Дәріс №11. Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
Қарастырылатын сұрақтар:
-компьютерлік графиканы қолдану аймағы;
-қолданбалы бағдарламалық құралдар;
-графикалық редактордың (ГР) ортасы;
-ГР жұмыс режимдері;
-ГР-мен жұмыс жасау бұйрықтары;
-графикалық редактордың өндейтін деректері.
Компьютерлік графиканы қолдану аймағы. Компьютерлік графиканы қолдану қосымшаларына: ғылыми, іскерлік, конструкторлық, көрнекілік (иллюстрациялық), көркем және жарнамалық графика жатады.
Компьютерлік графикалық технологиялар мына негізгі салаларда қолданылады:
-пайдаланушының графикалық интерфейсі;
-арнайы әсерлер (орысш. – спецэффекты), көзбен шолу әсерлері (орысш. – визуальные эффекты, VFX), цифрлы кинематография;
-цифрлы теледидар, дүниежүзілік тор, бейнеконференция;
-цифрлы фотография және фотографияларды өңдеу мүмкіндіктерінің өсуі;
-цифрлы суреттер;
-ғылыми және іскерлік деректерді гафика түрінде көрсету;
-компьютерлік ойындар, виртуалдық шындық жүйелері (мысалы, ұшақты басқарудың жаттығу құрылғысы);
-автоматтандырылған жобалау жүйелері;
-компьютерлік томография;
-кино және теледидар үшін компьютерлік графика;
-лазер графикасы.
Компьютерлік графика — бұл оқушылардың нақтылы көзбен көруін қажет ететін ақпараттық технологиялар аймағы. Сондықтан компьютерде компьютерлік графиканың әртүрлі өнімдерін: бояулы суреттер, схемалар, сызбалар, диаграммалар, анимациялық және үш өлшемді графика үлгілерін көрсету өте маңызды.
Сонымен қатар, балалар жақсы көретін компьютерлік ойындарында – күрделі графикалық интерфейстер болатынына оқушылардың назарын аударған жөн. Компьютерде үш өлшемді шындық бейнені шығараруға арналған бағдарламада, математикалық есептеулер көп болады. Графиканы бағдарламалау – қазіргі заманғы бағдарламалаудың ең күрделі аймағының бірі болып табылады.
Қолданбалы графикалық пакеттердің болуы, пайдаланушылардың қалың тобына компьютерлік графиканы қолдану мүмкіндіктерін кеңейткенін айта кету қажет.
Базалық курстың бұл бөлімінің теориялық мазмұнына, компьютердің жадында бейнені ұсыну жатады. Бұл сұрақтарды оқыту әдістемесі осы құралдың 6.4.1-бөлімінде талқыланды. Компьютерлік графиканың аппараттық құралдарын оқыту қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |