1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұматтар
Едігенова Алма Жүнісбекқызы - доцент м.а., п.ғ.к.
Тарих-педагогика факультеті, «Психология» кафедрасы
Байланыс ақпараты: №3 оқу корпусы, кабинет № 102
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
Психология тарихы психологиялық білімдер жайлы көзқарастардың пайда болуын, психология пәнінің өзгеруіне байланысты психологиялық ғылымдардың дамуын, сондай-ақ психикалық құбылыстардың табиғаты жайлы мәселелерді қарастырды. Психология тарихы оның негізін салушы ізашаралардың ғылыми мураларын ұқыпты, құнттап қарауға, одан ғылымның әрі қарай дамуына қажет өшпес идеяларды алуға, ғалымдардың жаңқиярлық еңбектерін бағалауға үйретеді. Психология тарихын зерттеу арқылы бүкіл психологиялық болмысты жүйелі қарастыру қалыптасады және ғасырлар бщйы дамып келген әрі қазіргі психологияның ұғымдар аппаратына енген ғылымның негізгі категорияларын меңгеру жүзеге асады.
Курс шетелдік психологиямен бірге отандық психологиямен бірге отандық психология тарихында қамтиды. Арнайы түрде Шығыс, соның ішінде, Қазақстан ойшылдарының психологиялыұ көзқарастарына көңіл аударылады. ТМД елдеріндегі психологияның қазіргі жай-күйі көбінесе кеңестік кезеңде жасалған зерттеулермен анықталады, сондықтан психология тарихы курсында отандық психологиялық ғылымдарының дамуына марксизмнің әсері де көрсетіледі.
Сонымен, осы курс беретін білім студенттің практикалық жағынан дайындалынғының дәрежесін өсіреді, өйткені негізгі психологиялық әдістер туралы білім береді, зерттеудің мақсатына сәйкес әдістің дұрыс таңдауын үйретеді, экспериментті дұрыс түрде қалыптастыруы туралы, алынған мәліметтерді талдап интерпретациялау туралы білім береді.
1.3 Пәннің мақсаты: студенттерді психология тарихының өзекті проблемаларямен, зерттеу әдістері мен әдіснамалық мәселелерімен таныстыру. Психология тарихындағы бағыттар мен мектептердің, ағымдардың қалыптасып дамуын және хронологиясын білу.
1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
психология тарихы туралы білімдерін қалыптастыру;
басқа психологиялық пәндерден алған білімдерін жүйелеу.
психология ғылымының даму логикасын түсіндіру.
Осы оқу курсында әлемдік және отандық тарихтың, философияның, көркем әдебиет өмірбаяндық әдебиеттердің, өнердің материалдарын пайдалану қажет. Сондықтан, курс студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық циклдегі (философия, Қазақстан тарихы, мәдениеттану ) сәйкес пәндерді оқып білуімен тығыз байланысты.
1.5 Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі қажет:
- Қазіргі заманғы отандық және шетелдік психологияның тарихи негіздерін білуі керек;
- Психология тарихының әдіснамалық негізін білуі керек;
- Психология тарихы саласын оқып-зерттеудің әдістерін қолдана алуы керек;
- Психология тарихының методологиялық, теориялық және әдістемелік негіздерін түсінуі керек;
- Психология тарихының негізгі бағыттарын, теорияларын және психологиялық концепциялардың қазіргі заманғы даму тенденцияларын түсінуі керек;
- Психология тарихының әдістемелерін қолдану тәжірибесін жинақтауы керек;
- құзыретті болу: психология тарихы бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау және іздестіру дағдыларын меңгеруде;
- психологиялық тарихи фактіні талдауда өз позициясын ғылыми дәлелдеуде.
1.6 Курс пререквизиттері:
1.6.1 Әлеуметтану;
1.6.2 Философия;
1.6.3 Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе;
1.6.4 Жалпы психология-1;
1.6.5 Жалпы психология-2;
1.6.6 Жалпы психология-3;
1.6.7 Жас ерекшелігі және әлеуметтік психология т.б.
1.7 Курстың постреквизиті: пән туралы білім мамандық бойынша тиісті білім, іскерлік және дағдыны меңгеру үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |