Пәннің атауы: ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті және оны оқыту әдістемесі Кредит саны: 5 Курс: 3 Семестр: 5 Білім бағдарламасының атауы және шифры: 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті Институт: Филология Кафедра: Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі: Аширов Ж.С.– магистр, аға ақытушы Контактілік ақпарат (телефон, e-mai): zhanashir@mail.ru, +7 7714593001 2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан) Бағалау критериялары: Үйтапсырмаларының немесе БӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойысізоқылатынматериалдыпайдаланасыз
5.БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс
Бақылау формасы (жазбаша, ауызша немесе тест түрінде емтихан, топтық немесе жеке жоба, оқу-шығармашылық жұмыстарды ұсыну және т. б.) Бағалау шкаласы*Қосымшада көрсетілген
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4 3. Курстың академиялық презентациясы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті курсында жыраулық дәстүлі поэзияның ақындық поэзияға ұласып үндесуі, жыршылық дәстүр, сал-серілік және айтыс өнерінің өркендеуі, әдеби туындының көркемдік, стильдік дамуы ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктеріне де ғылыми баға беріледі. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік озық көркемдік әдістермен, жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігіне де айрықша назар аударылады. Бұл талаптың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болады.
Пәннің мақсаты студенттердің ғылыми-шығармашылық ізденіс қабілетін, сыни ойлау дағдыларын, кәсіби әрекетпен байланысты құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.