Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақтардың эпикалық мәдениеті.
2. Ұлттық музей-қорық жобалары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі
Молтобарова К.И. «Мәдениеттану». - А, 2018.
Ғабитов Т.Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы». – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
Дәріс 10. XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
10.1. Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы. Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде. Шәкәрім шығармашылығы. Ы. Алтынсарин көрнекті ағартушы және педагог ретінде.
10.2. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов және т.б.
10.3. Қазақ тілі және оның ұлттың мәдени кодын сақтаудағы рөлі.
Дәріс мақсаты: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы анықтау.
Кілттік сөздер :жырау,қазақ халқы музыка және ақындық өнер,музей-қорығы.
Шоқан Уәлиханов әдебиет теориясының кейбір мәселелерімен де шұғылданады, қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген. Қазақ өлеңдерін ол 5 түрге бөлген, олар: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең. Бұл жөнінде Т.Н.Потанин: «қазақ халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін өркендетуге негіз сала алар еді» деген пікір айтқан еді. «Ш.Уәлихановтың халық ауыз әдебиетін, ертегілерді және мақал-мәтелдерді зерттеуі». Шоқан жас кезінен-ақ аңыз-әңгімелерді, жыр-дастандарды тыңдап, оны жинақтай білді. Қазақ халқы аңыз ертегілерде ешкімге зияны жоқ сарыбас жыланды, пәк аққуды, үні әдемі көкекті, сыланған тотыны, сайраған бұлбұл мен сандуғашты қазақтар ешқашан балаға жәбірлетпеген. Шоқан Қашқарға барған сапарында ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлері мен аса сирек кездесетін кітаптар алып қайтқан. Қашқарда жүргенде қолына «Тазкиряи Ходжагян» деген жазба түскен, ол жазбада қожалар әулиетінің тарихы баяндалады. «Қожалар тарихы», «Тарихи-Рашиди» кітабының жалғасы екенін анықтай түседі. Қазақ халқының ұлы перзенті Қашқардан «Сұлтан Бұғрахан тарихы», «Тоғылық Темірхан тарихы», «Қожалар тарихы» т.б. сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын жеке қаржысына сатып алады. Бұларға қосымша ұйғыр, иран тілдеріндегі тарихи жазбалар, шежірелер алып қайтады.Тәрбиелік мәні зор асыл мұра, әдебиетіміздің көне бай салаларының бірі – мақал-мәтелдер. Мақалдарда халық ойының ең түйінді,ең қысқа, дәл тұжырымдалған мәуелі жемісі жинақталған. Шоқан мынадай мақал-мәтелдерге көңіл аударған. «Не ексең, соны орарсың», «ексең егін, аларсың тегін», «Еңбегі көптің - өнбегі көп» тәрізді тәрбиелік маңызы зор пайымдаулар, халқымыздың еңбекті қадір тұтқанынан сыр тартады.
«Ақыл сақалда емес», «Құл князьдан артық біледі, бірақ айтуға дәрмен жоқ», «Өткір пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас», «жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Ақыл – дария екен, көңіл – дүлдүл екен», «сусыз жерде қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ» т.б. мақал-мәтелдердің ұтымды, ұтқыр жақтарына ерекше зер салған. «Шоқанның эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды зерттеуі» Ауыз әдебиетінің інжу-маржандары: «Ләйлі-Мәжнүн», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Қыз Назым», «Жүсіп-Зылиқа», «Еңлік-Кебек» сияқты ғашықтық дастандарды ұзақ таңға Шоқан сан рет тыңдаған және бала кезінен-ақ қағаз бетіне түсірген. Соның ішінде, әсіресе, халыққа өте кең тараған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырына ерекше ден қойған. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастанын орыстың ақыны А.С.Пушкин Оралға келгенде орыс тіліне аударып жазып алған. Қозы мен Баянның құрметіне қойылған ескерткіш Аягөз бекінісінен тоқсан шақырым жерде тұр. Дастанға 1500 жыл. Шоқан әсіресе Шөже ақынның айтқан нұсқасын жазып алған. Шоқанның эпостық жырына Иманбеков қосымша мынадай мәлімет жасады. Шоқан «Едіге туралы аңызды» 1842 жылы Арыстанбай деген ақынның айтуымен жазып алған. Шоқанның осы еңбегін 1905 жылы профессор П.М.Мелиоранский Петербургте бастырып шығарған. Шоқан бұдан басқа «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» т.б. эпостық жырларды зерттеген. Шоқанның ұзақ зерттегені «Едіге батыр».
ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рұсқұлов т.б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.
Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ хальққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.
Ахмет Байтұрсьнұлы азамат больш қалыптасқан кезең Қазақстанньң Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс келді. Патша үкіметінің 1867-1868 жане 1886, 1891 жылдары Қазастанда жүзеге асырған көп салалық реформалары (әкімішілік, сот, салық, т. б. мәселелерге байланысты) өлкеміздің империяньң отарлы аймағы, ал халқымыздың отаршылдардың боданына айналғандығын заңдастырды. Осыған орай патшаның жергілікті әкімшіліктері тарапынан әлеуметтік-саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Мұны Байтұрсыновтар әулеті де бастан кешірді. XIX ғасырдың сексенінші жылдарында өз ауылында жәбірлеп, қорлағаны үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті Ахметтің әкесі Байтұрсын соққыға жывққан. Сол үшін ол ұзақ мерзімге Сібірге жер аударылған. Бала Ахмет осындай озбырлықтың талайын көріп, тез есейген.
Достарыңызбен бөлісу: |