Пәннің мақсаты мен міндеттері


Дәріс №8 Патопсихолингвистика



бет40/63
Дата19.10.2023
өлшемі5,27 Mb.
#119155
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
psiholingvistika. k-20-1

Дәріс №8 Патопсихолингвистика
Тірек сөздер: Эмоция, ассоциативті, психопатия, маниякальді, депресия, эпилепсия
Патопсихолингвистика – сөйлеу үрдістерінің қалыптасу кезіндегі патологиялық ауытқуларын зерттейді.
1 Эмоционалды толқу кезіндегі сөйлеу тілі
Эмоционалды толқу күйі- адамның уақыты тығыз болған жағдайда маңызды шешім қабылдағанда, емтихан уақытында, басшымен сөйлескенде, жақын адаммен қарым-қатынасты анықтағанда пайда болады. Эмоционалды толқу кезінде адамның психологиялық күйі мен сөйлеу тілінің барлық компоненттері бұзылады.
Э.Л. Носенконың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, эмоционалды толқуға келесі сипаттамалар тән:
1) Адам толқып тұрған кезде қатты сөйлейді немесе жай сөйлейді. Сөйлегенде демалулар жиі болады және сөйлемдерді аяқтамайды.
2) Үзілістер көп болады, үзіліс кезінде көптеген еріксіз дыбыстар шығарады (ээ, кх, мм, ух, гм). Бұл дыбыстар қалыпты күйдегі адамдармен салыстырғанда 50% көп.
3) Сөйлеу тілінің грамматикалық жағы да өзгереді. Етістік пен бастауышты көп қолданады.
4) Сөйлеу тілінің лексикалық жағы өте қарапайым болады, қысқартылған сөздерді көп қолданады.
Бір сөзді немесе сөйлемді қайталайды (персеверация)
Егер адамға эмоционалды толқу кезінде ассоциативті эксперимент жүргізсек, біз оның қалыпты күйде өткізген эксперименттің айырмашылығын көреміз. Егер қалыпты жағдайда адам бір сөзге баяндауышты қолданса, ал эмоционалды толқу күйінде бір сөзге зат есімдерді қолданада.ы
Таңқаларлық бір жай әртүрлі зерттеушілердің қабылдау жылдамдықтары әр түрлі болады. Мысалы: егер зерттелуші ынжық (тормоз) болса бұл адамдар сөйлемнің соңғы бөлігін жақсы есте сақтайды.
Ал қозғыш типтегі адамдардың қабылдау реакциясы шапшаң және сөйлемнің басын жақсы есте сақтайды.
2 Сананың ауысу кезіндегі сөйлеу тілінің қалпы
Соңғы уақытта сананың ауысуын зерттей бастады. Сананың ауысқан күйі әртүрлі жасанды жағдайлардың салдарынан болған ағзаның күйі (уыр температурада жұмыс істейтін адамдарда; судың астында, космоста, таудың шығуында) психофармакологияық терапиямен гипнозбен емделген адамдарда және алькогольмен есірткемен қолданатын адамдарда сааның өзгеруі байқалады.
Д. Спивактің мәліметі бойынша бұндай адамдарды сөйлеу тілі өзгереді. Бұларда лексиконның төмендеуі, қателерді көп жібереді, бір сөзбен айтқанда,санасыз сөйлеуді, сөздерін бақылай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет