Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жұппен жұмыс
Әдебиеттер:[2], [5].
№3 практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқыту қағидасы туралы ұғым.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Математиканы оқыту қағидасы туралы ұғым.
Жоғары және орта мектепте оқыту қағидаларының ерекшелітері
1-тапсырма. Жоғары және орта мектептегі математика бағдарламасына талдау жасап, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Сан ұғымының кеңейуі қалай өтілуде? Мектеп математика курсында қандай геометриялық шамалар оқытылады? Жоғары мектепте қандай геометриялық шамалар оқытылады? Қай сыныпта функция ұғымы енгізіледі? Орта мектепте қандай функциялар оқытылады? Жоғары мектепте қандай функциялар оқытылады? Мектеп бағдарламасында қандай теңдеулер, теңсіздіктер мен теңдеулер жүйесінің түрлері қарастырылған? Жоғары және орта мектепте геометриялық түрлендірулердің қандай түрлері оқытылады, ұқсастықтары мен айырмашылығы қандай?
Әдістемелік нұсқау: көрсетілген тапсырмаларды конспект ретінде орындау.
Өткізу формасы: жұппен жұмыс
Әдебиеттер:[1], [3], [8].
№4 практикалық сабақ тақырыбы: Математиканы оқытудың әдістері.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Оқыту әдістері және оның түрлері.
2. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері
1-тапсырма. Оқытушы мен студенттердің қызметінің арасындағы айырмашылық тұрғысынан оқыту әдістерін сараптауға болады. Оқыту әдістері сабақ беру әдісіне (мұғалім/оқытушы қызметі, оқып үйрену әдісіне, оқушының/студенттің қызметіне) жіктеледі. Әрбір оқып үйрену әдісіне сабақ беру әдісі сәйкес келуі қажет. Сабақ беру әдісіне ақпараттық әдістер мен оқушылардың іздену қызметін басқару әдістері жатады: әңгімелесу, әңгіме, дәріс, мұғалімнің түсіндіруі, жаттықтыру сипатындағы өздігінен істейтін жұмысты басқару, оқушылардың оқулық әдебиетпен жұмыс істеуіне жетекшілік ету және т.б. Осы айтылған сабақ беру әдістеріне сипаттама беріңіздер. Олардың артықшылығы мен кемшіліктері қандай? «Үлкен немесе кіші» тақырыбы бойынша 5 сынып оқушыларына қандай әдістер қолданасыз?
«Үлкен немесе кіші» тақырыбы бойынша 1 курс студенттеріне қандай әдістер қолданасыз?
2-тапсырма. Оқып-үйрену әдістері ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді. Ғылыми әдістеріне: бақылау мен тәжірибе; салыстыру мен аналогия; анализ мен синтез; индукция мен дедукция және т.б. жатады. Салыстыру мен аналогия әдісіне сипаттама беріңіздер. Осы әдіс қандай сыныптарда және қандай курстарда кең қолданылады? Қандай тақырыптарды өткенде осы әдістемені қолданады?
Достарыңызбен бөлісу: |