорганизмдерді құрту үшін қолданылатын химиялық заттар. Бүл тәсілмен белмелерді, аспаптарды,киімдерді зарарсыздандырады.
Денитрификация—нитраттардьвд (азот қышқыл тұздарының) нитриттерге (азотты қышқыл тұздарына және аммиакқа содан соң молекулалы азотқа)
дейін тотықсыздануы. Бүл процесс ерекше денитрификациялаушы бактериялардың әсерінен топырақта, көңде және т. с. жерлерде жүреді
Десмобактериялар — жіпше бактериялар.
Десульфуризация — десульфурикациялаушы бактериялар әсерінен күкірт түздарының сутегіне дейін тотықсыздануы. Бұл процесс топырақта, әсіресе
көл және теңіз, шипа балшықтарда белсенді жүреді.
Диастаза — амилазаны қараңыз.
Диплобактериялар — белгілі бір туысқа жататын, клеткалары қос-костан орналасқан шар тәрізді бактериялар.
Диплококкалар — клеткалары қос-қостан орналасқан шар тәрізді бактериялар.
Диссимиляция — тірі клеткадағы органикалық заттардың су мен көмір қышқыл газына дейін ыдырауы. Кез келген тірі организмге тән биологиялық құбылыс.
Ашытқылар — бүршіктену арқылы көбейетін, аскомицеттер класына жататын микроскоптық саңырауқұлақтар тұқымдасы. Д. шарап, сыра, спирт, нан дайындауда және мал азығы ретінде кеңінен қолданылады. Жалған аяқтылар — бір клеткалы қарапайым организмдердегі (амёба) қозғалу мүшесі. Ж. а. уақытша пайда болатын дене есінділері.
Жіпшелер — микроорганизмдер қозғалуына кажетті органоидтар. Олар момо трихты, лофотрихты және перитрихты болып бөлінеді.
Жіпше бактериялар — немесе оларды десмобактериялар деп атайды. Жіп тәрізді ұзын, клеткасының бір ұшымен мекендейтін жерге бекіп тіршілік ететін кәп клеткалы микроорганизмдер. Оларға темір және кейбір күкірт бактериялары жатады. Қөбінесе суда тіршілік етеді.
Зигота — балдырларда, саңыраукүлақтарда, кейбір қарапайымдыларда жыныстық жолмен пайда болған қалың қабықты козғалмайтын клетка. Зимаза — ашытқылар клеткасында кездесетін, спирт ашу процесі кезінде углеводтарды ыдыратуға қатысатын ферменттер тобы.
Зооглея — желім тәріздес шырыштар бөліп онымен клетка сыртында капсула құрайтын бактериялардың колониялары.
Зооспора —’көптеген балдырларда және кейбір микроскоптық саңырауқұлақтардың кебеюі барысында жыныссыз жолмен пайда болатын клеткалар.
Иммунитет — жұқпалы ауруларға организмнің қарсы түрарлық қасиеті. Бүнда әрбір әрекет етуші затқа қарсы организмде тиісті өзіндік иммунитет пайда болады.
Инвертаза — немесе сахараза деп те атайды. Қызылша қантын (сахараза) глюкоза және фруктозаға дейін ажырататын фермент.
Ингибиторлар — биологиялық процестерді тежейтін заттар. Ол әрекеті жағына активаторларға қарама-қарсы заттар.
Инкубациялық кезең — организмге ауру қоздырғыш микроорганизмдер енгеннен қейін аурудың бастапқы белгілері байқалғанға дейінгі уақыт, яғни аурудьщ жасырын кезеңі.
Инфекция — адамдар мен жануарларда паразит микроорганизмдердің әсер етуінің бір көрінісі. Оларға жұқпалы аурулар жатады. Инфузориялар — қарапайымдылар класындағы ең көп тараған ішкі қүрылыстары аса кұр-делі, көптеген кірпікшелері аркылы қозғалатын бір клеткалы организм-дер. Табиғатта кең тараған; суда, әсіресе тоқтау суларда, ылғал топырақтарда, күйіс қайыратын жануарлардың карындарында кездеседі.
Кефир — сүт қышқылы және спирт ашу процестерінің нәтижесінде сиыр сүтінен жасалатын тағам. Бұнда ашытқы ретінде сүт қышқылы бактериялары мен кефир ашытқылары қолданылады.
Клостридиум — бактериялар систематикасындағы жеке туыс. Клеткаларының орта жерінде үршыққа үқсас споралары орналасқан. Анаэробты микроорганизм. Бүлар май қышқылы ашу процесін қоздырады.
Клетчатка — және оны ыдырататын микроорганизмдер. Целлюлозаны қараңыз.
Клетка тургоры — бір қалыпты зат алмасу жағдайында суға толы болғанда клетканың қабырғаларына әсер ететін ішкі кернеу.
Клетка ядросы — міндетті түрде болатын клетканың бір белігі. Бірақ бактерияларда ол жоғары сатыдағы организмдердегідей жекеленбеген, цитоплазма ішінде шашырай орналаскан.
Коккалар — шар тәрізді домалақ клеткалары бар бактериялар тобы. Споралары болмайды, қозғалмайды. Олардың диплококктар, тетракокктар деген туыстары бар.
Коли-бактериялар — немесе ішек таякшасы деп те атайды. Бүлар адам мен жануарлардың ішек-қарындарында кен. тараған. Олардын, басым көпшілігі іш сүзегі, паратиф, дизентерия, оба және басқа да ауруларды қоздырғыштар.
Комфостар — Өсімдіктердің органикалық қалдықтарына малдардың нәжістерін қосу аркылы даярланған тыңайтқыш. Бұнда микроорганизмдер басты роль атқарады. Компостардың шымтезекті-көдді, көңді-фосфоритті түрлері бар.
Консервілеу —■ физикалық, химиялық және биологиялық әдістер кемегімен өсімдіктер және жануарлар өнімдерін шіруден, ашудан сақтау. Бүның абиоза, анабиоза, биоза және ценанабиоза деп аталатын төрт түрі бар.
Кох аппараты — неміс оқымыстысы Кохтың ұсынған бу ағынымен заттарды зарарсыздандыруға арналған аспабы. Бұнда бу температурасы 100 градустан аспайды.
Лакобактериялар — сүт қышкылы ашу процесін қоздыратын микроорганизмдер.
Лактобациллин — сүт қышқылы стрептококктар мен болгар таяқшасының көмегімен сүттен жасалатын тағам.
Лептоспира — спирохета түқымдасындағы микроорганизмдер. Олардың денесі иректелген, шеттері қайрылған, шапшаң қозғалғыш.
Лизоцим — адам және малдар сілекейлерінде болатын бактериялар клеткаларын оңай ерітетін фермент тектес заттар.
Липаза — гидролиз барысында майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ажырататын микроорганизмдерде кездесетін фермент.
Лофотрихтар — бірнеше жіпшелері клетканың бір үшында орналасқан бактериялар.
Май қышқылы ашу процесі — кейбір органикалық кьішқылдар (сүт қышқылы т. б.) мен углеводтардан (крахмал, клетчатка, пектин заттары) түзілетін өнім. Бүл май қышқылы бактерияларының әсерінен анаэробты жағдайда жүретін процесс.
Мальтаза — мальтоза қантын екі молекула глюкозаға ажыратуға белсене қатысатын фермент. Кейбір микробтар клеткасында кездеседі. Маринадтау — сірке суын қосып, содан соң ептеп қыздыру арқылы тағамдарды консервілеу.
Мезофильдер — сыртқы ортаның температурасы бір қалыпты болғанда (+30—+40°) өніп-өсіп, көбейетін микроорганизмдер.
Мембрана — аралық жарғақ. Цитоплазма мембранасы — клетканың сыртқы қабығымен шектесіп жатқан цитоплазманың сыртқы қабаты. Метабиоз — микроорганизмдердің бір тобының, екінші бір тобының тіршілігі нәтижесінде пайда болған заттарымен коректенуі. Мәселен, күкірт бактерияларыньщ әрекетінен пайда болған күкірт қышқылы басқа заттарды ыдыратып, бактериялардын, қалған топтарына қоректік орта түзеді.
Микроорганизмдер колониясы — қоректік ортада бір клеткадан дамыған, жай көзбен көруге болатын микроорганизмдердін. жиынтығы. Әр түрлі микроорганизмдердің колониясы өздерінін, түсіне, пішініне қарай түрліше болады.
Микроорганизмдердің тыныс алуы — тіршілікке қажетті энергия бөлінуді қамтамасыз ететін, клеткада өне бойы жүріп жататын биохимиялық процестердің жиынтығы. Тыныс алудың екі түрі бар: аэробты және анаэробты түрлер.
Микроорганизмдердің қозғалуы — активті және пассивті түрлері бар. Біріншісіне амебалар, түрлі қозғалғыш бактериялар, кірпікшелілер, шырыш бактериялары жатады. Екіншісі сұйықта болатын бактерияларда байқалады.Оны броундық қозғалыс деп атайды. Микроорганизмдердің өзгергіштігі — сыртқы орта жағдайларының және түрлі химиялық, физикалық факторлардьщ әсерінен кейде пайда болып, кейде жоғалып отыратын микроорганизмдер клеткасына тән табиғи қасиет.Микроорганизмдердің өзгеруі түқым қуалаушылыққа байланысты және оны қолдан басқаруға мүмкіндік туды.
Микобактериялар — бактериялар мен микроскоптық саңырауқұлақтардың қасисеттері тән таяқша тәрізді микроорганизмдер. Бұлардың кейбіреулері ауру қоздырғыштар.
Микококкалар — шар тәрізді микобактериялар.
Микодерма — спиртті ішімдіктерде, шараптар мен сыралардың бетінде қалын, қабық түзе өсетін жетілмеген саңырауқүлақтар класына жататын ашытқылар тәрізді микроорганизмдер. Олар спиртті су мен көмір қышқылына дейін ажыратады.
Микориза — жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырларының сақырауқұлақтардың белгілі бір түрлерімен бірлесіп тіршілік етуі. Микрококкалар — көбею кезінде жүзім шоғына ұқсап бір жерде шоғырланып қалатын шар тәрізді бактериялар.
Мицелий — бүтақталған жіптер — гифтерден тұратын саңырауқүлақтардың вегетативтік денелері.
Монотрихтар — клеткаларынын, бір үшында жалғыз жіпшесі бар, қозғалғыш бактериялар. Мәселен, оған вибриондар жатады.
Мукор — фикомицеттер класына жататын төменгі сатыдағы микроскоптық саңырауқүлақтар. Гифтері жеке клеткаға ажырамаған, ұшында спораға толы жүмыр спорангийі болады.
Нитрагин — бұршақ тұкымдас есімдіктердің енімділігін арттыру үшін олардың тұқымына жұқтыратын бактериялы тыңайтқыш. Нитрификация — аммиакты азот қышқылы түздарына дейін тотықтыратын, топырақ қүнарлылығын арттыратын биохимиялық проқесс. Бүл негізінен екі сатымен жүреді. Алдымен аммиактан азотты қышқыл пайда болса,кейіннен одан азот кышқылы түзіледі. Бұған нитроза және нитрит бактериялары қатысады.
Оидии — вегетативтік көбею кезінде кейбір саңырауқұлақтар гифтерінен пайда болатын сопақша клеткалар.
Органоидтар — тіршілікте белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген клетканың тұрақты бір белігі. Оған: центросома, хондрисома, пластидтер жатады.
Осмос — өткізгіш немесе жартылай өткізгіш қалқаншалардан заттардың өтуі. Бұл әрбір тірі клетканың зат алмасуына тән қасиет. Осмостық қысым — ерітіндідегі еріген заттардың клетка қабығыыа керсететін қысымы.
Осмофильді организмдер — осмостық қысьм аса жоғары жағдайларда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Бүған теңіз суларында немесе тұздалған енімдерде тіршілік ететін микроорганизмдер жатады.
Паразиттік — әр түрге жататын екі организмнің арасындағы қатынас. Бүлардың біреуі паразиттік жолмен, ал екіншісі иесін қоректік зат ретінде пайдаланып, зор зақым келтіреді.
Паратрофтар — немесе паратрофты микроорганизмдер. Өте күрделі органикалық қосылыстармен (тірі белоктар т. б.) қоректенетін микробтар. Бүларға негізінен паразит микроорганизмдер жатады. Патогендік — микроорганизмдердің адамдарда, жануарларда және өсімдіктерде жұқпалы ауруларды қоздырғыштық қабілеттілігі.
Пектиндер — бірқатар өсімдіктер (жемістер, қара қурай) клеткаларын ез ара жалғастырып туратын полисахаридтер тобына жататын углеводтар. Пектин ашу процесі — кейбір зең саңырауқұлақтары мен бактериялар клеткала рында болатын пектиназа ферментінің әсерінен клетка аралық пектин заттарының ыдырауы.
Пеницилл— қалталы саңыраукұлақтар класына жататын туыс. Споралары саусақ тәрізденген конидиносцыларда орналасады. Табиғатта кең тараған, жасыл-кек тусті зең саңыраукулактар осыған жатады. Пенициллин — пеницилл саңыраукулағынан тіршілік әрекеті барысында беліиетін антибиотик. Ол бірқатар ауруларға ем ретінде қолданылады.
Перитрихтар — қозғалу органы — жіпшелері денесін түгел жаба орналасқан бак-териялар. Олар бір орында тұрып, тербеле қозғалады.
Пигменттер — жарықтың зиянды әсерінен сақтауда зор маңызы бар, зат алмасуына белсене қатысатын микроорганизмдерде кездесетін әр түрлі түске боялған тіршілік өнімі. Көптеген микроорганизмдерде пигмент клетка ішінде орналасады. Ал кейде бул бояулар қоректік ортаға да бөлінеді.
Плазмолиз — қант, туз, глицерин және басқа да заттардың күшті концентрациялы ерітіндісіне салғанда бактериялар клеткасында байқал.атын қубылыс.Бунда цитоплазмадағы судың ерітіндіге ауысуына байланысты клетка қабығы ажырап, жиырылады.
Полимофтық — кейбір микроорганизмдер клеткалары пішіндерінің өзгеруі. Бұған табиғатта аса көп тараған протеус бульгарис деген шіріту бактериялары жатады. Кейде олар ұсақ таяқшаға уқсаса, кейде ұзарып, жіп тәрізді күйге айналады.
Пропион қышқылы ашу процесі — углеводтардың және сүт қышқылы мен оның тұздарының прошгон қышқылы бактерияларының әсерінен пропион, сірке және көмір қышқылдарына ыдырауы
Протеазалар — белокты заттарды ыдырататын тірі клеткаға тән ферменттер.
Протоплазма — немесе цитоплазма. Негізгі тіршілік құбылысы жүретін клетканың қурам бөлігі.
Протопласт — қабықтан басқа клетка кұрамына енетін заттар жинағы.
Психрофильдер — 5—7 градус салқында, яғни төменгі температурада өніп-есуге бейімделген салқын суйгіш микроорғанизмдер.
Ризоидтар — кейбір микроскоптық саңырауқұлақтар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің тамырға үксас органы. Олар арқылы микроорганизмдер ортаға бекиді және коректік заттарды сорады.
Ризосфера — өсімдік тамырларының айналасындағы аймақ. Бул қабаттағы микробтар қүрамы басқаларына карағанда езгеше. Өсімдік тамырлары мен ризосфералык микроорганизмдер арасында сол екі организмнің тіршілігіне белгілі бір әсер ететін, олардың тіршілігін реттеп отыратын тығыз қарым-катынас қалыптасады.
Сапрофиттер — жануарлар мен өсімдіктердің калдықтары және басқа да бөлін-ділерімен қоректенетін организмдер. Паразиттік қасиеті жоқ бактериялар мен саңыраукүлақтар.
Сарцина — тең-тең болып орналасқан және сегіз клеткалардан тұратын шар тәрізді бактериялардың туысы.
Сахаромицеттер — сыра қайнатуда, нан пісіруде және спирт даярлауда қолданылатын табиғатта кең тараған ашытқылар түқымдасы.
Силикат бактериялар — топырақтағы алюмосиликаттарды ыдыратып, одан калийді беліп шығарады, атмосфера азотын сіңіреді, топырақтағы басқа да микроорганизмдердің тіршілігін жақсартады.
Симбиоз — әр түрге жататын екі организм арасындағы әр қилы қарым-қатынас. Бүнда екі организмнің тіршілігі арқасында олардың екеуі де пайда көреді.
Солод — ылғалды және жылы жерде алдымен өсіріп, артынан кептірген астық тұқымдастар дәндерінен жасалған өнім. Оларда ашытқылар жақсы ашытатын жәй қанттар көп болады. Солодты негізінен арпа дәндерінен жасайды.