Пәннің мақсаты мен міндеттері
Психолингвистиканы жеке пән ретінде оқытудың басты мақсаты – тіл білімінің барлық салаларынан жан-жақты хабары бар, әсіресе дәстүрлі ғылымдардың бірнешеуінің басын біріктіретін лингвистикадағы жаңа ғылыми бағыттардың теориялық негіздемелерінен қаруланған, ХХІ ғасырдың тілші мамандарын дайындаудан туындайды.
Міндеттері: Психолингвистика лингвистикалық пәндер кешенінің бір бөлігі ретінде сөйлеудің құрылуы және оны қабылдау үдерістері, сондай-ақ адамның қатынас жасау және ойлау психологиясы аясындағы мәселелерді қарастырады. Ұсынылып отырған курс сөйлеу әрекеті теориясына, когнитивтік лингвистикаға, бакалавриатта қатар оқытылатын жалпы филологиялық пәндердің барлық кешеніне, ана тілі және басқа тіл иелері менталитетінің ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне, сондай-ақ психология мен әлеуметтану, әлеуметтік тіл білімінің бастапқы білімдеріне негізделеді.
Құзыреттілік (оқытудың нәтижелері):
- тілдік құбылыстарды психолингвистикалық тұрғыдан сараптаудың өзіндік ерекшеліктерін таниды
- адамның тілдік және сөйлесім механизмі және оның қызметіне сипаттау жүргізеді
- адамның сөйлесім әрекеті мен психикалық әрекетінің, сөйлеу әрекеті мен ойлау әрекетінің арасындағы сабақтастықты айқындайды
- адамның сөйлесім механизміндегі сөздердің рөлін көреді
- сөйлесім механизміндегі туа біткен және жүре қалыптасқан қабілеттердің тілді меңгеру мен пайдалануға қатысын айқындайды
- сөйлеу үрдісін және сөйлесім әрекетін моделдеуді үйренеді.
Пререквизиттер: Психология, педагогика, философия,медицина,нейрология
Постреквизиттер: Паралингвистика, этнолингвистика, танымдық лингвистика.
І. Пәннің технологиялық картасы
Достарыңызбен бөлісу: |