Пәннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)



бет2/5
Дата07.11.2022
өлшемі183,5 Kb.
#48282
1   2   3   4   5
1.3 Пәнді оқыту мақсаты
Қарапайым теория, интегралдардың бірқалыпты жинақталуы, интегралдардың бірқалыпты жинақталуын пайдалану, Эйлер интегралдардың негізгі әдістері мен нәтижелерін жүйелеп баяндау. Логикалық және алгоритмдік ойлауды жетілдіру. Математикалық есептерді шешу мен зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру. Болашақ мұгалімдердің кәсіптік педагогикалық дайындығын беріктеп, алған теориялық білімнің аясын кеңейту. Математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдану.


1.4 Пәнді оқытудың міндеттері
Табиғат заңдылықтарын әрекетін, математикалық ұғымдар мен әдістеріне мысал келтіре отырып студенттерге жеткізу, ғылыми тұрғыдағы мәнін, математиканың ерекшелігі және техникалық дамуды жүзеге асырудағы оның алатын орнын түсіндіру. Студенттерге зерттеу тәсілдері мен математикалық есептерді шешуді үйрету; студенттерде алынған нәтижені талдау шеберлігіне жаттықтыру, математика және оның қолданылуы жайлы әдебиеттермен өздігімен жұмыс жасауға оларды дағдыландыру.
Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті – осы әзірленіп отырған жұмыс бағдарламасында көрсетілген барлық тақырыптарды, онымен байланысты түгел теориялық және практикалық мәселелерді оқып үйрену, сөйтіп жоғары да көрсетілген мақсатқа қол жеткізу болып табылады.


1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)
Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:
білімі:
- курсты толық оқыған студенттердің міндеттері: параметрге байланысты интегралдарды есептеудің теориялық негіздерін және әдістерін;
іскерлігі:
- курста қарастырылатын теоремаларды, дәлелдеу, формулаларды қорыту, ұсынылған әдебиеттерді пайдалану, параметрге байланысты интегралдарды есептеудің негізгі түсініктері мен әдістерін қолдана білу;
дағдысы:
- анықтамалар мен теоремаларды есептерді шешуде қолдану дағдыларын меңгеруі керек; объектілер арасындағы сандық және сапалық арақатынастарды өрнектеу үшін математикалық белгілерді қолдануда тәжрибесі болуы; нақтылы процесстерді және құбылыстарды қарастырғанда математикалық аппаратты пайдалана біліп, қарапайым аналитикалық есептерді шешу дағдысы болуы;
құзыреттілігі: параметрге байланысты интегралдар аумағынды базалық білімді көрсетіп, оларды әртүрлі есептерді шығарғанда қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет