Пәннің мақсаты мен міндеттері


Әртүрлі аурулар кезіндегі сөйлеу тілі



бет42/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

4 Әртүрлі аурулар кезіндегі сөйлеу тілі
Соңғы уақытта психолингвистикада өзекті болып Альцгеймер ауруымен ауыратын адамдардың сөйлеу тілінің жағдайы, өйткені Альцгеймер ауруымен ауыратын адамдардың саны өсуде. Олар сөйлемдегі бір сөзді қайталайды, бірдей интонациямен айтады. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей бұл адамдарда лингвистикалық жағы бұзылмаған (абстрактілі, ұзақ сөздерді түсінеді) есте сақтауы бұзылған.
Паркинсон ауруымен ауыратын адамдардың дем алуы бұзылған, сөйлеу тілінің артикуляциясын бұзады. Сөйлегенде үзілістерді көп жасайды. Просодикасы бұзылған. Автоэхолалия байқалады (өзі айтқан сөздерді, буындарды қайталайды). Сөзге деген есте сақтау қабілеті жоқ, сөйлегенде өзіне сенімсіз, кейде мутизм болады. Қабылдаудың бұзылуы (АDD) сөйлеу тілінің мазмұнын ұзақ уақыт сақтай алмайды. Бұл зерттеулер емдеу үшін қажет.
5 Сөйлеу тілінің физиологиялық орталығы
Сөйлеу тілі адамға интеллектің көмегімен ғана пайда болмайды, сөйлеу тілі екі орталықтың Брок және Верник әсерімен пайда болады.
Француз Поль Брок 1861ж адамның миында сөйлеу тілінің орталығын ашты (кейінірек Брока орталығы артында орналасқан) солақайларда – оң жақта.
Егер Брок орталығы зақымдалса адам сөзді түсінеді, бірақ сөйлемде сөздерді құрай алмайды.
Екінші орталық сол жақ жартышардың самай жақта орналасқан. Бұл орталықты 1874ж. нем. ғалымы К. Верник ашты. Верник орталығы зақымдалса басқа адамадардың сөздерін түсінбейді (қабылдамайды). Екі орталық өзара және басқа орталықтармен байланысты қимылдау орталығы (Брок), есту орталығы (Верник)


6 Сөйлеу тілінің бұзылыстары
Сөйлеу тілінің бұзылыстары психикалық, функциялардың жетілмеуінен немесе күрделі органикалық ауықтқулардың себебінен пайда болады.Бас миының зақымдануынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуын А фазия деп атайды. А фазияның көп түрі бар:
Акустико- гростикалық сенсорлы афазия. Сенсорлы афазияны ең алғаш рет нем. психиаторы вернек сипаттады. Афазияның бұл түрінің ерекшелігі естіген сөзді қабылдау түсінігі бұзылады.
Акустико- мнестикалық афазия самай миының орталық және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдануынан пайда болады (Лурия А.Р., Цветков Л.С.).
Естіген сөзін жадында сақтауының бұзылуы афазияның бсақа түрлерінде де байқалады, бірақ бұл кемістік тек акустико-мнестикалық афазияның ғана негізгі ақаулығы.
Семантикалық афазия басшының жартышарының артқы төбе аймағындағы сөйлеу тілі жөнінен үстемділік (доминантты) орталықтарының зақымдануынан пайда болады. Бір сөздің орнына бүкіл сөйлемді айтады. Ия әдгі жазатын сол қанатты, мақал-мәтелдерді мүлдем түсінбейді.
Афферентті моторлы афазия – күрделі буындардың құрамын таңдаудың қиындығы, дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады. Төн, жаз, мал – т-он, ж-аз, м-ал
Эфферентті моторлы афазия – орталық ми тамырларының сол жағындағы тармақтарының зақымдалуынан пайда болады. Сөйлеу мүшелерінің бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуына мүмкіндік болмауының салдарынан персеверация болады.
Динамикалық афазия – сөзді қиналып айтатындығы, емін-еркін сөйлеуге мүмкіндігі жоқ. Жеке дыбыстар дұрыс айталады, бірақ сөйлеу тілінің қызмет қатынасы бұзылады. Сөйлеуінде мәнерлігі жоқ. Динамикалық афазияда оқуымен жазуы сақталған, сөйлеуін қалпына келтіру мақсатында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет