2. Бағдарлама: 2.1 Кіріспе. Микробиология базалық пән ретінде білуі әр бір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым жағынан клиникалық және теориялық медицинаның маңызды мәселелерін шешеді.
Медициналық микробиологияның зерттейтін нысанасы микроорганизмдердің жүйелеуін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын зерттейді; адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерін, аурулар қоздырғыштарының патогенді факторларын, олардың клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін, оларды бөліп алуы мен идентификациясын, спецификалық терапиясы мен алдын алуы.
Микробиологияны оқымай медицинаның аса маңызды мәселелерін шешуі мүмкін емес, мысалы адамдардың жұқпалы ауруларын төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған ауруханаішілік инфекцияларды төмендету және жою, олардың арнайы сақтандыруы мен терапиясы.
2.2 Пәннің саясатыоқу үрдісін кезекті оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 4 түрін міндетті орындау.
Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек.
Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беруден және тәжірибелік дағдыларды (зертханалық жұмыстарды орындау және безендіру) тапсырудан тұрады.