Пәннің атауы: «Жоғары мектепте математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»



бет26/31
Дата24.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#86220
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жұптық жұмыс.
Әдебиеттер:[7], [9].

12 практикалық сабақ тақырыбы: Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Жобалап оқыту әдісі.


Негізгі сұрақтар,тапсырмалар:

  1. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

  2. Жобалап оқыту әдісі.

1- тапсырма. Студенттің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру түрлерін келтіріңіз.
2- тапсырма. Ресей, АҚШ, Франция, Индия, Германия елдерінде студенттің өзіндік жұмысы қалай ұйымдастырылады? Талдау жасап, артықшылығы мен кемшілігін анықтап қорытынды жасаңыз.
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жазбаша тапсырма.
Әдебиеттер:[11], [7].

13 практикалық сабақ тақырыбы: Жоғары мектептегі геометрияны оқыту әдістемесі


Негізгі сұрақтар,тапсырмалар:
1-тапсырма. Геометрияны оқытудың негізгі кезеңдерін атаңыздар.
2-тапсырма. Геометриялық материалды мазмұндау кезінде қандай әдісті қолдану басым болады? Мысал келтіріңіздер.
3-тапсырма. «Сыбайлас бұрыштар» тақырыбындағы тапсырмаларды талдаңыздар. Олардың ішінен «сыбайлас бұрыштар» ұғымын енгізудегі дәлелдеуді болдыратын, оның мазмұнын ашатын және енгізілетін ұғымды бекітетіндерін атап көрсетіңіздер. Осы ұғымды бекітетін тапсырмалар қандай оқу жаттығу түрлеріне жатады?
4-тапсырма. «Осьтік симметрия» тақырыбы бойынша сабақ жоспарын құрыңыздар. Түзуге қарағанда симметриялы, нүктелер ұғымын енгізу кезінде проблемалық ахуал туғызу мәселесін қарастырыңыздар.
5-тапсырма. V және VI сыныптардағы геометриялық материалды баяндау әдістерінің салыстырмалы талдауын беріңіздер. Мысалдар келтіріңіздер.
6-тапсырма. V және VI сыныптарда математиканы оқытуда фигуралардың ауданы мен көлемі ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін сипаттаңыздар. Олар ұғымдардың қай түріне жатады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет