Пәннің атауы: «Жоғары мектепте математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Практикалық сабақтарға арналған нұсқаулық



бет20/31
Дата24.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#86220
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Жоғары мектепте математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі (2)

7. Практикалық сабақтарға арналған нұсқаулық.
1 практикалық сабақ тақырыбы: Жоғары мектепте математиканы оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, міндеттері.
Негізгі сұрақтар:
1) математиканы оқыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері;
2) 1-2 курс бойынша математика бағдарламасын талдау.
1-тапсырма. Математиканы оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Көрсетілген әдебиеттермен танысып, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Қандай басты мәселелер математиканы оқыту әдістемесінде оқытылады? Барлық курс қандай бөлімнен тұрады? Жоғары мектептегі математиканы оқыту әдістемесіне, мазмұнына талдау жасаңыздар.
2-тапсырма. Академик А.Н. Колмогоров математиканың даму тарихын 4 кезеңге бөледі: 1) Математиканың пайда болу кезеңі. 2) Элементар математиканың қалыптасуы. 3) Айнымалы шамалар математиканың даму кезеңі. 4) Қазіргі математика кезеңі. Әр кезеңге сипаттама беріңіздер. Қазіргі математиканың қандай әдістәсілдері мектеп бағдарламасында көрініс тапқан?
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жеке жұмыс
Әдебиеттер:[1], [5], [6].

2 практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқытудың мақсаты мен мазмұны.


Математиканы оқытудың мақсаттары.


Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1-тапсырма. Математиканы оқытудың мақсаты жалпы білім беру, тәрбиелік және тәжірибелік болып бөлінеді. Осыларға сипаттама мен тұжырымдама беріңіздер. Сіздің көзқарасыңыз бойынша мектеп бағдарламасына математика курсы бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыруда жалпы білім беру және тәжірибелік мәні қаншалықты кең қарастырылған.
2-тапсырма. Қазіргі таңда математика мұғалімі, ЖОО оқытушысы қандай қасиеттерді игеруі тиіс? Математика пәнін оқытудың мақсаты қандай?
3-тапсырма. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды, студенттерді тәрбиелеуде өзекті мәселелерге жататындар дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Осыларға сипаттама беріңіздер. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды және студенттерді тәрбиелеуге қандай тәрбиелеу жүйесін елестетесіз, әрқайсысына жеке түсініктеме беріңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет