Практикалық сабақ № 5 Тақырыбы: Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті. Мақсаты: . Қазақ мәдениеті қалыптасуының негізгі факторларытуралы түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету және атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.
Жоспары: 1. Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде.
2. Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Салт-дәстүрлері. Сақтардың Ежелгі медицинасы.
3. Орталық Азия (Қазақстан) көшпелілерінің негізгі мәдени және техникалық жетістіктері.
Әдістемелік нұсқау: Ежелгі дәуір қазақ мәдениет ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар: Сақ, массагет, ғұн, үйсін және қаңлылардың мәдени мұрасы және олардың түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасыундағы рөлі.
Әдебиеттер: 1. Нуржанов Б.Г., Ержанова А.М. «Культурология». - Алматы, 2011.
2. Жолдубаева А.К. «Культурология: практикум». - Алматы: Казну им.аль-Фараби, 2014.
Практикалық сабақ № 6 Тақырыбы: Арғы түркілердің мәдени мұрасы
Мақсаты: Прототүркілердің мәдениет жөнінде студенттердің сауатын ашу. Ежелгі түркілік мәдениет тарихына шолу.
Жоспары: 1. С. Өтенияздың "Аттила" ғылыми зерттеуі. Энкида – прототүркілердің даңқты кейіпкері ("Гильгамеш" поэмасы). 2.Прототүркілердің өмірі мен тұрмысы туралы Аристей Проконнестің "Аримаспея" поэмасы. 3. Ежелгі түркілердің космогониясы мен мифологиясы. Ата-баба культы. Тәңіршілдік. Тәңіршілдіктің құдайлар пантеоны. Ежелгі түркілердің салт-дәстүрлері мен рәсімдері. Аруақ культы. Ежелгі түркілердің руна жазуы. Ежелгі түркілердің қасиетті жазбасы "Алтун битиг" (Алтын кітап). 4. Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы. VI-дан VIII-ші ғасырға дейінгі түркілердің наным-сенімдері: буддизм, манихейлік, христиандық (несториандық). Ежелгі түркілік өркениеттер мен жетістіктер.
Сұрақтар: 1. Ежелгі түркілердің космогониясы мен мифологиясы
2.Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы.
Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру.
Әдебиеттер: Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
Габитов Т.Х., Абдигалиева Г.К., Исмагамбетова З.Н. «Философия культуры»: Учебник для студентов вузов и колледжей. – Алматы: Эверо, 2013
Ғабитов Т.Х., Затов Қ. «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі». - Алматы: Раритет, 2013.
Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. «Культурология». - Алматы, Раритет, 2008.