Пән/модуль/өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасы



бет1/2
Дата08.06.2023
өлшемі170,5 Kb.
#99868
  1   2
Байланысты:
Мат оқыт теор нег мен әдіс 121-11а


ОРАЛ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
(білім беру ұйымының атауы)

БЕКІТЕМІН

Басшысы (директор)

_____________З.М.Габдуллина

"____" ____________20___жыл


Пән/модуль/өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасы
Математиканың теориялық негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі
(модуль немесе пән атауы)
Мамандық 01140100-«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
(коды және атауы)
Біліктілік 4S01140101-«Бастауыш білім беру мұғалімі»
(коды және атауы)
Оқыту нысаны күндізгі, жалпы орта білім базасында
Жалпы сағат саны 96, кредит саны 4
Әзірлеуші (-лер) ___________ Жасталапова Жанаргүл Жасталапқызы
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Түсіндірме жазба



Пән/модуль сипаттамасы: Оқу жұмыс бағдарламасы 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігінің білім алушыларына «Математиканың теориялық негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқытудың әдістемесі» пәні жалпы кәсіби білім алу мақсатына сәйкес әзірленген. Орал жоғары гуманитарлық – экономикалық колледжінің оқу – әдістемелік Кеңесінде талқыланып бекітілді/2022ж. «26» тамыз, №1 хаттама/. Осы үлгілік бағдарлама «Математика теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны мен даярлық деңгейінде талаптарды жүзеге асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.
Пәннің міндеті – математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер, әрекет тәсілдері, логикалық амалдар мен ақыл-ой операцияларын қарастыра отырып, педагогика, психология пәндерінен алған білім, білік және дағдыларының деңгейіне сүйене отырып оқыту.
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда курс мазмұны бастауыш мектеп математикасының мазмұны, оны оқытудың ерекшеліктерін анықтайды, педагогикалық процестің жалп заңдылықтары мен математиканы оқытудың жолдарын қарастырады.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады. Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, пікірсайыс, жағдайлық мәселелерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, рольдік және іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және басқалар.

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: Білім алушылар мұғалім мамандығының мәні мен әлеуметтілік маңыздылығын түсіну; адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану; ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың компьютерлік әдістерін, Интернеттен ақпаратты іздеу әдістерін, электронды поштаны, АКТ меңгеру; оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.

Пререквизиттер: Үлгілік оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдылары негізделеді:
-математика;
-педагогика.

Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет:
-педагогика;
-психология;
-математика;
-ықтималдықтар теориясы;
-математикалық логика;
-педагогикалық әдістер;
Жаңа педагогикалық технологиялар.

Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар:
АКТ, Интербелсенді тақта, оқулық, электронды оқулықтар, бейнесабақтар, презентациялар, слайдтар.

Педагогтің(тердің) байланыс құралдары:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жасталапова Жанаргүл Жасталапқызы

тел.: 87088600299

е-mail: zhanargul.zhastalapova@bk.ru





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет