Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері


«Қазіргі қазақ тіліні» пәнінің мақсаты



бет3/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

«Қазіргі қазақ тіліні» пәнінің мақсаты –сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесі, дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.
Пәннің міндеттері:
– фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру;
– қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау;
– тіл дыбыстарын игерту; – дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
– дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту; – буын, екпін, тасымал туралы түсінік беру;
– дыбыстардың бір­біріне әсер ету заңдылыұқтарымен таныстыру, дыбыстық өзгерістердің түрлерімен таныстыру;
– орфография принциптерімен таныстыру;
– қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясынан толық түсәнәк беру. «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының» теориялық бөліміндегі тақырыптар практикалық бөлімде талданады. Бағдарламада «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасын» оқытуда сүйенетін негізгі әдебиеттер мен соңғы ғылыми­зерттеулер қамтылды.
Курс пререквизиттері: Жергілікі тіл ерекшелікері, Қазақ далекологясы;
Курс постреквизиті: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы:
КУРС МАЗМҰНЫ
Фонетика– тіл білімінің бір саласы.
Фонетиканың зерттеу нысаны. Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т.б);оның синхрониялық, статистикалық, диахрониялық фонетика сияқты зерттеу әдістері: зерттеуде қолданылатын амал­тәсілдер (акустикалық, соматикалық, т.б.) туралы.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілі қазақ ұлтының ажырамас бір бөлігі. Сондықтан ұлттың даму кезеңдері мен ерекшеліктері, мәдени­рухани өмірі оның тілінде таңбаланады. Қазақ халқының тілдік қарым­қатынасы басқа да халықтар сияқты дыбыстық тілге негізделіп, өзімен бірге дамып келеді. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен оның дамуы, өзіне тән ерекшеліктері фонетика пәнінің теориялық негізін құрайды. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының негізгі зертеу объектісі – тіл дыбыстары. Табиғи дыбыстардың тіл дыбыстарымен арақатынасы, тіл дыбыстарының жасалуы, олардың сапасы, тілдің ең кіші бөлшегі ретіндегі дыбыстардың қызметі, қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, дыбыстардың бір­біріне әсері, орфография мен орфоэпия, қазақ графикасының дамуы мен қазіріг жай­күйі туралы нақты ғылыми түсінікті фонетика береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет