Пәннің мақсаты: білім алушылар әлемдік мәдениет пен өркениет контекстінде отандық мәдениеттің даму ерекшелігін, қазақ халқының мәдени кодын сақтау қажеттілігін түсінуді


Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет36/49
Дата08.03.2023
өлшемі408,27 Kb.
#72556
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1."Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде.
2. Дәстүр мен жаңашылдықтың динамикасын көрсетіңіз.
3. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізбесі

  1. Назарбаев Н.А. «НА пороге ХХI века». – Астана, 2016

  2. Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». – Астана, Ак Орда, 2017 / http://www.akorda.kz/ru

  3. Назарбаев Н.А. «Взгляд в будущее». – Астана, 2017.


Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары



Семинар сабақтары тақырыптарының атаулары

Қысқаша мазмұны

Сағат бойынша көлемі

1.

Мәдениет морфологиясы

  1. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы. 2. Архаикалық мәдениеттің негізгі өлшемдері мен отырықшы және көшпелі мәдениеттер арасындағы бөлінгіштік (дихотомиялар). 3. Мәдениет типологиясы: мәдениет типі түсінігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғай. құрылымдар.

1

2.

Мәдениет тілі

  1. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну. Мәдениет артефактілер әлемі ретінде. 2. Белгілер мен белгілер жүйесінің негізгі типтері. Табиғи белгілер. Қызметтік белгілер. Иконалық белгілер. 3. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде. 4. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі.

1

3.

Мәдениет семиотикасы

  1. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман, Э. Кассирер, О. Сулейменов. 2. Жаһандық мәдени код типтері: жазуға дейінгі (дәстүрлі), жазбаша (кітаптық) және экрандық, сандық. 3. Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері. Миф рәміздері.

1

4.

Мәдениет анатомиясы

  1. Мәдени кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер. 2. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника. 3. Діннің қоғамдағы мәдени өмір формаларына әсері.




1

5.

Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті

  1. Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. 2. Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Салт-дәстүрлері. Сақтардың Ежелгі медицинасы. 3. Орталық Азия (Қазақстан) көшпелілерінің негізгі мәдени және техникалық жетістіктері.

1

6

Арғытүркілердің мәдени мұрасы

  1. Көшпелі мәдениет дамуындағы прототүркі кезеңі. 2. Ғұндардың өнері. Ғұндардың аңдық стилі. 3. Мәдени ескерткіштерді, Қазақстанның ежелгі көшпелілерінің мәдени ареалы мен қалаларын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған мәдени саясаттың негізгі бағыттары.

1

7.

Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті

  1. Түркі және қазақ мәдениеті архетипіндегі ирандық компоненттер. 2. Түркі және ислам мәдениеттерінің өзара әсері мен өзара әрекеті. 3. Орталық Азиядағы қоғамдық және жаратылыстанулық ғылымдар. Университеттердің дамуы. 4. Әбу Әли ибн Сина және оның "Емдеу ғылымдары каноны" еңбегі

1

8.

Түркілердің мәдени мұрасы

  1. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. 2. Әл-Қашқари және оның түркі әдебиеті мен тілінің қалыптасуындағы рөлі. 3. Моңғолдық кезең және ортағасырлық Қазақстандағы түркі халықтары мәдениетінің дамуына ықпалы. 4. Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Материалдық және рухани мәдениеті, рухани құндылықтары, өнері мен медицинанын дамуы, діни наным-сенімдері мен салт-дәстүрлері.

1

9.

Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

  1. Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы. 2. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары. Спорттық ойындар. Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары. 3. Өмірлік кезең салттары: туылу, ер жету, өлім. Жерлеу рәсімі. Үйлену рәсімі.

1

10.

XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті

  1. Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы. Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде. Шәкәрім шығармашылығы. Ы. Алтынсарин көрнекті ағартушы және педагог ретінде. 2. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов және т.б. 3. Қазақ тілі және оның ұлттың мәдени кодын сақтаудағы рөлі.

1

11.

ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті

  1. Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет. 2. Қазақ зиялы қауымының қазақстандық мәдениет пен халықтың мәдени дамуындағы сабақтастықты сақтаудағы үлесі. 3. Қазақстандағы гуманитарлық ғылым. Қазақ халқының руханилығын сақтау, қазақ халқының ұлттық өзіндік санасын, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыптастырудағы қазақ гуманитаристикасы мен зиялы қауымының рөлі.

1

12.

Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті

  1. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер. 2. Қазақ мәдениетінің іздерін (паттерн) сақтау, қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтаудағы гуманитарлық зиялы қауымның рөлі. 3. Қазақ халқының мәдени бірегейлігін сақтау мен қазіргі қазақстандықтың мәдени-рухани келбетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, өз Отанына, ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақ халқының рухани мұрасы, рухани құндылықтарын, қазақ халқының мәдени кодын сақтау, әлемдік мәдениет құндылықтарына қосудағы отандық өнердің рөлі.

1

13.

Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті

  1. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі. 2. "Мәдени мұра" бағдарламасын, мұражай-қорықтар, Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштер жобасын жүзеге асыру. 3. Қазіргі қазақстандық жастар арасында оң қазақстандық руханилық пен құндылықтарды қалыптастыру, жалған және таңылған (мәдени, діни) бірегейлік формаларын жеңу.

1

14.

Қазақстанның мәдени саясаты

  1. Қазақстандағы рухани жаңғыру үдерістерінің әлеуметтік-мәдени астарлары. 2. Мәдени саясаттың қазақстандық моделі. 3. Қазақ мәдениетінің мәдени және өркениеттілік бірегейлік мәселесі.

1

15.

"Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасы

  1. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. 2. Табиғи ескерткіштерді жасау мен сақтау бағдарламасы Қазақстанның мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде. 3. Мәдени туризмнің дамуы және оның "Туған ел", "Қазақстанның сакральды географиясы", "Жаһанданған әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет", "Сандық Қазақстан" жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі.

1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет