Пәннің мақсаты: білім алушылар әлемдік мәдениет пен өркениет контекстінде отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігін түсінуді


Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет27/49
Дата08.03.2023
өлшемі408,27 Kb.
#72556
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қарахан кезеңіндегі мәдениетінің ерекшеліктері.
2. Ортағасырлық түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының көзқарастары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі
1. Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.
2.Әлемдік мәдени мұра. 10 томдық. – А., 2005


Дәріс 9.Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
9.1.Қазақтардың эпикалық мәдениеті.
9.2. Ұлттық музей-қорық жобалары.
Дәріс мақсаты: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы анықтау.
Кілттік сөздер :жырау,қазақ халқы музыка және ақындық өнер,музей-қорығы.

1. Сол тарихи кезенде елге танымал жырау Бұқар Қалқаманұлы болды. Оның жырларының непзп тақырыбы: Отанға деген сүйіспеншілік, халық бірлігі мен батырлық идеясына тоғысып жатты. Ол өз жырларында жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтың үлт азаттық күресінің батырлары: Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек сынды батырлардың ерліпн жырларына арқау етіп, оларды жастарға үлп етті. Бұхар жырау бір орталықтан басқаратын күшті мемлекет құруды мақсат еткен, үш жүздің басын біріктіру жолына күш-қайратын сарп еткен Абылай ханның қызметін дәріптеді. Өзінің «Сабалақ» атты жырында Абылайдың көрегендігін жырла-ды. Ол Абылайдың кеңесшісі болды, оны ісімен де, ақылымен де қолдап отырды. Оның: «Әй, Абылай, Абылай!», «Ей, заман-ай, заман-ай!», «Ашуланба, Абылай!» т.б. жырларынан біз сол замандағы тарихи оқиғалардың қыр-сыры жайлы мәліметтер аламыз. Буқар жырау өз халқына: «таусылмас мал азабы үшін өзіңді-өзің қинама, мал өледі, жер сен өлген соң да қалады. Алланың бергеніне разы бол, өзіңнің беделіңді сақта»,- деп береке-бірлікке шақырады.
Сол уақыттағы ақын, жыршы Тәттіқара, эпикалық ақын Ақтамберді жырау, әйплі Шал ақын т.б. жыршы, жыраулар халқының мұң-мұқтажын пенделіктен жоғары қойған ұстанымдарымен танымал болды. Олар батырлардың ерліпн дәріптеді, ал ел басына қауіп төнген көзде халық-ты ерлікке, батырлыққа, күреске шақырды. Халық ауыз әдебиетіндеп «Елім-ай!», «Қап қағылған», «Шаңды жорық» сияқты туындыларда қазақ халқының жоңғарларға қарсы жүрпзген Отан соғысының оқиғалары баяндалды. Қазақ халқы музыка өнеріне ерекше мән берген. Халықтық ән-күйі енөрі жақсы дамыды. Сырым Датүлы көтерілісіне «Сырым сазы» күиі арналды. Сол заманның атақты домбырашы сазгері Байжігіт халық арасында кеңшен танымал болды. Ол «Ақтабан шұбырынды», «Қайыңсауған» (ақтабан шұбы-рынды кезінде аштықтан аман қалу үшін халық қайың шырынын ішкен) т.б. тарихи тақырыпқа арналған күйлер шығарды. XIX ғасырдың басындағы музыкалық және ақындық енерде Исатай батыр бастаған көтеріліске, оның серігі батыр, ақын Махамбетке арналған өлең-жырлар халық арасында кең тараған. Ал еркіндік, Отанға деген махаббат тақырыбы Махамбеттің «¥лы арман», «Сұлтан Баймағанбетке», «Жәңпрге», «Қызғыш құс» және т.б. өлең-жырларына арқау болған. Ол көтерілісшілердің қайсарлығын, Исатайдың көзсіз ерлігін жырлады. Сол кезде шығармашылық өнерін жаңа бастаған атақты күйші композитор Құрманғазы Сағырбайұлы өзінің алғашқы шығармасы - «Кішкентай» күйін Исатай Тай-манұлына арнады.
2. «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы аясында елімізде республикалық деңгейдегі Бозоқ, Ботай және Сарайшық — үш музей-қорығы ашылды.Ескерткіштерді қорғау үшін мемлекеттік мекеме болуы қажет екенін айтқан орталық басшысы бұл оларды қаржыландыруды жеңілдететінін де жеткізді. 
«Осы орайда, республикалық деңгейде үш қорық ашылды. Бұл үлкен жетістік. Оның ішінде, алғашқысы – Сарайшық, екіншісі – жылқы малы алғаш қолға үйретілген жер екенін бүкіл әлем мойындаған Солтүстік Қазақстандағы Ботай. Үшіншісі – Бозоқ»
«Киелі жерлер арқылы ел өз-өзін тану, тарихын, дәстүрін танудың маңызын түсінеді. Туристік сапармен сол жерлерді аралап шыққанда батыстағы ағайындар шығыстағы қасиетті жерлерді білсе, шығыстағы ағайындар оңтүстіктегі жерлерді білсе, сөйтіп, бүкіл Қазақстандағы қасиетті жерлер бәріне бірдей белгілі болса, бұл елдің басын қосады. Жобаның негізгі мақсаты да осы».
Сарайшықта отыз орындық жұмыс орны ашылады. Солтүстіктегі Ботай музей-қорығында да отыз адамдық жұмыс орны құрылмақ. Сол өңірлердегі азаматтар бұл киелі жерлерді қысы-жазы күтіп-баптап ұстайтын болады.
«Сонымен қатар бүгінде үш жерде сапар орталықтары салынып жатыр. Мәселен, Алматыдағы Тамғалы тасқа барсаңыздар, не күтіп алатын адам жоқ, не күтуші жоқ. Осы олқылықты жою мақсатында сапар орталығы сол жерде ашылады. Қалған екеуі Отырар және Ұлытауда ашылатын болады. Ендігі жылы Сарайшық қосылады, сөйтіп жыл сайын инфрақұрылым арта береді», — деп мәлімдеді спикер. 
Өңірлерде киелі жерлер үшін қаражат бөлініп жатыр. Мысалы, Шығыс Қазақстанда Берелге, қорық ретінде ашу көзделген Шіліктіге қаражат бөлінуде. 
«Сөйтіп, әр облыс өз өңіріндегі туризмді дамытуға өз үлестерін қосуда», — деп нақтылады ол. 
Б. Әбдіғалиұлы өңірлерде тағы қандай қасиетті жерлерді қосуға қатысты талқылаулар жүріп жатқанын айтты. Мақсаты — ескерілмей қалған киелі жерлерді есепке алу. Яғни, киелі жерлер тізімі әлі өзгеруі мүмкін, бұл жұмыстар жалғасын таба бермек. 
«Киелі жерлерді анықтағанда біз ескеретін негізгі критерийлердің бірі ол – аңыз. Өйткені бізде тек қана мазарлар мен үңгірлер ғана емес, сонымен қатар тас бар, су бар, тау бар. Олардың көнелігі емес, халықтың соған сеніп тағзым етуімен, аңызымен мықты».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет