2-тапсырма. С.Мырзабековтің «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» еңбегінен «Дауысты дыбыстар, оның түрлері» деген тақырыпты конспект жасаңыз.
3-тапсырма. Дауыстылардың монофтонг, дифтонг болып бөліну себебі, олардың ерекшеліктері қандай?
Негізгі әдебиет:1. [1.7: 7], 2. [1.7: 8], 3. [1.7: 9].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].
№ 3 БАӨЖ тақырыбы: Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
Тапсырмалар 1-тапсырма. Әрбір дауысты, дауыссыз фонеманы салыстыра отырып, олардың бір-бірімен ұқсастығын және бірінен екіншісінің айырмасын көрсетіп жазыңыз.
Ақын сияқты күйшінің де ашынытын, өнер ашатын кезі бар (Т.Ә.). Омар бір оңаша қалып өз тіршілігіне өзі бір оқшаудан оқшия қарап, көз салғаны осы еді (Ш.М.). Жүз мың аттың тұяғының баспаған жері жоқ (Ә.К.). – Бота! – деген жіңішке дауыс құлағына тигенше, Ботагөз бетінен алақанын алған жоқ (С.М.).
2-тапсырма.Өлең шумақтарындағы сөздердің дауысты, дауыссыз фонемаларын түгел теріп жазып, олардың әрқайсысын жеке-жеке акустикалық-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай толық мінездеме беріңіз.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй…(А.).
3-тапсырма.Орфография деген не? Оның қоғам өмірінде алатын орны туралы баяндаңыз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 10].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 3], 2. [1.7: 8].
№ 4 БАӨЖ тақырыбы: Буын түрлері.
Тапсырмалар 1-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп, түр-түріне ажыратыңыз.
Салтанаттың мінез-құлқы мен армандағандай болып шықты. Ол той өткен соң-ақ үй ішінің тірлігіне араласып кетті. Апам алғашқы кезде: " Ойбүй, қарағым, өзім-ақ істеймін. Бұл тірлік біткен бе, кейін де жетер, әлден не қыласың", – деп шыр-шыр етіп, оны ауыр жұмысқа жолатпайды. Бірақ ол: "Кейін тірлік болса бола жатар, апа. Жұмыссыз қайтіп отырамын, маған беріңіз", – деп апамның иығынан әпкішін алып сонау құдықтағы суға кетеді, не Нәкәлай заманынан қалған нән сары самауырды майыса көтеріп далаға алып шығады… (Д.И.).
2-тапсырма. Сөз ішіндегі буын түрлерінің орналасу тәртібіне көңіл аударып, түсінік беріңіз.
“ – Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола береді. “Күндестің күлі күндес” дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол. Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айрылма!” (М.Ә.).