Пәннің мақсаты: білім алушылар әлемдік мәдениет пен өркениет контекстінде отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігін түсінуді



бет1/49
Дата08.03.2023
өлшемі408,27 Kb.
#72556
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49





Пәннің мақсаты: білім алушылар әлемдік мәдениет пен өркениет контекстінде отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігін түсінуді, өзіндік кәсіби қызметте қазақ халқының мәдени мұрасын динамикалық өзгермелі мультимәдени әлем мен социумда сақтау стратегиясын жүргізуді, медицинаның мәдени аспектілерін, оның маңызды бөлімдерін және оларға бағытталған жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық білім салаларын қарастыруды қалыптастыру.


Пәннің міндеттері:
- адамзат баласының мәдени өркениеттілік тәжірибесін игеру,
- мәдениеттің тарихи типтерін жалпы адамзаттық контекстінде талдау
- мәдениеттің тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;
- әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;
- білім алушының танымдық және теориялық –әдістемелік базасын дамыту.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы):
- мәдениет заңдылықтарын, жетістіктерін, оның теориясы мен тарихын философиялық көзқарастарын түсінуге;
- кез-келген мәселені толық, қайшылықтар мен көптүрлілік тұрғысынан қарастыруға;
- мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеріп және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыра алады.


Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер: Бұл курста мәдениетті зерттеудің жалпы мәселесі де талқыланады. Мәдениеттану курсы демократиялық даму үрдістеріне өз үлесін қосып, азаматтық қоғам қалыптастыру, адамның шығармашылық қабілетін жандандыру мақсатында құрылған. Мәдениеттану курсы адамзат қоғамының мыңдаған жылдар бойы жинақтап қорытқан даналық қазынасынан сусындауға мүмкіншілік береді. Адам тұлғасын адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуде, оның көзқарасын қалыптастыруда, өзінің өмірлік іс-әрекет бағытын таңдауда бұл курстың атқаратын қызметі мол.

І. Пәннің технологиялық картасы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет